f.o.k_kz

f.o.k_kz

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from f.o.k_kz, Stadium, arena & sports venue, Nur-Sultan.

23/12/2025

Алматы қаласында, Қазақтың спорт және туризм академиясында “ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2025” жыл үздіктерін қорытындылау аясындағы салтанатты іс-шарада «Жақсы» спорт кешені «Жылдың үздік спорт кешені» атағына ие болды.
Бұл — біз үшін зор мақтаныш пен үлкен жетістік!
Спорт кешеніміздің негізін қалаушы -Нұржан Закарияұлын айтулы жетістігімен құттықтаймыз!

Кішкентай ғана Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында орналасқан спорт кешеніміздің 6 жыл ішінде осындай биік белеске жетуі – тынымсыз еңбек пен жүйелі жұмыстың нәтижесі. Осы уақыт аралығында біздің спортшылар:
— каратэден Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары,
— Қазақстан Республикасының чемпиондары,
— бокс пен гимнастикадан ҚР чемпиондары мен жүлдегерлері,
— сондай-ақ футбол, еркін күрес, дзюдо спорт түрлері бойынша Халықаралық және Республикалық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Қысқа мерзімде үлкен нәтижеге қол жеткізіп, республикалық деңгейде осындай жоғары марапатқа ие болу — бүкіл ұжымымыздың, жаттықтырушыларымыздың, спортшыларымыздың және ата-аналардың ортақ еңбегінің жемісі.

Бұл жеңіс бізді жаңа биіктерге жетелеп, алға қойған мақсаттарымызды одан әрі нықтай түседі. Алда әлі талай жеңіс пен толағай табыстар күтіп тұр! 💪🏆

Аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған барша ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып, ұлттық спортты насихаттауда аянбай еңбек етіп жүрген «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы, елге сыйлы спорт жанашыры Жандос Аянбек ағамызға ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Сіздердің қолдауларыңыз бен еңбектеріңіз – спортшыларға шабыт, ал салаға үлкен серпін. Рахмет!


@

03/09/2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНДІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН
ЕРБОЛ ҚУАНТАЙҰЛЫ МЫРЗАБОСЫНОВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ
ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.


ҚАЗАҚ СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖӘНЕ ЖАҚСАРУЫНА ТІЛЕКТЕСПІН.


АЛЛАҺ КҮШ БЕРСІН СІЗГЕ!

04/12/2021

2022 жылғы Мектеп бітіруші түлектеріне болашаққа бағдар, рухани қуаттау мақсатында жәнеде спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында ұйымдастырылған кездесу.

N9 мектептің басшылығының өтінішімен “Спорт Дамыту Орталығының” президенті, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы Нұржан Закарияұлы және “JAQSY” спорт кешенінде бокстан аға-жаттықтырушы, Спорт Шебері Жарылғасов Ерасылмен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріліп, жас балалардың бойына Ұлттық құндылықтарды дарыту жәнеде Рухани мықты болуды насихаттаумен сұхбат болды.
Өз кезегімізде мектеп басшылығына алғыс айта отырып, жас буынның осындай кездесулерден өмірлеріне үлкен азық алатынына сеніммен қараймыз.

ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛУЫН ТІЛЕЙМІЗ.

.sport.kesheni

21/11/2021

with
・・・
Жақсы спорт кешенінің жас боксшысы, Нұржан Закарияұлының төл шәкірті Оразбай Әділет “Жаңаөзен қаласының 53” жылдық мерей тойына орай БОКСТАН 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнирінде 26 кг. салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты.
Алдағы уақытта биік шыңдарды бағындыра бер!

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address

Nur-Sultan