04/07/2026
🤩👏Нұрасыл Нұрсейіт Хорватияда каратэден жастар лигасы жарысында маусымдағы 3-жүлдесіне қол жеткізді
Бүгін Хорватияның Пореч қаласында өтіп жатқан жастар лигасы турнирінде Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті.
Кумите бағдарламасында кадеттер арасында 52 кг дейінгі салмақта отандасымыз Нұрасыл Нұрсейіт күміс медаль иеленді.
Біздің спортшы жарысты 2-айналымнан бастап, Косова өкілі Ануар Красничиді айқын басымдықпен ұтты (10-0). Осыдан кейін Кирилл Дидюк (Украина, 1-0) пен Мигель Марко Мартиді (Испания, 9-1) жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал жартылай финалда түрік қарсыласы Кутай Коскуннен айласын асырды (2-0).
Кешкі сессияда Нұрасыл ақтық сында грек спортшысы Мораитис Йоаннис Адамантиосқа соңғы секундтарда есе жіберді. Есеп: 1-4.
Еске сала кетейік, Нұрасыл биыл мамырда Филиппин астанасы Манилада өткен жастар лигасы турнирінде қола жүлдегер, ақпан айында Фуджайрадағы лига кезеңінде чемпион атанған.
Айта кетейік, бұл - жастар лигасы сериясы санатындағы жылдың 4-турнирі. Осыған дейінгі кезеңді Фуджайра (БАӘ), Хараре (Зимбабве) мен Манила (Филиппин) қабылдаған.
Пореч қаласына Қазақстан командасы сапында 5 спортшы барды. Жалпы қатысушы саны 69 мемлекеттен 2700-ден спортшыдан асады. Жарыс барысында 12-17 жас санаты аралығында 34 бағдарламада жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр.
26/06/2026
Берік Қасенов - WKF каратэден Ұлттық команданың бас бапкері
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығымен Берік Қасенов каратэден Қазақстан командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Осыған дейін бұл қызметті Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Дархан Асаділов атқарды. Даңқты спортшымыз өз еркімен қызметінен кетті. Еске сала кетейік, Дархан Асаділовтің жетекшілігімен Қазақстан былтыр Азия чемпионында 4 алтын алып, тарихи нәтиже көрсетті. Сонымен қатар Ар-Рияд қаласында Ислам Ынтымақтастығы ойындарында 1 алтын, 2 қолаға қол жеткізді.
Берік Қасенов - каратэден (WKF) ҚР спорт шебері, Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері.
Ол спорт саласындағы еңбек жолын 2012 жылы каратэден (WKF) Алматы қаласының «Шаңырақ» ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде бастаған. Ал 2023 жылдан бүгінге дейін Қазақстан командасының және Алматы қаласының аға жаттықтырушы болды. Берік - елімізде кейінгі толқын арасында тәжірибесі мол жаттықтырушының бірі. Оның даярлаған спортшылары түрлі жас санатындағы әлем, Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, халықаралық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Әлихан Қадырғали, Азия чемпионы Дайяна Даренская, Азия чемпионатының қола жүлдегері Диас Ұлбек, Нұрия Тізімбай, жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Лаура Әліқұл, жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Бэлла Самашева бар.
21/06/2026
Қазақстан Азия чемпионатын үздік үштікте аяқтады
Бүгін Балиде ересектер арасындағы XXII Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Қазақстан командасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Біздің жүлдегерлер:
🥇Жоламан Биғабыл (-55 кг)
🥇Олжас Алтынбек (-67 кг)
🥈Әсел Қанай (-61 кг)
🥈Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
🥉Бэлла Самашева (-55 кг)
🥉Дайяна Даренская (-68 кг)
🥉Никита Тарнакин (-84 кг)
Жалпыкомандалық есеп:
1. Жапония (5 алтын, 3 күміс, 5 қола)
2. Иран (3 алтын, 1 күміс, 5 қола)
3. Қазақстан (2 алтын, 2 күміс, 3 қола)
4. Иордания (2 алтын, 2 күміс)
5. Сауд Арабиясы (1 алтын, 2 күміс, 1 қола)
Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 32 мемлекет қатысты. Бұл жарыс Қазақстан командасы үшін күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың негізгі кезеңі саналады.
|
20/06/2026
Қазақстан пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды
Бүгін Индонезияның Бали қаласында WKF нұсқасы бойынша пара-каратэден V Азия чемпионаты өтті. Биылғы жарысқа 7 мемлекеттен үздік спортшылар қатысып, құрлық мықтыларын анықтады.
Қазақстан командасы жоғары даярлық үлгісін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Спортшылар бірнеше алтын және қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ләззат Жүсіпова – алтын медаль
Назгүл Ізмағамбетова – алтын медаль
Нұржайна Жаннетова – алтын медаль
Рустам Билялов – қола жүлдегер
Азиза Ибраимова – қола жүлдегер
Ерлан Нұрмағамбетов – қола жүлдегер
Бұл жетістік - спортшылар мен бапкерлердің жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Еске сала кетейік, былтыр Ташкент қаласы қабылдаған пара-каратэден Азия чемпионатында біздің команда 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленген.
10/06/2026
Karate One Premier League Rabat🇲🇦
12-14 маусым аралығында Рабат қаласында 2026 жылдың шешуші Премьер-лига санатындағы шешуші жарыс өтеді.
Бұл сында Ұлттық құрама сапында 16 спортшымыз ел намысын қорғайды.
|
09/06/2026
Софья Берульцева - кумите бағдарламасында +68 кг салмақ дәрежесі бойынша 2026 жылғы «Үздік спортшы» (Grand Winner) атағын ресми түрде иеленіп, бұл марапатты өз карьерасында алғаш рет жеңіп алды! 🏆🇰🇿
Биылғы маусымда айрықша басымдық көрсеткен біздің спортшысы Karate 1 Премьер-лигасының алғашқы үш кезеңінде қатарынан жеңіске жетті. Осылайша, ол жалпы есепте қарсыластары жетпейтіндей ұпай жинап, маусымның аяқталуына әлі бір кезең қалса да, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Софья Берульцеваны жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
18/05/2026
Спортшылар федерациядан арнайы сыйақы алды
Қазақстан каратэ федерациясы 2025-2026 жылғы маусымда халықаралық жарыстардағы тұрақты нәтижесі мен жоғарғы жетістікке жетіп келе жатқан бірқатар спортшыға қаржылай сыйақы табыстады.
Федерацияның вице-президенті Болат Хавлахат Алматы қаласындағы оқу-жаттығу жиынына барып, Софья Берульцеваға 3 миллион, ал Әсел Қанай мен Дидар Әмірәліге 1,5 миллион теңге берді.
Сондай-ақ Болат Хавлахат Ұлттық құраманың дене даярлығына жауапты жаттықтырушы Денис Гуляевқа ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төс белгісін тапсырды.
|
17/05/2026
Біздің спортшылар толық спорт киімі жиынтығын алды🤩
Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Ұлттық құрама спортшыларына мемлекет тарапынан арнайы спорт киімдері табысталды.
Бұл жиынтықта жарысқа арналған форма, жаттығу мен жарысқа дайындық үшін қажет киімдер бар. Атап айтқанда, жаз-қыс маусымындағы барлық қажеттілікті қамтиды. Экипировканы халықаралық Under Armour бренді әзірлеген.
Биыл ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық құрама командаларды спорт киімімен қамтамасыз етудің жаңартылған тәсілін іске асырып, жүзеге асырып келеді.
Мемлекет тарапынан қолдау - спортшыларымызға дайындық үшін сапалы жағдай жасауға, олардың көрсеткішін арттыруға көмектеседі.
|