Rakhman_kz

Rakhman_kz

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Rakhman_kz, Sport & recreation, Ақтан сауда үйі жаңасы 1этаж 164 бутик, Atyrau.

Photos from Rakhman_kz's post 30/11/2024

Пәтуа сағаты өткізілді-30

ҚМДБ-сының «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялауына  аясында,
«Пәтуә сабағы»  жұмысы бойынша "Қапан қажы"мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеу ұлы сенбілік  дастархан ұйымдастырып,рухани тәрбие туралы,"Исламда аңшылық үкімі" турасында Пәтуалар жинағы кітабынан уағыз насихат айтылды.
"Қапан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

Photos from Rakhman_kz's post 25/10/2024

🇰🇿Баршаңызға еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күні құтты болсын!
☪️Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін!
🤲Жаратушы Иеміз байтақ Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның халқына бақ-береке бергей!

Қапан қажы мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеу ұлы

31/07/2024

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIII республикалық сайысының Атырауда облыстық кезеңі аяқталып, жеңімпаздар марапатталды.

Сайыс Құран оқумен басталып, облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы батасын беріп, қариларға сәттілік тіледі.
«Аллаға шүкір жыл сайын қариларымыздың қатары көбейіп келеді. Биыл Құранды толық жаттаған үш қаримыздың қатысуы қуантарлық жайт. Сондай-ақ, мешіттеріміздің жанынан ашылған Құран жаттау орталықтарында да жас қариларымыз шыңдалып келеді,-деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Сайыс қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан жүлделі үшінші орынды Қамбар Есенов, екінші орынды Жазылбек Ақылбекұлы, бірінші орынды Айбек Аманғалиұлы еншіледі.
10-пара бойынша үшінші жүлде Мұрат Асадуллаға бұйырды. Екінші орынды Ахмад Амангелдіұлы, бірінші орынды Жанарыс Тимурұлы жеңіп алды.
20-пара бойынша үшінші орын Қаби Абдулла, екінші орын Дәулет Нұрашұлы, бірінші орын Айқын Ақылбекұлына бұйырды.
Құранды толық жаттау, яғни 30-пара бойынша үшінші орынды Ғалымжан Жұмажанұлы иеленді Екінші орынды Нұрислам Ахметжанұлы қанжығалады. Ал Рахымжан Ержанұлы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
Осылайша жүлделі бірінші орын иегерлері республикалық сайысқа жолдама алды.
Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер мен дипломдар табысталды.
Еске сала кетсек, облыстық Құран
сайысы Альберт Қынатұлының рухына арналды.

Photos from Rakhman_kz's post 27/06/2024

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫС ИМАМДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТУДЕ

24-28 маусым аралығында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп, Атырау облысы бойынша дін қызметкерлеріне «Өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) рөлі» тақырыбында семинар-курсын өткізуде.
Курстың мақсаты - өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) рөлін көтеру және жұртшылық алдында әсерлі сөз сөйлеу мәдениетін, кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік  әдағдыларды дамыту, біліктілігін арттыру.
5 күнге жалғасатын семинар барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Психология және Педагогика кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессоры Қазиев Қарас, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Стратегиялық зерттеулер секторының бас ғылыми қызметкері Момынқұлов Жанат және «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директорының орынбасары, журналист, медиа тренер Рахманов Нұрлыбек дін мамандарына адам психологиясымен жұмыс жасау, еліміздің діни ахуалы, зайырлылық қағидаттары, әлеуметтік желілерді пайдалану, аудиториямен тығыз байланыс орнатуға байланысты түрлі теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді.

Photos from Rakhman_kz's post 03/06/2024

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Құрбан айт мейрамын өткізуге байланысты бірқатар тапсырмалар берілді. Мерекені жоғары деңгейде өткізу, құрбан малын соятын орындар мен қасапханалардағы санитарлық тазалық, БАҚ құралдары мен әлеуметтік желіде құрбан айт мейрамы туралы дұрыс ақпараттар жариялау керектігін назарға алуымыз керек», деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы имамдардың біліктілігін арттыру, имамдардың оң иммиджін қалыптастыру мақсатында атқарылатын бірлескен жобалар туралы мәлімет берді.

Photos from Rakhman_kz's post 23/05/2024

Бала Ораз Өтебайұлы-руы таз Жастабан (1837, Атырау өңірі, Жем бойы — 1882, қазіргі Махамбет ауданы Мырзалы-Балпан мекені) — айтыс ақыны, әнші.
Әкеден жастай жетім қалып, жалшылық өмір кешеді. Өсе келе өнер қуып Жем, Жайық, Ойыл, Қобда, Торғай, Нарын құмы, Сыр бойы елдерін аралап, ақындық аты ерте шыққан. Шыншыл, турашылдығы үшін қуғын-сүргін көп көрген. Мұрат, Құлманбет, Жібек, Алма қыз, Тама Досжан ақындармен айтысқан. Бала Ораздың Алма қызбен қағысуы қыз бен жігіт айтысы үлгісінде, әзіл-қалжың, сөз жарыстыру, көңіл-күй әуеніне құрылған. Оның ақындық дарыны Мұратпен, Жібек қызбен, Құлманбетпен айтыстарынан танылады. Жібекпен айтысында ел қорғаған батырларды жырлайды, айтыс желісінен Ресей үкіметінің отарлау саясатына, ұрда-жық төрелеріне, оларға жарамсақтанған жергілікті әкімдеріне наразылық айқын байқалады. Құлманбетпен айтысы — қазақ әдебиеті тарихындағы көркемдігі жоғары, ең үздік айтыстардың бірі. Тойбастар, арнау өлеңдерінде ерлікті, елдікті толғап, өмірдегі жағымсыз істерді жалтақсыз әшкерелеген. Ол әйгілі әнші Мұхитпен қатар жүрген, өзіндік саз, әдемі әуені бар әнші-ақын болған.2097-жылы ақынның 170-жылдығына орай жерленген жеріне кесене тұрғызылды.Мазардың биіктігі 7-м ,көлемі 3×3-м.
"Қапан қажы"мешітінің имамы Жамбылқажы Демеу ұлы.

Photos from Rakhman_kz's post 04/05/2024

«Қиындықта ел бірге» жобасы аясында Құлсары қаласында баспана табысталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жақында су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданы, Құлсары қаласына арнайы келіп жергілікті халықпен жүздесіп, қиындықта мүфтият әрқашан елмен бірге екендігін жеткізген болатын.
Бас мүфтидің бастамасымен табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек те жеткізілді. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында 757 баспана Орынбаева Айгүл Бекесқызына табысталды.
Пәтер кілтін табыстау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы арнайы келді.
«Өздеріңіз білетіндей, ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңірге сапары барысында қиындықта елмен бірге мүфтият тарапынан барлық көмектер көрсетілетінін айтып кетті. Бүгін Алланың қалауымен, ел-халықтың көмегімен «Қиындықта ел бірге» жобасы аясында беріліп отырған үшінші баспананы табыстап отырмыз. Еліміз аман, Алла Тағала қауіпсіз, бейбіт мекен қылғай» деді Кенжетай Байкемелұлы.
Сондай ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ықыласын жеткізе отырып, мүфтияттың қолдауымен қиын кезеңде халыққа әрдайым демеу білдіріп, көмек қолын созған еріктілер қатарында еңбек еткен Аманжол Серікұлы мен Анар Сансызбайқызына үлкен қажылыққа жолдама табыстады.
Құлсары қаласы Жылыой мұсылмандары мешітінде 100 адамға бірінші кезектегі азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетті.
Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен бірнеше мәрте елімізде су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетілген болатын.

Photos from Rakhman_kz's post 10/04/2024

Ораза айт құтты болсын, Шоқпартоғай тұрғындары!

Рамазан айында тұтқан оразамызды, берген пітір-садақаларымызды, игі істерімізді, жасаған ғибадат құлшылықтар мен  ауызашарларымызды, зікір-салауат, истиғфарларымызды және бүгінгі айт намазымызды Алла Тағала қабыл еткей!
Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы"мешітінде Айт намазы оқылып,мешітке дастархан жайылып, шаралар ұйымдастырылды."Қапан қажы" мешітінде 300 балаға тәтті силықтар мен балмұздақ таратылды.Келесі жылғы Рамазан айына,Ораза айтқа,басымыз аман,бауырымыз бүтін,төрт көзіміз түгел,аман - есен жетуді Алла нәсіп етсін.

07/03/2024

"Жылыой ауданын дамыту бағдарламаса"аясында "Теңізшевройл"ЖШС қаржылық қолдауымен орталық азияның Еуразия қоры жүзеге асыруда. "Таңдау "саналы бизнес жаса жобаның мақсаты :Жылыой ауданы тұрғындарының бизнес бастамаларына оқыту және қаржыландыру арқылы қолдау көрсетіп ал-әуқатын жақсартуға мүмкіндіктер беру.Осы жоба аясында Тақашев Мирамбай Хәлал ет өнімдері " Асма"дүкенін ашып,халал ҚМДБ-сы жанынан хәлал сертификатын табысталды.Шараға Жылыой ауданы әкімшілігінен,ТШО мекемесінің өкілдері,Жылыой ауданының ауыл имамдары қатысты.

Photos from Rakhman_kz's post 06/03/2024

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы"Қапан қажы"мешітінде, ҚМДБ-сының «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялауына  аясында,
бес бағытының бірі  «Діни оқу ағарту»  жұмысы бойынша "Қапан қажы"мешітінің имамы Жамбыл Демеу ұлы ,Құран жаттап жатқан шәкірттерге "Құран тағылымы,Құранның ерекшелігі, жаттау тәсілдері мен әдептері" Бижан Илесбеков және "Құранды жаттап,өміріңді өзгерт"(Құран жаттаудың әдіс-тәсілдері мен кестелері) Гүлжан Сыдықованың кітәптарынан уағыз насихат ,түсіндірмелер айтылып  және Қасиетті Рамазанға дайындық пысықталды  .
"Қапан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

05/03/2024

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы"Қапан қажы"мешітінде, ҚМДБ-сының «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялауына  аясында,
бес бағытының бірі  «Ізге қоғам»  жұмысы бойынша "Қапан қажы"мешітінің имамы Жамбыл Демеу ұлы ,Ниса сүресінің 28 аятындағы "Алла сендердің жүректеріңді(яғни,сендер үшін дінді) жеңілдеткісі келеді.Өйткені,адам баласы өте әлсіз болып жаралған(яғни осал тұстары көп,сондықтан да ол Алланың қолдауынсыз әуейіліктеріне,нәпсіге,азғырушы шайтанға өз бетімен төтеп бере алмайды)" деп уағыз насихат ,түсіндірмелер айтылып  және Қасиетті Рамазанға дайындық пысықталды  .
"Қапан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

Photos from Rakhman_kz's post 04/03/2024

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты, Бас имам Жамбыл қажы Демеу ұлы Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітінде Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты 12-ші Құран Хатым дұғасын жасап, ел мен жердің амандығы үшін дұға жасады.
«Уа, Жаратушымыз Алла Тағала! Осы оқылған қасиетті «Құран» аяттарының нұрыменен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлей гөр. Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай көр! Алматы халқына Өзің жеңілдік, сабыр нәсіп ет! Уа, Алла Тағалам! Бізді алдымыздан, артымыздан, оң жағымыздан, сол жағымыздан, төбемізден (аспаннан) және жер астынан аяқ-асты келетін барлық қауіп-қатерден, бәледен Өзің сақтай гөр! Әмин» – деді Жамбыл қажы Демеу ұлы.
Айта кетейік, бүгін Алматыда сағат 11:00 шамасында жер сілкініп, тұрғындарды әбігерге салды. Алла Тағаладан алматылық ағайынның, амандығын сұрап, Өзінің қорғанында болуын тілейміз.

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address

Ақтан сауда үйі жаңасы 1этаж 164 бутик
Atyrau
060100