Sport Qory

Sport Qory

Share

Sport Foundation

Photos from Sport Qory's post 09/08/2026

Қазақстандық Team KZ командасы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде Phygital Shooter CS2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды.

Team KZ Dust2 картасында 13:1 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін лазертагта ресейлік Liga Pro Team командасы мықтырақ болды.

Финалда қазақстандық киберспортшылар Nuke картасында 13:9 есебімен ресейлік LIGA PRO Team командасын жеңді. Осылайша Team KZ чемпиондық титулды жеңіп алды. Liga Pro Team екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Minsk House түйіндеді.

Photos from Sport Qory's post 30/07/2026

Астанада «Болашақ ойындары – 2026» басталды

Киберспорт, дәстүрлі спорт түрлері мен заманауи технологияларды біріктіретін халықаралық турнир 29 шілде мен 9 тамызаралығында өтеді. Жарысқа 34 елден 800-ден астам спортшы қатысуда. Командалар сегіз пән бойынша бақ сынайды: фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық мультиспорттық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет басшысы Астанадағы «Болашақ ойындары» халықаралық фиджитал қозғалысына қуатты серпін беретінін атап өтті.

– Бұл турнир кереғар дүниелерді бір арнаға тоғыстырады. Оның негізінде шынайы және виртуалды әлем арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдік жатыр. Бүгін осы аренаға негізінен жастар жиналып отыр. Сіздер білімді, талантты, еңбекқор, талапты болсаңыздар, болашақтың іргетасы бекемделе түсетіні анық. Алда өздеріңізді биік белестерге бастайтын соқтықпалы-соқпақсыз жол күтіп тұр. Ой-пікірі ортақ, мүддесі бір, сенімді серіктер жандарыңыздан табылғанда ғана бұл жолды еңсеру оңай болмақ. Ойынға қатысушылардың әрқайсысы тыңғылықты дайындықтан өтті. Олар өз командаларының намысын абыроймен қорғауға әзір. Сіздер «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, жаңа достар тауып, келешегі зор жобаларды бірлесе қолға аласыздар деп сенемін. Себебі, «Болашақ ойындарының» басты миссиясы – адамдарды жаңа жетістіктер жолында жұмылдыру және жігерлендіру. «Болашақ ойындары» елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың, достық пен келісімнің «алтын көпіріне» айналады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Іс-шараның құрметті қонақтары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар болды.

Sport Qory «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің серіктесі

📷 Aqorda

Photos from Sport Qory's post 29/07/2026

Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы семсерлесуден алғаш рет әлем чемпионы атанды

Гонконгта өтіп жатқан әлемдік біріншілікте ел намысын Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов қорғады. Финалға жету жолында Қазақстан құрамасы Финляндия (45:39), Өзбекстан (28:27), Дания (45:36), Мысыр (41:32) құрамаларды жеңді. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан 45:40 есебімен жеңіске жетті. Украина турнирді күміспен аяқтады, ал қоланы Мысыр өкілдері жеңіп алды.

Photos from Sport Qory's post 24/07/2026

«WTT Youth Contender Almaty» басталады!

Sport Qory қолдауымен Алматыда 24-27 шілде күндері үстел теннисінен халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді.

17 елден келген дарынды спортшылар WTT рейтингтік ұпайлар мен жүлделі орындар үшін өзара бақ сынайды.

04/06/2026

Тәуелсіз Қазақстанның туы, елтаңбасы және әнұраны тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 4 маусымда бекітілді.

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін.

29/05/2026

Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінде әлем чемпионынан басым түсті

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 әйелдер турнирінің төртінші турында қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньнен (Қытай) басым түсті. Классикалық партия 40-шы жүрісте тең аяқталып, одан кейін қарсыластар «армагеддон» ойнады. Онда Асаубаева 34-ші жүрісте мат қойып, 3 ұпайдың 1,5 ұпайын еншіледі.

Отандасымыз бірінші турда Үндістан өкілі Хампи Конеруды жеңіп, ең жоғары ұпай еншілесе (классикалық ойында басым түсті), екінші турда армагеддонда Чжу Цзиньэрді (Қытай) тізе бүкітірген болатын. Төрт турдың қорытындысы бойынша Асаубаева 7 ұпаймен көш бастап тұр.

Айта кетейік, Norway Chess - 2026 турнирі Осло қаласында 25 мамыр мен 6 маусым аралығында жалғасады.

Photos from Sport Qory's post 25/05/2026

«Барыс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2025–2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстандағы үздік хоккей мектебі деп танылды.

23 мамыр күні өткен салтанатты жабылу рәсімінде мектеп командаларының бір жылдық жетістіктері қорытындыланып, үздік ойыншылар мен қызметкерлер марапатталды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, спорт ұйымдарының өкілдері, серіктестер, сондай-ақ «Барыс» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары қатысты.

Маусым нәтижесі бойынша мектептің 6 командасының 5-еуі өз жас санаттарында Қазақстан чемпионы атанды. «Барыс» жастар командасы Jastar Ligasy турнирінде алтыншы рет чемпион атанып, клуб тарихындағы көшбасшылық орнын растады. Сонымен қатар, Ресейдің жасөспірімдер хоккей лигасында өзінен бір жас үлкен қарсыластарға қарсы өнер көрсеткен «Барыс-2009» командасы жоғары деңгейдегі бәсекеде 7-орынға тұрақтады.

Бұдан бөлек, мектептің 4 командасы Орал, Сібір және Приволжье федералдық округтері біріншілігінің ең мықты «А» дивизионындағы орындарын сақтап қалды.

Жоғары спорттық нәтижелер мен жүйелі жұмыстың арқасында «Барыс» БЖСМ Қазақстан хоккей федерациясының шешімімен маусымның үздік хоккей мектебі атанды.

Photos from Sport Qory's post 12/05/2026

Qazaqstan Barysy Grand Slam өз мәресіне жетті

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік бәсекесін тарихи нәтимен аяқтады. Астана қаласында өткен бәсекеде отандық дзюдошылар екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлде иеленді.

Әлемнің 36 елінен 295 татами шебері бақ сынаған әлемдік додада Қазақстан құрамасы жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға тұрақтады.

Атап айтқанда, 81 келіге дейінгі салмақта Жалғас Қайролла мен –100 келі салмақ дәрежесінде Марат Байкамуров турнир чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына қос алтын жүлде салды.

Күміс жүлдені 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар және +78 келі салмақ дәрежесінде Камила Берліқаш жеңіп алды.

Ал қола медальдарды 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов, 73 келіге дейінгі салмақта Ансарбек Ғайнуллин, 90 келіге дейінгі салмақта Айдар Арапов және +78 келі салмақ дәрежесінде Аида Тойшыбекова иеленді.

Қазақстан дзюдошылары алғаш рет Grand Slam жарыстарында екі бірдей алтын жүлде иеленіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Қазақстан бұл беделді жарысты төртінші жыл қатарынан қабылдап, турнирдің алғашқы күніндегі финалдық белдесулерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп тамашалады.

Айта кетейік, Қазақстан 2027 жылы Астанада дзюдодан ересектер арасындағы Әлем чемпионатын қабылдайды.



Photos from Sport Qory's post 23/04/2026

Қытайдың Санья қаласында 2026 жылғы VI жағажайдағы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ауқымды спорттық дода Азия Олимпиадалық кеңесінің күнтізбесіне 10 жыл үзілістен кейін қайта енгізілді.

Салтанатты рәсім Tianya Haijiao жағалау аймағында ұйымдастырылып, дәстүрлі стадион форматына балама ретінде теңіз жағасында өтті. Көрермендер сахнаға жақын орналастырылып, ерекше формат ұсынылды.

Спортшылар шеруінде Қазақстан құрамасының туын су добын құрамасының ойыншысы Мұрат Шәкенов пен акватлоншы Диана Ержанова ұстап шықты.

Бұл додада ел құрамасы тоғыз спорт түрі бойынша бақ сынайды. Жағажай Азия ойындары 22-30 сәуір аралығында өтеді.

📸

17/04/2026

Көңіл айтамыз...

«Астана» баскетбол клубының бас бапкері Рамунас Цвирка 59 жасында бақилыққа аттанды. SportQory ұжымы марқұмның отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Рамунас Цвирка – баскетболдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан, мол тәжірибесі мен кәсібилігі үйлескен білікті бапкер еді. Оның басшылығымен команда тұрақты түрде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Ол ойыншылар үшін тек жаттықтырушы ғана емес, өмірлік бағыт сілтеген ұстаз бола білді.
Жатқан жеріңіз жайлы болсын.

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Akmola?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Мәңгілік ел 30
Akmola
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00