02/08/2025
Жамбыл облыстық футбол федерациясының төрағасы Жұмабаев Алимбек Әсембекұлына футбол жанкүйерлері атынан үндеу
Құрметті Алимбек Әсембекұлы!
Сізге Жамбыл облыстық футбол федерациясының төрағасы және меценат ретінде үндеу жолдап отырмыз. Бұл үндеудің себебі – сіз былтыр және осы жылдың басында басшылық еткен «Тараз» футбол клубындағы қалыптасқан жағдай.
Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда футбол орталығын сіздің шақыруыңызбен келген Беларусь маманы Юрий Свирков басқарып отыр. Оның жылдық еңбекақысы 30 миллион теңгеден асады. Бұл сома клуб үшін тым үлкен – бұл қаражатқа бес білікті маманды жұмысқа алуға болар еді.
Свирков мырзаның жұмысының нәтижелері өздігінен-ақ көрініп тұр. Мысалы, QJ лигада ойнайтын барлық жасөспірімдер командаларының көрсеткіштері былтырғыдан әлдеқайда нашар. Басқа жас топтарындағы футбол орталығының командалары да оң нәтиже көрсетіп жатқан жоқ. Ал сіз өз кезіңізде бұл маманды жоғары дәрежелі маман ретінде таныстырған едіңіз. Бірақ, іс жүзінде оның ешқандай айрықша жетістіктері жоқ екені көпшілікке мәлім. Оның Қазақстанда, соның ішінде Қарағандыдағы «Шахтер» футбол орталығында жұмыс істегені бар, бірақ онда да ешбір табысқа жеткен жоқ.
Соған қарамастан, сіз оны клубқа шақырып қана қоймай, оған клуб үшін тым ауыр еңбекақы белгілегенсіз. Бұл қаражат демеушілер есебінен емес, мемлекеттік бюджеттен төленуде.
Бүгінде клуб қаржылық қиын жағдайға тап болып, бұл маманға қызметінен өз еркімен кетуді ұсынғаны белгілі. Себебі, 30 миллион теңге дегеніміз – клубтың жалпы қарызының 10%-ына тең. Алайда бұл маман қызметінен кетуден бас тартып отыр. Ал келісімді біржақты бұзу ФИФА тарапынан санкцияларға алып келуі мүмкін.
Осыған байланысты, сізден футболға жанашыр азамат ретінде және облыстық футбол федерациясының төрағасы ретінде, осы мәселені шешуге ықпал етуді сұраймыз. Атап айтқанда, Беларусь маманның жыл соңына дейінгі еңбекақысын өз қаражатыңыздан өтеуді сұраймыз. Осы арқылы сіз Жамбыл өңіріндегі футболдың дамуына шынайы жанашырлық танытар едіңіз.
Бұл әрекетіңіз арқылы жанкүйерлердің сенімін қайтарып, бұған дейінгі қателіктеріңізді (қарыздың өсуі, 15-тен астам ойыншының кетуі, жастар командасының жабылуы, қыздар футболынан бас тарту, жанкүйерлердің үнін елемеу, фан- клубтың тарауы және т.б.) түзетуге мүмкіндік алар едіңіз.
Бұл мәселе бойынша сіздің оң көзқарас танытып, футболға деген шынайы жанашырлығыңызды көрсететініңізге сенім білдіреміз.
***
Обращение к руководителю Федерации футбола Жамбылской области Жумабаеву А А. от группы болельщиков футбола.
Уважаемый Алимбек Асембекович!
Обращаемся к вам как председателю областной Федерации футбола и меценату по поводу ситуации, сложившейся в футбольнгм клубе "Тараз", руководителем которого вы были в прошлом году и начале этого года. Как Вам известно,
сейчас футбольный центр возглавляет белорусский специалист Юрий Свирков, который прибыл сюда по Вашему приглашению и заработная плата которого составляет более 30 млн тенге в год. Это астрономическая для клуба сумма, на которую можно было бы нанять пять других высококлассных специалистов.
Результаты работы Свиркова говорят сами за себя. К примеру, все юношеские команды QJ Лиги демонстрируют результаты хуже прошлогодних. Не лучше и команды футбольного центра других возрастов. А ведь Вы, будучи руководителем клуба рекламировали его как высококлассного специалиста. Однако на самом деле всем известно, что никаких особенных достижений у него не было. Более того, он имел опыт работы в Казахстане, в том числе в качестве руководителя футбольного центра "Шахтёр" Караганда. Где не имел никаких успехов. Тем не менее, Вы не просто пригласили его в клуб, но поставили непосильную для клуба заработную плату, которая выплачивается не за счёт спонсорских средств, а из государственного бюджета.
Известно, что сегодня клуб предложил специалисту добровольно покинуть пост ввиду плачевного финансового состояния. Ведь если задуматься, то 30 млн тенге - это 10% от имеющейся задолженности клуба.
В связи с тем что данный белорусский специалист отказывается покинуть клуб, а расторжение контракта в одностороннем порядке грозит санкциями ФИФА, обращаемся к вам с просьбой решить этот вопрос как меценату и как президенту областной Федерации футбола. Вы как никто другой должны быть заинтересованы в разрешении этой ситуации.
Просим Вас выделить компенсацию для данного специалиста, выплатив ему его заработную плату до конца года, как он того требует. Тем самым вы продемонстрируете своё небезразличие к развитию жамбылского футбола, который сегодня прозябает на обочине большого футбола.
Тем самым болельщики смогут простить вам необдуманные и ошибочные решения, допущенные Вами и вашей команды в период управления клубом (рост задолженности, уход более 15 игроков, закрытие молодёжной команды, отказ развивать женский футбол, увеличение кредиторской задолженности, игнорирование просьб болельщиков и их потеря, распад фан-клуба и т.д.).
Надеемся на понимание, Вашу решимость и любовь к футболу, и отзывчивость вашей стороны!
25/06/2025
14/05/2025
28/03/2025
16/03/2025
10/03/2025
07/03/2025
03/03/2025
16/02/2025
16/02/2025
14/02/2025