ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Share

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ресми парақшасы

Photos from ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы's post 31/01/2025

Астанада «АLAMAN» халықаралық медиа байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен және Бас редакторлар клубы мен Ұлттық Медиа қауымдастығының қолдауымен «АLAMAN» халықаралық медиа байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық спорт түрлерін дамытуға әрқашан шынайы ықылас танытып, айрықша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ұлттық спорттың кең насихатталуына БАҚ өкілдерінің сіңірген еңбегіне тоқталды.

«Ұлттық спорт түрлері осы уақытқа дейін қарқынды даму үстінде. Қауымдастық екі жылда ұлы құндылықтарды ұлықтау ісінде аянып қалған жоқ. Түрлі республикалық және халықаралық жарыстар мен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорттың абыройын одан әрі биіктете түсті. Осы орайда халыққа ақпарат таратып, ұлттық спорттың қыр-сырын насихаттаған БАҚ өкілдеріне алғысымды айтамын».

«АLAMAN» халықаралық медиа байқауына 200-ден аса материал келіп түсті.

Қазылар алқасының құрамы: ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Баққожаев Анас Ахатұлы;, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Максим Рожин, ҚР СІМ Қоғамдық дипломатия басқармасының басшысы, (AIPS (Astronomical Image Processing System/ Международная ассоциация спортивной прессы) атқару комитеті мүшесі) Омаров Ильяс Темірланұлы. Қазылар алқасы келіп түскен материалдарды жіті қарап, тиісті қорытынды шығарды.

Жеті номинация бойынша жеңімпаздар реті мынадай:
1. «Үздік бағдарлама» (телевизия, радио)
1-орын - «Бақ пен бап» бағдарламасының режиссері Ершат Қожатаев. («Qazsport» телеарнасы);
2-орын - «Жылқы жыры» хабарының жүргізушісі Бағдат Қапбасов. (Шалқар радиосы);
3-орын -«Дүлдүлдер дүбірі» бағдарламасының режиссері Азамат Жанасбаев («Хабар» агенттігі).

2. «Үздік аналитикалық материал» (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал)
1-орын - «Дүниеге естіледі дүбірі» атты мақаланың авторы Қуаныш Нұрданбекұлы («Egemen Qazaqstan» газеті);
2-орын - «Школа национальных видов спорта села Заречное набирает популярность» атты мақаланың авторы Нуртазин Асхат Абул-Кадырович («Наш Костанай» газеті»);
3-орын - «Ұлттық спорт – ұлттық идеология» атты мақаланың авторы Наурызбек Саршаев (Республикалық қоғамдық-саяси "AIQYN" газеті).

3. «Үздік танымдық материал» (интернет, БАҚ)
1-орын - ұзақ мерзімді жүйелі жарияланымдар үшін Ержан Жаубай («Арғымақ» ұлттық танымдық порталы);
2-орын - «Сакральные асыки и свадьба на конях: какие секреты таят в себе казахские виды спорта» аты мақаланың авторы Кожухарь Владислав Владимирович. («CARAVAN.kz медиа-порталы» ақпарат агенттігі);
3-орын - «Бәйге арқылы отбасымды асырап отырмын – атбегі» атты мақаланың авторы Алтынбек Мерсадық («Aikyn.kz» ақпараттық порталы).

4. «Үздік сұхбат» (YouTube арна)
1-орын - «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» алдындағы дайындық және өтуі туралы сұхбаттар циклі үшін Қаженов Аслан Сахипеденұлы («Хабар» Агенттігі» АҚ, «24KZ» телеарнасы);
2-орын - «Бәйгеден ҚР чемпионаты туралы бағдарламар циклі» үшін Калимурзина Фариза Мұсақызы («Baibolsyn» ақпараттық порталы);

5. «Үздік фотосурет» (БАҚ, әлеуметтік желі)
1-орын - ұлттық спорт туралы фотосуреттер легі үшін Мақсат Шағырбай («Казинформ»агенттігі);
2-орын - «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы фотосуреттер үшін Станислав Филиппов (стрингер);
3-орын - «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап...» атты сурет үшін Таныбаев Талгат Турарович (ТОО «Қызылжар ақпарат»).

6. «Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал» (қазақтың ұлттық спорты туралы)
1-орын - Ұлттық спорт туралы материалдар легі үшін Қожабаева Динара Абылайқызы(«Қазақ елі» журналы, Түркия);
2-орын - «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы репортаждары үшін Салыбай Жанар (ТRT-нің (Түрік телерадиокомпаниясы) Қазақстандағы өкілдігі);
3-орын - «Три ступни и пять камней: что общего в играх казахов, австралийцев и европейцев?» атты материалы үшін Джиенгулова Майра Кенжебаевна («МИР24» ақпараттық-аналитикалық интернет-портал).

7. «Әлеуметтік желідегі үздік материал» (блогинг, мобилография).
1-орын - «Көкпар мен көк-бору туралы» материал үшін Резванцев Иван Александрович. («Дядя Ваня» телеграм-каналы);
2-орын - Ұлттық спорттағы қыздар туралы материалдар легі үшін Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы;
3-орын - «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы материалдары үшін Қайнар Олжай

Айта кетейік: 1 орын иесіне – 1 000 000 млн теңге, 2 орын – 700 000 мың теңге, 3 орын иесіне – 500 000 мың теңге қаржылай сыйақы сертификаттары табыс етілді. Онымен қоса арнайы «АLAMAN» халықаралық медиа байқауының мүсіншесі мен диплом табысталды.

Photos from ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы's post 30/01/2025

Алматыда қаламгерлерге арналған «ҚҰЛАГЕР» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Алматыда ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен «ҚҰЛАГЕР» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спорт түрлерін дамытуға әрқашан шынайы ықылас танытып, айрықша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ұлттық спорт, ұлттық тәрбиеде жазушылардың үлесі мен қаламгерлердің еңбегіне тоқталды.
«Жазушылар қауымы мен үшін өте жақын. Себебі халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ағамызбен 20-жылға жуық араласып, қаламгерлердің еңбегіне қанық болдым. Ел мен жердің жайын толғап, тағылымы мол туындыларды өмірге әкелу оңай шаруа емес. Оған шалқар шабыт пен қажырлы еңбек қажет. Осының бәрін ой елегінен өткізе келе «Құлагер» байқауының тұсауын кескен едік. Міне бүгін сол қаламгерлер бәйгесінің қорытынды жиынына келіп отырмыз. Ұлттық спорт ұлттымыздың бейнесі. Оны айшықтай түсу баршамызға міндет. Сол мақсат жолында әдебиеттің түрлі жанрында шығарма жазған барша қаламгер қауымға алғыс айтамын».

Байқаудың мақсаты – еліміздің ұлттық мұрасының бірі – ұлттық спортты насихаттау және қаламгерлерге қолдау көрсету, оларды ұлттық спорт түрлері туралы жаңа туындылар жазуға ынталандыру.

«Құлагер» республикалық байқауына ұлттық спорт түрлеріне арналған бұрын жарияланбаған 200-ден аса материал келіп түсті.

Қазылар алқасының әр мүшесінің ұсыныс-пікірі мен сараптамалары негізінде ең үздік деген шығарма іріктеліп, төмендегі қаламгерлер 7 номинация бойынша «Құлагер» республикалық байқауының жүлдегерлері атанды:
1. Проза – Тұрысбек Сәукетаев «Ай қанатты арғымақ» (хикаят);
2. Драма – Жолтай Алмашұлы Алмашев «Күш атасы» (пьеса);
3. Поэзия – Алмас Ахметбекұлы Сақбаев «От шығармас ойын» (дастан);
4. Фантастика / мифология – Пернебай Дүйсенбин «Ақбоз, көкжал, Жансая апа және төрт ноян» (мифофантастикалық хикаят);
5. Деректі проза – Мұхтар Анарбек «Дүлдүлдің дүбірі» (повесть);
6. Балалар әдебиеті – Аут Даутович Масимов «Айқасқа» (Хикаят);
7. Комикс – Сәлімғали Қасымханұлы Мырзашев «Көксерек» (М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі желісімен салынған).

Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов: «Бұл шара – ұлттық спортты насихаттап-жазып жүрген біздің ақын-жазушыларға рухани және қаржылай да үлкен қолдау болды. Алдағы уақытта да осындай игі істерді бірлесе атқара береміз» деп сенім білдіріп, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Төлеубайұлы Салжановты Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерей тойының Әдебиет және мәдениетке сіңірген еңбегі үшін «Атымтай Жомарт» медалімен марапаттады.

Айта кетейік: Әр жеңімпазға 2 000 000 теңге қаржылай сыйақыны құрайтын сертификат табыс етілді. Онымен қоса арнайы «ҚҰЛАГЕР» республикалық байқауының мүсіншесі мен дипломдар табысталды.

Photos from ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы's post 13/09/2024

Көшпенділер ойындары аясындағы «Құсбегілік» спортынан екі күнге созылған сайыс өз мәресіне жетті. Тартысты доданың қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальді қанжығаларына байлады.

«Бүркіт салу» санатында бірінші орынды ұлттық құрама мүшесі Серікбек Күнтуған «Алғыр» құсымен иеленді. Екінші орынға «Заңғар» құсымен Ерзат Байқадамов шықса, «қола» медальді құсбегі Арман Қошқаров «Нарын» атты бүркітімен жеңіп алды.

Ал қаршыға салу санатынан «Найзатұяқ» құсымен Құдайберген Рауилұлы алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ ұлттық құрамамыздың тағы бір спортшысы – Бағдат Кеуенов «Сомбалақ» қаршығасымен қола медальді қанжығасына байлады.

Ителгі салу бойынша ұлттық құрама тағы бір қола еншіледі. Бұл жүлдені алған - Бақдәулет Бабажан.

Тартысты бәсекеден соң ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Islambek Salzhanov Исламбек Салжанов құсбегілермен кездесіп, жеңістерімен құттықтады. Сондай-ақ ата кәсіпті дамыту жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Photos from ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы's post 13/09/2024

🐎 ҚҰНАН БӘЙГЕ: ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АТЫНАН ШЫҚҚАН ҮШ ЖҮЙРІК ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ БӨЛІСТІ

«Құнан бәйге» жарысында Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттерінен 15-тей құнан бақ сынады. 11 шақырымға созылған дүбірлі додада жеңімпаз болған құнандар:

🥇1-орын: «Қамысқұлақ», шабандозы – Амир Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)

🥈2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)

🥉3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🇰🇿

Photos from ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы's post 13/09/2024

🇰🇿 ҰШҚЫР БӘЙГЕНІҢ ҮШ ҚАШЫҚТЫҒЫНАН ДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖҮЙРІКТЕР БІРІНШІ КЕЛДІ 🏆

🐎 1600 метрлік тызетпеде мәре сызығын әйгілі Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің «Шағала» атты жүйрігі бірінші болып кесті. Екінші орында Қазақстанның тағы бір жүйрігі «Арлан» иеленсе, үздік үштікті де еліміздің жүйрігі «Струна» түйіндеді.

🐎 Ал 2400 метр қашықтықта мәре сызығын алғашқы болып «Берил Рэйсер» келсе, екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді.

🐎 3200 метр қашықтықта сынға түскен 7 сәйгүлік арасында алғашқы үштікті тағы да Қазақстан жүйріктері ұтты. Мәре сызығын бірінші болып «Лайф’с Э Бриз» кессе, екінші орынды «Уэст Кост Найт» иеленсе, үздік үштікті «Аляска Тайгер» түйіндеді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Photos from ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы's post 11/09/2024

🏹🏹🏹 Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама спортшылары жекелей сынды сәтті аяқтап, 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жеңіп алды.

Бүгін ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Islambek Salzhanov Исламбек Салжанов садақшылармен кездесіп, ертең болатын командалық сайысқа сәттілік тіледі.

Photos from ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы's post 11/09/2024

🇰🇿 Асық ату спортынан ұлттық құрама спортшылары қос бірдей алтын мен қос бірдей күміс иеленді.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Islambek SalzhanovИсламбек Салжанов ойын барысын өз көзіммен тамашалап, асықшыларды жеңістерімен құттықтады.

Photos from ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы's post 11/09/2024

🇰🇿 Тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасы үш алтынды да жеңіп алды. Айта кетейік, дүбірлі дода аясында жарыстың бұл түрінде 41 елден 114 қатысушы өзара бақ сынасты.

Бүгін ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Islambek Salzhanov Исламбек Салжанов жарыс алаңына барып, Дүниежүзілік және Республикалық “Тоғызқұмалақ”федерациясының президенті Әлихан Байменовті, сондай-ақ ұлттық құрама ойыншыларын жарқын жеңістерімен құттықтады.

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Tselinograd?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Сығанақ 43, БЦ Аңсар, 10 қабат
Tselinograd