06/11/2023
Қанша жылдан бері айналысып жатқан шаруамыз туралы “Про ММА подкаст” арнасында сұхбат беріп едім. Уақыттарыңыз болса, қарап, пікір жаза кетсеңіздер.
Нураддин Садыков - OCTAGON президенті - ММАде ақша табу мүмкін емес
✅ Бүгінгі шығарылымның қонағы - OCTAGON лигасының басшысы Нұраддин Садықов. Бұл подкаст аясында біз жалпы ММА индустриясында болып жатқан үрдістерді,Бокстың ...
22/10/2023
Welcome to our hospitality Kazakhstan, my brothers , ! I am very glad to meet such professionals as you! God willing, a great future awaits us!
15/10/2023
ЖАРАЙСЫҢ, ЖӘНІБЕК!
Әуесқой бокста түскен еңсені бір көтеріп тастадың! Жарайсың, бауырым! Тағы қайталап айтам, қазақтың наны - әуесқойда емес, кәсіпқой бокста! Соны дамытуға, соған дайындауға күш салу керекпіз. Осындай жүздеген Жәнібектер қазақтың атын шығаратын! Жасай бер, оғланым!
17/08/2023
ЗАВТРА ПРАЗДНИК, ЗАВТРА БОЙ! 😁
22/07/2023
8 YEARS TOGETHER
8 ЖЫЛ БІРГЕ!
8 ЛЕТ ВМЕСТЕ!
18/07/2023
LFA & OCTAGON?..
Осы жолы АҚШ-қа жоспарланған сапарымдағы бір шаруа, әлемдік лигалардың ТОП алтылығына кіретін, АҚШ-тағы төртінші орындағы лига президенті, жақын дос Свен Бин мырзамен кездесу болатын.
Дәл осы шаруа үшін, Колорадо штатының Денвер қаласына ұшып барып, Свен мырзамен бейресми жағдайда керемет кездесу өткізіп, бірнеше сағат әңгіме соқтық. Әңгіме барысында болашақ іскерлік қарым-қатынастар бағытына бірлесе жоспар құрдық. Алла қаласа, Қазақ аралас жекпе-жегі ғана емес, түркі әлемінің аралас жекпе-жегіне оң ықпалын тигізер жаңалықтар болады. Ол не жаңалық дейтіндер, пікірлеріңізді жаза отырыңыздар!
16/07/2023
БІЗ ЖЕҢДІК!
Осымен бұл да бір біткен шаруа болды. Қанша жылдар бойы жасалған еңбек, ұйқысыз түндер, төгілген қан мен тердің өтеуі ақталды. Бастысы - жеңіске жеттік. Қалай жеңіске жеткеніміз маңызды емес. Маңыздысы - үлкен сабақ, тәжірибе алғанымыз, ненің не екенін түсінгеніміз. Маңыздысы - 18 млн халқы бар “үшінші әлем” елінің промоушенінен шыққан өнімнің әлемдік аренаға шығып, мықтылармен терезесі тең өнер көрсете алып, тарих жасалғаны. Тағы бір маңыздысы - біз .maksum сияқты бізге сеніп, бір командада келе жатқан жігіттерге үміт сыйлай алғанымыз. 5-6 жыл бұрын армандауға да ұялатын армандарымыздың ішінде жүруіміз. Енді бір маңыздысы - қазір біз Қазақ аралас жекпе-жегінің, Түркі әлемінің ренессанс дәуірін бастан кешіріп жатқанымыз. Біз енді бастадық, бұдан әрі көбейе де береміз! Сондықтан, қуан қазақ!
P.S. Осы күнге жеткенімізге әуелі Аллаға шүкір. Екіншіден, біздің , , .management командасына, .team ағамыз бастаған залына, дәл осы жекпе-жекке дайындықтың басы-қасында жүріп, отына күйіп, суына түскен, Азаттың бүкіл “еркелігін” көтерген бауырыма, бауырымның компаниясына, басынан бастап жанымызда жүрген бауырыма және .soyrkas досыма рахмет!
P.S.S. Келесі эстафетаны 5-тамызда осы ұйымда өнер көрсететін бауырымызға жолдаймыз! Асу - Осборнды осқыртып сабайтынына сенеміз! Сәттілік, бауырым!
08/07/2023
Нью-Йорктегі Орта Азиялық мейрамханадан бауырым мен досыммен бір естелік рәсім.
06/07/2023
ҚҰРАМА ШТАТТАРДАҒЫ ҚАЛАЛАР САПЫНА +1 ҚАЛА
Бұған дейін, Вашингтонды АҚШ астанасы ретінде білсем де, арнайылап ат басын бұрмаппын. Реті де келмеген, мен де аса қажет деп таппағам. Сөйтсем, келуге тиісті қалалардың біріне жатады екен. Маған қатты ұнағаны - табиғаты болды. Мұндай әдемі деп ойламаппын. Болашақта, асықпай келемін деп шештім. Жақсылап қонақ қылып, сыйлап, күтіп жіберген Талғат бауырыма рахмет!
18/06/2023
Неше күн жөнді ұйықтамаса да, Рейхстагқа келгеніне разы болған түр ғой бұл 😁.
12/06/2023
АЛ, ЖІГІТТЕР, ЖОЛ БОЛСЫН!
Алла оңдап, періштелер қолдап, әруақтар желеп-жебеп, олжалы оралуды нәсіп етсін! Бұйырса, арттарыңнан барып қаламыз! Жаратқан абыроймен қайтуды нәсіп етсін!