Қарабұта ауылы — берекесі артып, ынтымағы жарасқан, қонақжай ауыл екен! Ақ көңілдеріңіз бен ерекше ықыластарыңыз үшін үлкен рақмет! Берекелеріңіз артып, бірліктеріңіз нығая берсін! 🤍
Nurlan Toleutaev
прокат на конный тур
06/08/2026
Асылдардың сынығы – Асыл бауырым.
Осы пост арқылы жанымдағы сенімді ініме алғыс айтқым келеді.
Екі жылдан бері қасымнан бір елі ажырамай, қуанышымды да, қиыншылығымды да бірге бөлісіп келе жатқан жан. Бізбен бірге талай сынақтан өтті, талай қызықты сәттердің куәсі болды. Уақыт өте келе жай ғана әріптес емес, туған бауырымдай болып кетті.
Қазір Алакөлде бірге дөнерхана жүргізіп жатырмыз. Барлық жауапкершілікті бірге көтеріп келеміз. Негізі мобилограф болса да, қажет кезде дөнерші де болады, кассада да тұрады, жеткізуге де шығады. Қай жұмыс болса да ешқашан «істемеймін» демейді. Осындай еңбекқор, адал, сенімді жігіттің жанымда жүргеніне шүкір.
Осындай азамат тәрбиелеген Үржар еліне және ата-анасына үлкен рақмет!
Асыл, саған мың алғыс, бауырым! Алла бауырластығымызды баянды етіп, арамыздағы сыйластық пен сенімді ешқашан үзбесін. Әрдайым биіктерден көріне бер! 🤝❤️
Ерасыл |
31/07/2026
Ерболат Мұхамеджан
Осы сайлауда Ерболат Мұхамеджанның сенімді өкілі болуға келістім.
Бірақ мен үшін ең маңыздысы – жеке адам емес, оның артында тұрған команда мен ұстаным.
Кәсіпкер ретінде бір нәрсені анық білемін: бизнеске артық уәде емес, тұрақты ереже керек. Түсінікті салық жүйесі, әділ бәсеке және негізсіз кедергілердің азаюы керек.
Сондықтан Respublica партиясының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұстанымын қолдаймын. Өйткені бұл мәселелерді күнде бизнесте жүрген адамдар жақсы түсінеді.
Экономика кәсіпкерлердің күшімен өседі. Ал кәсіпкерге ең алдымен сенім мен мүмкіндік қажет.
23 тамызда №7 – Respublica партиясына дауыс беремін.
Respublica партиясы Respublica партиясының Абай облыстық филиалы
🌊 Алакөлге демалыс жоспарлап жүрсіз бе?
Менің оқырмандарыма арнайы жеңілдік бар! 🤍
Егер Алакөлге келетін болсаңыздар, «Na Volne» демалыс үйін таңдаңыздар. Жайлы демалыс, таза орта және күніне 3 мезгіл толыққанды тамақтану сіздердің алған бағаларыңызға кіреді.
📲 Жеңілдік алу үшін төмендегі нөмірге хабарласып, менің оқырманым екеніңізді айтыңыз.
📞 +7 747 148 9520
Жақсы демалыс тілеймін! ☀️🌊
✨ Сіздерді жайлы бөлмелер, емдік шаралар және мейірімді қызметкерлер қарсы алады.
Барлық-Арасан сауықтыру шипажайына баршаңызды шақырамыз!
Өзіңізге және жақындарыңызға денсаулық сыйлаңыз!
📞 Бронь қою үшін: +7 707 880 2270
Кім Арал төбеге барып көрді ?)
+7 747 834 4162 Аян
#алаколь #алакөл
Акшидің жігіттер | Жетісу облысы 🫂
Алматыдан келе жатқан жолда бір кісіден Алакөл туралы сұхбат алдық. Айтуынша, олар жыл сайын Алакөлге демалуға келеді екен. Биыл бағыттарын өзгертіп, Қабанбай ауылына ат басын бұрыпты. Қабанбайдың емдік балшығы мен шипалы суы туралы естіп, соны көріп, ем алуға арнайы келіп отырғандарын айтты.
Абай облысы мен Алматы облысын жалғайтын Жалаңаш көлінің жағасындағы 8 шақырым жолға бір көңіл бөлсеңіздер екен. Бұл жолдың жағдайы жөндеуді қажет етеді. Бар болғаны 8 шақырым болса да, осы жер жөнделсе халыққа да, туристерге де өте қолайлы болар еді. Жалаңаш көлінің туризмін дамытуға да үлкен үлес қосар еді. Осы мәселені назарға алып, қарап шықсаңыздар екен.
#алаколь #алакөл
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Website
Address
Татулық 2Б
Almaty
050000
Opening Hours
| Monday | 08:00 - 19:00 |
| Tuesday | 08:00 - 19:00 |
| Wednesday | 08:00 - 19:00 |