14/08/2026
Самат Смақовтың ұлы «Бешикташ» клубына қабылданды
Самат Смақовтың ұлы «Бешикташ» клубына қабылданды Маусымалды ойындарда Аламгир стамбұлдықтар сапында 5 матч өткізіп үлгерген
1bol.kz - оқырманға ел спорты, әлемдік турнирлер жайында қызықты материалдар ұсынатын портал
14/08/2026
Самат Смақовтың ұлы «Бешикташ» клубына қабылданды
Самат Смақовтың ұлы «Бешикташ» клубына қабылданды Маусымалды ойындарда Аламгир стамбұлдықтар сапында 5 матч өткізіп үлгерген
14/08/2026
«Челси» Дастан Сәтпаевты «Бернли» клубына жалға бермекші
«Челси» Дастан Сәтпаевты «Бернли» клубына жалға бермекші Енді ол алдағы маусымды АПЛ-де емес, Чемпионшипте өткізуі мүмкін
14/08/2026
«Челси» Дастан Сәтпаев ты«Бернли» клубына жалға бермекші
Қазақстан спорт, бокс, футбол жаңалықтары - 1bol.kz Қазақстан спорт жаңалықтары: Футбол, бокс, күрес, хоккей, теннис, көкпар, UFC, MMA және велоспорт бойынша соңғы жаңалықтар мен матч нәтижелері
14/08/2026
Қазақстан құрамасы мен «Челсидің» қапталдағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев алдағы маусымда «Бернлиде» өткізуі әбден мүмкін. BBC сайтының жазуынша, лондондық клуб қазақ вингерін жалға беру туралы шешім қабылдаған.
18 жастағы футболшы «Бернлидің» «Терф Мур» стадионына келіп үлгерді. Енді ол медициналық тексеруден өтуі керек. Келісім жексенбі күні өтетін «Бернли» – «Вест Хэм» матчының алдында аяқталады деп күтілуде.
Сәтбаев «Челсиге» «Қайраттан» ауысқан болатын. Лондондық клуб оның трансферін 2025 жылдың қаңтарында 3,4 млн фунт стерлингке келісіп қойған. 2026 жылғы 12 тамызда, 18 жасқа толған күні, қазақстандық футболшы «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімде оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
«Бернли» соңғы маусымда АПЛ-ден «ұшып кетіп», биыл Чемпионшипте бағын сынайды.
Айта кетейік, «Челси» осы аптада тағы бірнеше жас ойыншысын жалға жіберді. Райан Кавума-Маккуин «Портсмутқа», Реджи Уолш «Уиган Атлетикке» ауысты. Ал Шим Мхеуканың да лондондық клубтан кетуі жақын.
1bol.kz
14/08/2026
Қуат «Найман» Хамитов басшылық қызметке тағайындалды
Қуат «Найман» Хамитов басшылық қызметке тағайындалды Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды
14/08/2026
Қазақстандық танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматы облысының күрес федерациясының вице-президенті болып сайланды.
Жаңа қызметінде спортшы өңірдегі күрес спортын дамытуға және жас спортшыларды қолдауға атсалысады.
Қуат Хамитовтың негізгі міндеттерінің бірі – жас балуандарға жағдай жасау, олардың спорттағы дамуына ықпал ету және күрес федерациясының жұмысын жетілдіруге үлес қосу.
"Алматы облысынан әлемді бағындыратын, көк туымызды Олимпиада ойындарында желбірететін спортшылар шығады деген сеніммен қызмет ететін боламыз!”, – деп жазды спортшы желідегі парақшасында.
1bol.kz
Қазақстандық көркем гимнаст Ақмарал Ерекешева Франкфурт-на-Майнеде өтіп жатқан әлем чемпионатында үш финалға шықты.
Ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп жатқан Ерекешева көпсайыс қорытындысында 84,200 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға жолдама алды.
Сондай-ақ ол жекелеген жаттығуларда да жүлдеге таласады. Шоқпармен жаттығуда 29,000 ұпай, ал лентамен 28,350 ұпай жинап, екі сайыста да төртінші нәтиже көрсетті.
Осылайша, Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында үш финалда өнер көрсетеді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы көпсайыста 24-орын алып, финалға өте алмады.
Финалдық сайыстар 14 тамызда басталады. Бұл әлем чемпионатында 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына алғашқы жолдамалар да сарапқа салынады.
1bol.kz
14/08/2026
Қазақстан құрамасы 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарында ат спорты бойынша қайта сынға түседі.
2026 жылғы Жапониядағы Азиадада ел намысын Олег Соколенко, Раиса Соколенко, Нұрила Тұрысбекова және Ксения Баталова қорғайды.
Қазақстандық спортшылар конкур сайысында өнер көрсетеді. Жарыстар Токиодағы тарихи JRA Equestrian Park аренасында өтеді.
Командалық финалдың алғашқы екі кезеңі 1 қазанда, ал жекелей финалдың кезеңдері 3 және 4 қазанда өтеді.
Командалық сайыста спортшылар 1,40–1,45 метр, ал жекелей финалда 1,50–1,55 метр биіктіктегі кедергілерден өтеді.
Айта кетейік, Азиада-2026 Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
1bol.kz