Елтай округ жастары

Елтай округ жастары

Share

Сырым ауданы, Елтай ауылдық округ жастары

24/04/2026
24/04/2026

ТҮНГІ УАҚЫТТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Елтай округі полиция инспекторы Бельгибаев Махамбет Исатаевичпен бірге түнгі рейд жүргізіліп, жасөспірімдердің қауіпсіздігі қадағаланды.

Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кешкі уақытта заң талаптарын сақтауына ерекше назар аударылды.
Естеріңізге саламыз, сағат 23:00-ден кейін жасөспірімдердің ата-анасының немесе заңды өкілдерінің рұқсатынсыз көшеде жүруіне болмайды.

Бұл – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды талап.
Ата-аналарды өз балаларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Бала қауіпсіздігі – қоғам қауіпсіздігі!

Елтай жастары

#Қауіпсіздік #Жастар #ЕлтайЖастары #ТүнгіРейд #АтаАнаЖауапкершілігі

23/04/2026

👶 Бала қауіпсіздігі – басты назарда!

Бала – қоғамның болашағы. Сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың, ұстаздың және қоғам мүшесінің ортақ міндеті.

Осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға бала құқықтары, қауіпсіздік шаралары және құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде ақпарат берілді. Кездесу барысында ата-аналар мен тұрғындар өз сұрақтарын қойып, маңызды мәселелер талқыланды.

🔹 Баланы қараусыз қалдырмау
🔹 Қауіпті жағдайлардың алдын алу
🔹 Заң талаптарын сақтау

Осындай қарапайым ережелер арқылы біз балаларымыздың қауіпсіз болашағын қамтамасыз ете аламыз.

📌 Бала қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік!

23/04/2026

Заң мен тәртіп, құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде Елтай округ полиция инспекторы Бельгибаев Махамбет Исатайұлымен бірге барып “Ип Саркеев Ерлан” дүкеніне барып 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге алкогольдік ішімдіктер, жанғыш заттар , темекі т.б сондай зиянды заттарды сатуға тыйым салынатынын атап өтті.
#құқықбұзушылықтыңалдыналу

Photos from Елтай округ жастары's post 21/04/2026

БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ.

Бүгін мектеп бітіруші түлектермен «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылып, дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің мәні, оның салдары және одан қорғану жолдары түсіндірілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Мұндай кездесулер жастардың бір-біріне құрметпен қарап, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

✨ Әрбір адам – құрметке лайық!
✨ Қауіпсіз орта – өз қолымызда!

#БуллингкеЖолЖоқ #Кибербуллинг #Жастар #Тәрбие #Мектеп ДөңгелекҮстел ҚауіпсізОрта СаналыҰрпақ

Photos from Елтай округ жастары's post 21/04/2026
Photos from Елтай округ жастары's post 12/04/2026

БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір күнде 423 жерде 760 тонна қоқыс жиналды

11 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық қала және аудандарын қамтыған ауқымды іс-шаралар өтті.

Акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ірі компания өкілдері, жастар және еріктілер қозғалысының мүшелері, сондай-ақ өңір тұрғындары отбасыларымен бірге белсене қатысты. Акция шын мәнінде бұқаралық әрі біріктіруші сипатқа ие болды.

Қатысушылар көшелерді, аула аумақтарын, саябақтар мен скверлерді тазалап, жол бойындағы аумақтарды және үйлердің қоршауларын ретке келтірді. Сонымен қатар, абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акцияны «WordGreen Company» ЖШС, «Жайық ет» ЖШС, «Аксай Газ Сервис» АҚ, «KMG Parker Drilling Company» ЖШС сынды ірі компаниялар белсенді түрде қолдады.

Жалпы, 423 жерде 760 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Акцияға 10 000-нан астам тұрғын қатысып, 120-дан астам техника жұмылдырылды.

Photos from Елтай округ жастары's post 10/04/2026

🌿ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!🌿

Таза Қазақстан – біздің қолымызда!
Бүгін біз, жастар, ауылымызды тазалап, Жалпыұлттық Таза Қазақстан акциясына бірлесе атсалыстық!
Әрбір тазалық – болашаққа жасалған қадам 🌿

Тазалық – тәрбие бастауы. Табиғатты таза ұстау-әр адамның міндеті! Тазалық өзімізден басталады.
Ауыл Жастары бірігіп, ауылымыздың тазалығына үлесімізді қостық… сонымен қатар ауылымыздың тұрғыны Жалғызбасты Фарит ағамыздың үйінің айналасына сенбілік жұмыстарын жүргіздік…Жастармен бірге – таза орта, жарқын болашақ!

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Oral?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address

Елтай ауылдық округі Тасқұдық ауылы
Oral