Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Share

"Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ" ресми парақшасы.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 17/12/2024

ЧЕМПИОНАТ КАЗАХСТАНА ПО ФИГУРНОМУ КАТАНИЮ: СПОРТСМЕНЫ ИЗ АСТАНЫ ПРОДЕМОНСТРИРОВАЛИ ВЫДАЮЩИЕСЯ РЕЗУЛЬТАТЫ

В Караганде завершился чемпионат Казахстана по фигурному катанию, в котором приняли участие около 70 спортсменов из Астаны, Алматы, Шымкента, а также из Карагандинской, Павлодарской, Атырауской, Восточно-Казахстанской, Мангистауской и Улытауской областей.

Соревнования проводились в трёх основных дисциплинах: мужское одиночное катание, женское одиночное катание и танцы на льду. А также пяти разрядах: кандидаты в мастера спорта (юноши и девушки), мастера спорта (мужчины и женщины) и танцы на льду.

По итогам соревнований представители Астаны продемонстрировали высокий уровень подготовки, завоевав значительное количество наград.

В женском одиночном катании чемпионский титул завоевала Софья Самоделкина из Астаны, продемонстрировав высокий уровень техники и артистизма. Серебряным призёром стала ещё одна столичная спортсменка Зере Сарбалина. Бронзовую медаль завоевала София Фарафонова, представляющая Алматы.

В мужском одиночном катании уверенную победу одержал спортсмен из Астаны Диас Джиренбаев. Серебряную награду получил Никита Кривошеев из Алматы, а бронзовым призёром стал Артур Смагулов из Кызылорды.

В разряде кандидатов в мастера спорта среди девушек чемпионкой стала представительница Астаны Ким Вероника. Бронзовую медаль завоевала также столичная спортсменка Карина Шейна. Среди юношей третье место занял спортсмен из Астаны Ансар Исмухамбетов.

Таким образом, фигуристы из Астаны подтвердили своё лидерство и продемонстрировали выдающийся уровень подготовки на чемпионате Казахстана по фигурному катанию.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 14/12/2024

«ПОДДЕРЖИМ ТЕХ, КТО ЗАБОТИТСЯ О ГОРОДЕ!»: В СТОЛИЦЕ СТАРТОВАЛ НОВЫЙ ЧЕЛЛЕНДЖ

В Астане именитые спортсмены приняли участие в акции благодарности сотрудникам коммунальных служб. Известные спортсмены столицы присоединились к челленджу и решили поддержать сотрудников коммунальных служб, которые трудятся в сложных условиях снегоуборочных работ в дневное и ночное время.

Этим утром спортсмены собрались в Парке влюбленных, для того чтобы раздать горячий чай и баурсаки тем, кто на ежедневной основе трудится на благо нашей столицы.

«Сегодня у нас действительно доброе утро, потому что мы собрались со спортсменами и ребятами из творческой сферы и решили порадовать тех, кто делает наш город чище и лучше», - поделился основатель футбольного клуба SD Family Дидар Сыдыкбек.

Помимо угощений спортсмены оказали практическую помощь, приняв участие в уборке снега. Данное мероприятие продемонстрировало единство и взаимоуважение среди горожан столицы, которые ранним утром вышли поддержать работников коммунальных служб.

«Чистота нашего города - это большой труд работников коммунальных служб. Для того, чтобы выразить свою благодарность, мы собрались с коллегами из спорта и решили обрадовать работников горячим чаем и баурсаками», - отметил чемпион мира среди юношей по тяжелой атлетике Едіге Емберді.

Инициативу также поддержали такие спортсмены, как Улжан Ракишева, Биғали Зкрияев, Ерболат Бекболатов, Саян Жандильдин и Джамбулат Ибрагимов.

В дальнейшем акция охватит все районы города и будет проводиться на ежемесячной основе.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 13/12/2024

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан ұйымдастырылған тартысты турнир өз мәресіне жетті. Жарыстың басты мақсаты басқарма жүйесіне кіретін мекемелер арасындағы достық пен серіктестікті нығайту болды.

Турнирге барлығы 8 команда қатысып, өзара шеберлік байқасты. Екі күнге созылған дода нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, арнайы алғыс хаттармен және кубоктармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-орын: Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қызметкерлері;

2-орын: «№5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ;

3-орын: Спорттық медицина орталығының қызметкерлері.

Сонымен қатар, жарыс барысында үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:

Үздік ойыншы – Меруерт Смағұлова («№5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі»);

Үздік шабуылшы – Азамат Нұрматов (Спорттық медицина орталығы);

Үздік байланыстырушы – Смаилова Томирис (Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы);

Үздік қорғаушы – Мансұр Хамаржанұлы («№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі»).

Айта кетейік, турнир «Ұлытау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 13/12/2024

ЕЛОРДАДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЖҮЗУДЕН ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

Barys Arena Pool олимпиадалық бассейнінің базасында Тәуелсіздік күніне орай жүзуден ASTANA OPEN ашық республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталады.

Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ашық біріншілікте 2008-2011 жылдары дүниеге келген жасөспірім ұлдар мен қыздар сынға түсіп жатыр.

«Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын додаға 583 спортшы қатысуда. Олардың 197-сі – қыз бала, 386-сы – ұл бала. Бәсекеге Астанадан бөлек, Алматы қаласы, Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарынан спортшылар келді. Қатысушылар әртүрлі қашықтықтар бойынша жеке және эстафеталық сайыста жүлдеге таласады», - деді жүзуден Астана қаласының аға бапкері Анна Гершевич.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 12-14 желтоқсан күндері аралығында анықталады. Жарыстың бірінші күні эстафеталық жарыс, 50 метрге баттерфляй, 200 метрге брасс, 100 метрге еркін жүзу және 200 метрге шалқалай жүзу әдісі бойынша өрбиді. Екінші және үшінші күндері спорттық бәсекеде 50 метрге еркін жүзу, шалқалай жүзу, брасс, 100 метрге баттерфляй, шалқалай жүзу және брасс, 200 метрге еркін жүзу, баттерфляй, кешенді жүзу бойынша сынға түседі.

Айта кетейік, ашық біріншілікте үздік көрінген спортшылар ұлттық құрамаға кіруге мүмкіндік алады.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 13/12/2024

ЕЛОРДАЛЫҚТАР БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН КҮТІП АЛДЫ

Кеше елордалықтар Астана халықаралық әуежайында бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен күміс жүлдегер Санжар Тәшкенбайды салтанатты түрде күтіп алды.

Бокстан 29 қараша-11 желтоқсан күндері аралығында Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионаты аяқталып, жерлестеріміз 9 алтын, 5 күміс, 6 қола жеңіп алды. Олардың арасында елордалық Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбай бар.

«Көктемде Олимпиадаға дайындық мақсатында Астанада өткен Elorda Cup халықаралық турнирінде алғаш рет +92 келіде өнер көрсеткен едім. Енді міне Азия чемпионатында осы салмаққа көтеріліп, топ жардым. Қателіктерімді байқадым. Алдағы уақытта тағы тынбай жаттығып, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында бірінші нөмір екендігімді дәлелдеуге тырысамын», - деді ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай.

Бір қызығы, бұған дейін 2022 жылы өткен Азия чемпионатымен салыстырар болсақ, тек Айбек Оралбай ғана өз атағын қорғап, өзге салмақтарда жаңа чемпиондар шықты.

Ал ең жеңіл 48 келіде Әлем чемпионы, Азия чемпионы, басты фаворит саналған Санжар Тәшкенбай финалда өзбек боксшысына есе жібергенімен, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов қорытынды шешіммен келіспейтіндігін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, 1994 жылдан бері Азия чемпионатына тұрақты түрде қатысып келе жатқан Қазақстан сапынан әзірше Василий Левит қана ең көп яғни 3 мәрте жеңімпаз атанған.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 11/12/2024

КЕЗЕКТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға екі азамат келіп, өз мәселесін жеткізді. Өз кезегінде басқарма басшысы қабылдауда айтылған мәселелерді cала мамандарымен бірге бірлесіп қарап, заңдылыққа сәйкес шешім қабылдау қажет екенін алға тартты.

Сондай-ақ, Василий Левит қосымша қарастыруды талап ететін сұрақтарды жеке бақылауында ұстайтының жеткізді.

___

ПРИЕМ ГРАЖДАН

Руководитель Управления физической культуры и спорта города Астаны Василий Левит провел прием граждан, записанных в порядке очередности.

В ходе приема двое граждан обратились с волнующими их вопросами. Руководитель управления подчеркнул, что все поднятые вопросы будут рассмотрены совместно с профильными специалистами, а решения будут приниматься в строгом соответствии с требованиями действующего законодательства.

Кроме того, Василий Левит заверил, что вопросы, требующие дополнительного изучения, будут взяты под его личный контроль.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 11/12/2024

ЕЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫ АЙБЕК ОРАЛБАЙ - 2 ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ел қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

Аса ауыр салмақтағы (+92 кг) жерлесіміз Айбек Оралбай 2 жыл бұрынғы Аммандағы жетістігін тағы қайталап, жеңімпаз атанды. Ол финалда Қытай өкілі Абудурешити Ремуланы сан соқтырды. Осылайша, Айбек командаға 4-алтынды салды.

Бұған дейін тағы бір жерлесіміз Санжар күміс жүлдегер атанған болатын. Биылғы Азия чемпионатын еліміздің ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-орында аяқтады.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 09/12/2024

АЗИЯ – ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ОЙЫНДАРЫ: АСТАНАЛЫҚ СУРДО СПОРТШЫЛАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында өткен 10-шы Азия-Тынық мұхиты ойындары өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы 17 алтын, 25 күміс және 24 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады. Айтулы жарыста Астана қаласының төрт спортшысы өнер көрсетіп, екеуі жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, елордалық Хапизов Сабиржан сурдо дзюдодан жекелей есепте күміс жүлдегер атанып, ал командалық есепте алтын жүлде иегері атанды.

Сондай-ақ, сурдо шахматтан өнер көрсеткен тағы бір жерлесіміз Қожахметов Сұлтан жекелей есепте қола жүлдегер, командалық есепте күміс жүлде иегері атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Иран (24 алтын, 16 күміс, 20 қола), екінші орынды Оңтүстік Корея (21 алтын, 10 күміс, 16 қола), үшінші орынды Қытай (19 алтын, 9 күміс, 8 қола) иеленді.

«Қазақстан Азия-Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері 5 рет қатысып келеді. Биыл жарысқа елімізден 80 спортшы қатысып, 66 медаль жеңіп алды, оның ішінде 17 алтын медаль бар. Азия – Тынық мұхиты ойындары 2025 жылы Токиода өтетін жазғы Сурдлимпиадалық ойындарына жақсы дайындық кезеңі болды. Ол жарыста да біздің спортшылар елімізді ел намысын абыроймен қорғайтынына сенімдіміз», — деді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Марат Қасқырбаев.

Айта кетейік, Азия — Тынық мұхиты ойындары 1-9 желтоқсан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан жарысқа 8 спорт түрінен 80 спортшы қатысты. Бәсекеге 21 елден 1300-ге жуық спортшы бас қосып, спорттың 10 түрінен (жеңіл атлетика, үстел теннисі, бадминтон, еркін және грек-рим күресі, таеквондо, дзюдо, футбол, боулинг және шахмат) ең үздіктер анықталды. Жалпы медаль саны бойынша жеңіл атлетика спортшылары (17 медаль) мен дзюдошылар (16 медаль) алдыңғы қатарда тұр.

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 09/12/2024
Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 09/12/2024

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ПАРА ЖҮЗУДЕН ӘЛЕМДІК СЕРИЯДА ЕКІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

2024 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Египеттің Каир қаласында өткен World Series of Paraswimming әлемдік жарысында Астана қаласының екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыстың алғашқы күндері елордалық параспортшылар үшін аса сәтті болды. Жастар арасында 50 метрлік еркін стильде Ерсұлтан Нәметуллаев (S9) пен 100 метрлік брасс бойынша Али Тұрғанбеков (SB4) қола медаль жеңіп алды.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Айдар Картпаев жарыс нәтижелеріне жоғары баға берді:

"Бұл жарыста еліміздің спортшылары жалпы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Олардың ішінде Астана қаласының қос спортшысы ерекше нәтиже көрсетті. Ерсұлтан Нәметуллаев 50 метрлік еркін стильде 30,00 секунд көрсетіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Бұл оның жеке жетістігі ғана емес, ел үшін үлкен мақтаныш. Сонымен қатар, Али Тұрғанбеков 100 метрлік брасс жарысында өз нәтижесін жақсартып, Қазақстанның тағы бір рекордын жаңартты. Ол жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысу нормативін де орындады. Осындай жарыстар спортшыларымызға үлкен тәжірибе береді. Бұл – биылғы жылдың соңғы додасы, енді 2025 жылы Сингапурда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз."

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 18 елінен 90-ға жуық параспортшы қатысты. Астаналық спортшылардың бұл жетістігі – Қазақстанның параспорт саласындағы жаңа белесі.

_______

СПОРТСМЕНЫ АСТАНЫ ЗАВОЕВАЛИ ДВЕ МЕДАЛИ НА МИРОВОЙ СЕРИИ ПО ПАРАПЛАВАНИЮ

С 3 по 9 декабря 2024 года в Каире (Египет) прошли соревнования World Series of Paraswimming, где спортсмены из Астаны показали отличные результаты.

Первые дни соревнований оказались особенно успешными для столичных параспортсменов. В молодежной категории бронзовые медали завоевали Ерсултан Наметуллаев (S9) на дистанции 50 метров вольным стилем и Али Турганбеков (SB4) на дистанции 100 метров брассом.

В соревнованиях приняли участие около 90 параспортсменов из 18 стран мира.

Достижения астанинских спортсменов подтверждают высокий уровень развития параспорта в Казахстане

Photos from Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы's post 09/12/2024

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЕЛОРДАЛЫҚ БАТУТШЫЛАР 1 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Өзбекстанда өткен «Beyond the Sky» халықаралық турнирінде елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, батутта секіруден Евгения Чернышова күміс медаль иеленсе, синхронды секіруден Аружан Уәлихан, Варвара Шарапова және Платон Холмецкий қола жүлдегер атанды.

«Біздің спортшылар халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, мықты қарсыластар арасында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Кейбір спортшылар үшін бұл – халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс. Енді Жастар арасындағы Әлем чемпионатына дайындалып, үлкен жетістіктерге жету үшін бар күшімізді саламыз», – деді №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің Батуттық гимнастика бөлімінің аға жаттықтырушысы Елдар Женысханов.

Аталған жарысқа Әзірбайжан, Польша, Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан 148 спортшы қатысып, үздіктер іріктелді.

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Akmola?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


РАЙОН ЕСИЛЬ, ПРОСПЕКТ КАБАНБАЙ БАТЫРА, 33
Akmola

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 08:30 - 18:00
Wednesday 08:30 - 18:00
Thursday 08:30 - 18:00
Friday 08:30 - 18:00