26/11/2022
Қазақ күресінен мешіті қызметкерлері мен жамағаты арасындағы турнир, фотолар
Бағдарламаның басты мақсаты мешіт жамағаты арасында бұхаралық спортты дамыту және дәріптеу
26/11/2022
Қазақ күресінен мешіті қызметкерлері мен жамағаты арасындағы турнир, фотолар
26/11/2022
26/11/2022
БОЗКІЛЕМДЕ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дәстүрлі өнеріміз қазақ күресінен кезекті турнир мәресіне жетті. Бұл жолы ұлттық күресімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған турнирде мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен «Ұлттық мұра» бағдарламасының мұрындық болуымен биыл төртінші рет өтті. Осыған дейінгі жарыстарда мешітке келуші жамағат қана өзара белдессе, бұл жолы мешіт қызметкерлері арасындағы балуандар да өзара сайысқа түсті.
- «Биылғы ерекшелігіміз – мешіт жамағатымен қатар мешіт өкілдерін де жарысқа қостық. Жарыс қарсаңында екі ай бойы мешіт қызметкерлері жарақат алып қалмас үшін арнайы дайындықтан өткіздік. Тағы бір айта кетер жай бұл жарысымызға кәсіби балуандардың қатысуына тыйым салынған. Қазақ күресі федерациясынан келген мамандар кешегі салмақ өлшеу рәсімінен бастап, тіпті бүгінгі жарыс барысында да қатысушылар арасында спорттық дәрежесі бар кәсіби спортшылардың қатыспауын қадағалап отыр» - деді «Ұлттық мұра» бағдарламасының менеджері Әлия Шайхан.
Жүлде қоры қомақты болғандықтан да кәсіпқой спортшылардың да қатысуға қызығушылығы болғаны рас. Алайда қырағы қазылар кәсіби деңгейі жоғары балуандардың біразын турнир барысында жарыстан шеттетті.
Турнир ҚР қазақ күресі бекіткен ережеге сәйкес өткізіліп, қатысушылар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынады. Мешіт жамағаты арасындағы жарысқа 45 балуан тіркеліп, бәрі де бозкілемде аянып қалмады. 75 келіге дейінгі салмақта іріктеу белдесулерінен іркілмей өткен Азамат Жарасов пен Аманкелді Асыл финалға шықты. Бас жүлде үшін өткен басты белдесуде бағы басым болған Азамат Жарасов жеңімпаз атанды. 75 келіден жоғары салмақтың жүлдесін Кенжехан Төлепов пен Саят Ысқақ өзара сарапқа салды. Қос мықты бір-біріне әдіс жасай алмай біразға дейін алысты. Тек үш бірдей ескерту Саят Ысқақ алып қалғандықтан Кенжехан Төлепов жеңімпаз деп танылды.
Екі ай бойы осы турнирге қатысу үшін арнайы дайындықтан өткен мешіт кызметкерлері арасындағы белдесулер де тартысты өтті. 75 келіге дейінгі салмақта «күш атасын танымас» - деген қағиданы тағы бірет дәлелдей білген Елдос Жортымов чемпион атанды. Ол өзінен 15 келі ауыр әрі еңселі қарсыласы Бақтияр Нұрмахановты тізе бүктірді. Ал алыптар белдесуінде Руслан Қайыргелдіні жеңген Абзал Тұрарбеков жеңімпаз атанды.
- «Алдымен жарысты ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Екі ай бойы біздің тыңғылықты дайындалуымызға жағдай жасады. Сондықтан да балуандардың бәрі де мықты болды. Менің салмағым 58 келі болса, финалдағы қарсыласымның салмағы менен 15 келідей артық болды. Әрі ол кезінде еркін күреспен айналысқан. Ал мен болсам мектепте жүргенде күреспен шұғылданған едім. Бұл жолы менің бағым жанды» - деді турнир жеңімпазы Елдос Жортымов.
Турнирді арнайы келіп тамашалаған Алматы қаласының бас имамы Төле би Оспан жарыс соңынан жеңімпаздарды марапаттады. Чемпион атанған балуандарға 150 мың теңге мен арнайы белбеу табысталды. Екінші орын иегерлері 100 мың теңге алса, қола жүлдеге қол жеткізгендер 50 мың теңгені қанағат етті.
Жарыстың мақсаты – ұлттық спортымызды дамыту, оның ішінде қазақ күресі арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, мешіт қызметкерлері мен жамағатын спортпен айналысуға шақыру болатын. Осылайша ұлттық спортымыз тағы бір рет дәріптеліп, күрестің осы түрі дәстүрімізбен ғана емес, дінімізбен де астасып жатқандығының куәсі болдық.
Мешіт қызметкерлері мен жамағаты арасындағы қазақ күресі турнирінен бейнекөріністер.
22/11/2022
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИРГЕ ШАҚЫРАМЫЗ.
Қазақ күресі – күрестің атасы, ұлттың рухы. Ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дәстүрлі спортымыз. Күрестің осы түрі дәстүрімізбен ғана емес, дінімізбен де астасып жатыр. Имамдарымыз тек уағыз айтып, мешітте намаз оқумен шектелмей, халық арасында спортты өз амалдары арқылы насихаттап келеді. Сондай спорттық шара алдағы сенбі, 26 қараша күні өтеді. Бұл жобаны «Ұлттық мұра» бағдарламасы мен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы бірлесе қолға алып отыр.
Жарыстың мақсаты – ұлттық спортымызды дамыту, оның ішінде қазақ күресі арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Жастарды спортқа тартып, олардың бойына отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру және мешіт қызметкерлері мен жамағатын спортпен айналысуға шақыру.
Ұйымдастыру және өткізу Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшылығымен жүзеге асырылады.
Жарысқа дайындалу және өткізуге байланысты мәселелерді шеші «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы ЖШС бірлесіп жүргізеді.
Турнир ҚР қазақ күресі бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі.
18-40 жас аралығындағы мешіт жамағаты арасындағы қатысушылар екі салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.
18 жастан жоғары мешіт қызметкерлері екі салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі: -75 келіге дейін және +75 келі салмақтағы балуандар.
Турнирге қатысуға өтінімдер 25 қарашаға дейін мына телефон номері арқылы қабылданады : +7 747 180 17 08 Әлия Шайхан.
Салмақ өлшеу рәсімі – 25 қараша 12:00-17:00.
Өтетін уақыты – 26 қараша 2022 жыл
Басталуы – 10:00
Өтетін орны – Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы. Әл-Фараби даңғылы, 176.
КЕЛІҢІЗДЕР, ҚАТЫСЫҢЫЗДАР, ЖАРЫСЫМЫЗДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!
22/11/2022
ПРИГЛАШАЕМ НА ТУРНИР ПО ҚАЗАҚ КҮРЕСІ СРЕДИ СОТРУДНИКОВ МЕЧЕТИ И ПРИХОЖАН МЕЧЕТЕЙ
Қазақ күресі - это особый вид национального спорта, который неразрывно связан с жизнью народа и передавался как достояние из поколения в поколение. Этот вид борьбы переплетается не только с нашими традициями, но и с нашей религией. Наши имамы не только проповедуют и молятся в мечети, но и пропагандируют спорт среди населения своими методами. Такое спортивное мероприятие состоится в предстоящую субботу, 26 ноября. Данный проект реализуется совместно программой «Ұлттық мұра» и Управлением по делам религий города Алматы.
Цель соревнований – развитие национального спорта, в том числе пропаганда здорового образа жизни. Привлечение молодежи к спорту, формирование у них чувства патриотизма и создание условий для занятий спортом работников мечети и прихожан мечетей.
Организация и проведение осуществляется под руководством Управления по делам религий города Алматы.
Решение вопросов, связанных с подготовкой и проведением соревнований, проводится совместно с ТОО спортивно-оздоровительный центр "Олимп".
Турнир проводится в соответствии с Положением, утвержденным федерации қазақ күресі РК.
Участники среди прихожан мечетей в возрасте от 18 до 40 лет соревнуются в двух весовых категориях.
Сотрудники мечети старше 18 лет соревнуются в двух весовых категориях: борцы до -75 кг и +75 кг.
Заявки на участие в турнире принимаются до 25 ноября по телефону: +7 747 180 17 08 Алия Чайхан.
Процедура взвешивания-25 ноября 12: 00-17: 00.
Время проведения-26 ноября 2022 года
Начало-10:00
Место проведения – киностудия Казахфильм им. Ш. Айманова. Проспект Аль-Фараби, 176.
ПРИХОДИТЕ, УЧАСТВУЙТЕ, СПЕШИТЕ СТАТЬ ПОБЕДИТЕЛЕМ НАШЕГО СОРЕВНОВАНИЯ!
23/10/2022
В ЧЕСТЬ «ДНЯ ДУХОВНОГО СОГЛАСИЯ» ПРОШЛА СПАРТАКИАДА.
18 октября - «День духовного согласия». В честь праздника в рамках программы «Ұлттық мұра» в Алматы прошла очередная спартакиада. В ходе спортивного мероприятия участники состязались в таких видах спорта, как: перетягивание каната, армрестлинг, гиревой спорт, қошқар көтеру, асык ату, мини-футбол.
Как всегда особое внимание публики привлекло состязание по «қошқар көтеру». По условиям соревнований, баранов, которые используются в состязании, забирает победитель. В первой группе победителем стал Айдын Нугуманов. Он поднял барана 54 раз за 2 минуты. А второй «қошкар» достался Бауыржан Абдыкаимову. Он даже поднял 58 раз за две минуты.
Зрелищным получился и турнир по поднятию гири. Его победителем оказался Айдын Нугуманов, который поднял железный снаряд 101 раз. Абзал Тлеубаев сделал это 72 раза. А бронзовым призером здесь стал Сайфулла Маликов у которого 71 повторений.
В турнире по перетягиванию каната победа осталась за командой «Аскар», которые одолели в финале команду «Кудайберген». Третье место заняла команда «Заря».
Диас Серікбаев стал победителем в национальной игре асық ату. А в соревновании сильнейших джигитов по армрестлингу всех соперников превзошел Абзал Тлеубаев.
На футбольном турнире выступили 28 команд. «Алгабас» и «Арлан», прошедшие как групповой этап, так и плей-офф, разыграли главный приз между собой. В финальном матче команда «Алгабас» одержала победу и стала чемпионом спартакиады. Призовую тройку замкнула команда «Иле-Алаш».
По окончании соревнований победителям и призерам были вручены ценные подарки.
Основная цель проекта - популяризация среди прихожан мечетей физкультуры, спорта и здорового образа жизни. Она рапространяется и на приверженцев нетрадиционных течений ислама, для которых это возможность увидеть позитивную сторону благородной религии.
Фото: Ольга Апельганец https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0SNyGyjhiwDXZAHp8XbZudzi3XVEJ8ceL25cxHo1TR4y7bVQaJq2rpjUY3pYAD12fl&id=100069526894866
23/10/2022
«РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ» ОРАЙ СПАРТАКИАДА ӨТТІ.
18 қазан - «Рухани келісім күні».
Татулықты ту еткен мерекенің құрметіне орай Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшылығымен «Ұлттық мұра» бағдарламасы аясында Алматыда кезекті спартакиада өтті.
Бұқаралық-спорттық шараның шартына сәйкес 16 жастан асқан Алматы қаласының тұрғындары қатысуға мүмкіндік алды. Аталған шара барысында қатысушылар: арқан тарту, армрестлинг, гір тасын көтеру, қошқар көтеру, асық ату, мини-футбол секілді спорт түрлерінен бақ сынады.
Жиналған жамағаттың назарын өзіне аударған – «Қошқар көтеру» сайысы болды. Өйткені жеңімпаз атанған балуан қошқарды жетектеп қайтады. Бәске екі бірдей қошқар тігіліп жиналған көпшіліктің өз бақтарын сынап көрулеріне мүмкіндік берілді. Алғашқы топта Айдын Нұғыманов 54 рет көтеріп жеңіске жетсе, екінші топтан Бауыржан Әбдіқайымов ешкімге дес бермеді. Ол тіпті екі минут ішінде 58 рет көтерді.Гір тасын көтерген білекті жігіттер де көпшілікті тамсандырды. Тасты 101 рет әуелеткен Айдын Нұғыманов бас жүлдені иеленсе, 72 рет көтерген Абзал Тілеубаев екінші орынға тұрақтады. Жүлделі үштікті 71 рет көтерген Сайфулла Маликов түйіндеді.
Арқан тартқанда ұйымшылдық танытқан «Асқар» тобының апайтөс жігіттері топ жарды. Финалда есе жіберіп алған «Құдайберген» тобы 2-орын, ал «Заря» тобы 3-орынға тұрақтады.
Ұлттық ойын – асық атуда мергендігімен көзге түскен Диас Серікбаев жеңімпаз болды. Ал білекті жігіттердің бәсекесі – армрестлингте Абзал Тілеубаев мықты екенін дәлелдеді.
Футбол турнирінде 28 команда өнер көрсетті. Топтық кезеңнен де, плей-ооф ойындарынан да мүдірмей өткен «Алғабас» пен «Арлан» командалары бас жүлдені өзара сарапқа салды. Тартысты өткен финалдық ойында «Алғабас» футболшылары жеңіске жетіп, чемпион атанды. Ал, жүлделі үштікті «Іле-Алаш» командасы түйіндеді.
Жарыс соңынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ФОТО: Ольга Апельганец https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0SNyGyjhiwDXZAHp8XbZudzi3XVEJ8ceL25cxHo1TR4y7bVQaJq2rpjUY3pYAD12fl&id=100069526894866
23/10/2022
Рухани келісім күніне орай өткен спартакиада, фотолар
17/10/2022
📣«РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ» ОРАЙ ӨТЕТІН СПАРТАКИАДАҒА ШАҚЫРАМЫЗ.
18 қазан - «Рухани келісім күні». Бұл күн - еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі.
Татулықты ту еткен мерекенің құрметіне орай «Ұлттық мұра» бағдарламасы аясында Алматыда кезекті спартакиада өтеді.
Аталған шара барысында қатысушылар: 🪢арқан тарту, 💪армрестлинг, 🏋️гір тасын көтеру, 🐏қошқар көтеру, асық ату, ⚽мини-футбол секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.
Бұқаралық-спорттық шараға 16 жастан асқан Алматы қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.
Ұйымдастыру және іс-шараны өткізу Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшылығымен жүзеге асырылады.
Тікелей жарыстарға дайындалу және өткізуге байланысты мәселелерді шешу «Олимп» спорттық-сауықтыруорталығы» ЖШС бірлесіп жүргізеді.
🎁Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталады.
🎯Өтетін орны: «Арман» футбол алаңы. Шевченко көшесі , 111
Өтетін уақыты: 23 қазан 2022 жыл.
Басталуы: 🕐13:00-18:00
🚶КЕЛІҢІЗДЕР, ҚАТЫСЫҢЫЗДАР, ЖАРЫСЫМЫЗДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!
📣ПРИГЛАШАЕМ НА СПАРТАКИАДУ, ПОСВЯЩЕННУЮ «ДНЮ ДУХОВНОГО СОГЛАСИЯ».
18 октября - «День духовного согласия». Этот день – Праздник единства и мира, стабильности и солидарности между различными национальностями и традиционными религиями нашей страны.
В честь праздника в рамках программы «Ұлттық мұра» в Алматы пройдет очередная спартакиада. В ходе спортивного мероприятия участники состязаются в таких видах спорта, как: 🪢перетягивание каната, 💪армрестлинг, 🏋️гиревой спорт, 🐏қошқар көтеру, асык ату, ⚽мини-футбол.
Принять участие в спортивно-массовом мероприятии может любой житель города Алматы старше 16 лет.
Организация и проведение мероприятия осуществляется руководством Управления по делам религий города Алматы.
💳🎁Победители и призеры будут награждены памятными призами и подарками.
🎯Место проведения: футбольное поле «Арман». Ул. Шевченко, 111
Дата проведения: 23 октября 2022 года.
Начало: 🕐13:00-18:00
🚶ПРИХОДИТЕ, УЧАСТВУЙТЕ, СПЕШИТЕ СТАТЬ ПОБЕДИТЕЛЕМ НАШЕГО СОРЕВНОВАНИЯ!
08/10/2022
Мешіт жамағаты арасындағы футбол лигасы - 2022. Финалдық ойындардың фотолары