Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation

Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation

Share

KazChess: соңғы жаңалықтар, турнирлер, іс-шаралар парақшасы

Страница Казахстанской федерации шахмат: новости, события, турниры

Страница Казахстанской федерации шахмат: новости, события.

Photos from Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation's post 05/07/2026

Кеше KazChess Masters Almaty 2026 турниріне Қазақстан Шахмат Федерациясының демеушісі әрі Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Анвар Вильданович Рахимов келіп кетті.

Турнир «Дебют» шахмат клубында өтіп жатыр - Анвар Вильданович үшін бұл жай ғана алаң емес. Дәл осы жерде ол балалық шағында шахматқа ғашық болып, 14 жасына дейін дерлік барлық уақытын осында өткізген: алғашқы қадамдар, көп сағаттық жаттығулар, алғашқы жеңістер, қысымға төтеп бере білу - сол кездегі жап-жас Анварға шахмат берген нәрсе осы еді.

Бүгін, мүлдем басқа мәртебеде, ол «Дебют» клубының дәл сол тақталарында әлемнің түкпір-түкпірінен келген белгілі гроссмейстерлер мен шеберлер ойнайтын турнирді қолдау үшін келді.

•••

Вчера на турнир KazChess Masters Almaty 2026 заглянул Анвар Вильданович Рахимов - спонсор и член Попечительского совета Казахстанской Федерации Шахмат.

Турнир проходит в шахматном клубе «Дебют» - и для Анвара Вильдановича это не просто площадка. Именно здесь в детстве он влюбился в шахматы и провёл почти всё время до 14 лет: азы, многочасовые тренировки, первые победы, умение справляться с давлением - вот что дали шахматы тогда еще совсем юному Анвару.

Сегодня, уже совсем в другом статусе, он приехал поддержать турнир, где за досками того самого клуба играют именитые гроссмейстеры и мастера со всего мира.

04/07/2026

Құрметті Бикет Таирұлы!

Туған күніңіз құтты болсын!
Қазақстан шахматының дамуына қосқан үлесіңіз, даналығыңыз бен тәжірибеңіз — бүкіл Федерациямызға үлкен тірек. Мықты денсаулық, күш-қуат пен қазақстандық шахмат жолында жаңа жетістіктер тілейміз!
________

Уважаемый Бикет Таирович!

Поздравляем Вас с Днём рождения!
Ваш вклад в развитие шахмат Казахстана, мудрость и опыт — большая опора для всей нашей Федерации. Желаем крепкого здоровья, энергии и новых достижений на благо казахстанских шахмат!

Photos from Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation's post 03/07/2026

♟ Қазақстандық шахматшылар 2026 жылғы Орталық және Солтүстік Азияның жасөспірімдер чемпионатында 9 медаль жеңіп алды!

Қырғызстанның Корумду ауылында басталған чемпионаттың рапид бәсекесінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

🥇 Чемпион атанғандар:
Алихан Сағынтаев (O10), Юрий Пак (O12) және Бибісара Ержан (G14).

🥈 Күміс жүлдегерлер:
Алинұр Бауыржан (O8), Нұрислам Сұлтанхан (O10) және Алдияр Жарас (O14).

🥉 Қола жүлдегерлер:
Нармина Асылбекқызы (G8), Ақниет Күмісбай (G10) және Айлин Заркым (G16).

Чемпионатқа алты елден 479 жас шахматшы қатысуда. Жарыс 8 шілдеге дейін жалғасады. Алда қатысушыларды классикалық шахмат пен блиц бойынша турнирлер күтіп тұр.

Спортшыларымызды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз! 🇰🇿

•••

♟️ Казахстанские шахматисты завоевали 9 медалей на юношеском чемпионате Центральной и Северной Азии 2026!

Турнир по рапиду, открывший чемпионат в селе Корумду (Кыргызстан), принес сборной Казахстана три золотые, три серебряные и три бронзовые медали.

🥇 Чемпионами стали Алихан Сагынтаев (O10), Юрий Пак (O12) и Бибисара Ержан (G14).

🥈 Серебряные медали завоевали Алинур Бауыржан (O8), Нурислам Султанхан (O10) и Алдияр Жарас (O14).

🥉 Бронзу выиграли Нармина Асылбеккызы (G8), Акниет Кумисбай (G10) и Айлин Заркым (G16).

В чемпионате участвуют 479 юных шахматистов из шести стран. Соревнования продлятся до 8 июля: впереди участников ждут турниры по классическим шахматам и блицу.

Поздравляем наших спортсменов и желаем новых побед! 🇰🇿

Photos from Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation's post 30/06/2026

Әлемнің шахмат элитасы Алматыда! 🔥

30 маусым мен 8 шілде аралығында оңтүстік астана ең мықты шахматшылардың басын қосады.

Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді. Жас шеберлер нормативтерді орындауға мүмкіндік алады.

📍 Өтетін жері: Алматы
📅 Күні: 30 маусым — 8 шілде

Чемпион атағын кім жеңіп алады деп ойлайсыз?

•••

Элита мировых шахмат в Алматы! 🔥

С 30 июня по 8 июля южная столица станет центром притяжения для сильнейших шахматистов.
Турнир пройдёт по круговой системе, а молодые мастера получат шанс выполнить нормативы.

📍 Место проведения: Алматы
📅 Даты: 30 июня — 8 июля

Как думаете, кто заберет титул чемпиона?

29/06/2026

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) президентінің орынбасары лауазымына өз кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол әлеуметтік желілердегі парақшаларында мәлімдеді.

FIDE-нің басқарушы құрамына кезекті сайлау 2026 жылы 26-27 қыркүйекте Самарқандта, Ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтеді. Осы кезеңде қалада әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған гроссмейстерлер мен шахмат сүйер қауымның басын қосатын 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы да өткізілмек.

«Осы 3,5 жыл ішінде қол жеткізген нәтижелеріміз маған мына жайтты анық көрсетті: біздің Қазақстанда қолданып отырған тәсіліміз өзін толық ақтады, енді оны әлдеқайда кең ауқымда, әлемдік шахмат деңгейінде қолдануға болады», – деп жазды ол.

•••

Президент Казахстанской федерации шахмат Тимур Турлов принял решение выдвинуть свою кандидатуру на пост заместителя президента Международной шахматной федерации FIDE. Об этом он сообщил на своих страницах в социальных сетях.
Очередные выборы в руководящий состав FIDE состоятся 26-27 сентября 2026 года в Самарканде в рамках проведения Генеральной ассамблеи Организации. В этот же период в городе будет проходить 46-я Всемирная шахматная олимпиада, на которой соберутся тысячи гроссмейстеров и любителей шахмат со всего мира.

«Достигнутые за эти 3,5 года результаты убедили меня в простой вещи: подход, который мы применяем в Казахстане, работает, и его можно масштабировать гораздо шире – на уровень мировых шахмат» – отметил президент KazChess.

Photos from Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation's post 28/06/2026

Қазақстанның жас шахматшылары Әлем кубогынан төрт медальмен оралды!

Грузияда U8, U10 және U12 жас категориялары бойынша кадеттер арасындағы Әлем кубогы аяқталды. Қазақстандық төрт спортшы әртүрлі дәрежедегі медаль жеңіп алды.

Алтын медальды 10 жастағы алматылық Ризат Ұлан иеленді. O10 санатында 150 спортшы қатысқан турнирде ол 9 ұпай жинап, чемпион атанды.

Әлемнің әртүрлі жас топтарындағы көп дүркін чемпионы, 9 жастағы Алиша Бисалиева G10 санатында екінші орынға тұрақтады. Ол 9 ұпай жинады, жеңімпаз — қытайлық Чэнь Чжихань да дәл сонша ұпай жинаған.

Бірінші орынды қосымша көрсеткіштер шешті.
G12 санатында Милана Филиппова 8,5 ұпай жинап, үшінші орынға (қола жүлде) көтерілді. Тағы бір қола медаль O12 санатында Рамазан Төлегенге бұйырды.

Жас чемпиондар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

•••

Юные казахстанцы привезли четыре медали с Кубка мира по шахматам

В Грузии завершился Кубок мира среди кадетов в возрастных категориях U8, U10 и U12. Четверо казахстанских спортсменов завоевали медали разного достоинства.

Золото – у 10-летнего алматинца Ризата Улана. Он набрал 9 очков и золотую медаль в категории O10, где принимали участие 150 спортсменов.

Многократная чемпионка мира в детских возрастных категориях 9-летняя Алиша Бисалиева заняла второе место в категории G10. Она набрала 9 очков, столько же у победительницы – представительницы Китая Чэнь Чжихань. Судьбу первого места решили дополнительные показатели.

В категории G12 отличилась Милана Филиппова, набрав 8,5 очка, она поднялась на третью ступень пьедестала. Еще одна бронзовая медаль у Рамазана Тулегена в категории O12.

Поздравляем юных чемпионов и призеров!

Photos from Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation's post 27/06/2026

Қазақстандық шахматшылар Гонконгтағы рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионатында алты медаль жеңіп алды

Алуа Нұрман, Кұмар Түлепұлы және Айлин Зарқым 2026 жылғы рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионатынан жеке марапаттармен оралды. Алуа Нұрман алтын және күміс медаль алса, Айлин Зарқым — күміс, Кұмар Түлепұлы — күміс пен қола, ал Мұрат Омаров өз тақталарында қола жүлде жеңіп алды.

Жеке марапаттар Гонконгта өткен FIDE World Team Rapid and Blitz Championships 2026 турнирінде қазақстандық командалардың өнер көрсетуінің маңызды қорытындысы болды. Жарыста 48 команда қатысып, тақталарда Магнус Карлсен, Дин Лижэнь, Алиреза Фирузджа, Арджун Эригайси, Нодирбек Абдусатторов және басқа да әлем жұлдыздары ойнады.

Казахстанские шахматисты завоевали шесть медалей на командном чемпионате мира по рапиду и блицу в Гонконге

Алуа Нурман, Кумар Тюлюпов, Айлин Заркым, Мурат Омаров привезли личные награды с командного чемпионата мира 2026 по рапиду и блицу. Алуа Нурман взяла золото и серебро, Айлин Заркын - серебро, Кумар Тюлюпов – серебро и бронзу, а Мурат Омаров – бронзу на своих досках.

Личные награды стали важным итогом выступления казахстанских команд на FIDE World Team Rapid and Blitz Championships 2026, который прошел в Гонконге. В турнире участвовали 48 команд, а за досками играли сильнейшие шахматисты мира, включая Магнуса Карлсена, Дин Лижэня, Алирезу Фирузджу, Арджуна Эригайси, Нодирбека Абдусатторова и других звёзд.

Photos from Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation's post 27/06/2026

🏆 IM Сауат Нұрғалиев жастар арасындағы әлем шахмат чемпионатында қола жүлде жеңіп алды 🏆

15 жастағы қазақстандық спортшы Италияның Монтесильвано қаласында аяқталған FIDE 2026 жылғы Жастар арасындағы әлем шахмат чемпионатында жүлдеге қол жеткізді.

2026 жылғы жастар арасындағы әлем шахмат чемпионатына (U14, U16 және U18 жас топтары) 85 ел мен аумақтан 742 жас шахматшы қатысты.

Қазақстаннан 35 адамнан құралған делегация барды. Ең жақсы нәтижені классикалық шахмат бойынша Қазақстанның қолданыстағы чемпионы Сауат Нұрғалиев O16 санатында көрсетті. Ол 8,5 ұпай жинап, 152 спортшының арасында үшінші орынға тұрақтады.

•••

IM Сауат Нургалиев завоевал бронзу на чемпионате мира по шахматам среди молодежи 🏆

15-летний казахстанский спортсмен сумел добыть награду в итальянском Монтесильвано, где завершился турнир FIDE World Youth Chess Championships 2026.

В чемпионате мира 2026 года по шахматам среди молодёжи в возрастных категориях U14, U16 и U18 приняли участие 742 юных шахматиста из 85 стран и территорий.

От Казахстана на соревнования отправилась делегация в составе 35 человек. Лучший результат показал действующий чемпион Казахстана по классическим шахматам среди мужчин Сауат Нургалиев в категории O16. Ему удалось завоевать 8,5 очка и стать третьим среди 152 спортсменов.

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Tselinograd?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address

город Астана, Улица Мангилик ел 55/22, Блок С 4-3, каб. 135
Tselinograd
Z05T3F5

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00