Центр Активного Долголетия г. Алматы

Центр Активного Долголетия г. Алматы

Share

Наш центр - это организация социально-культурного досуга и ежедневного обучения, а также преемственности поколений.

23/08/2026

Бүгін өткен Қазақстан Республикасының Құрылтайына біздің орталықтың қызметкерлері мен қызмет алушылары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. 🇰🇿

Әр азаматтың таңдауы — ел болашағы үшін маңызды! 🗳️✨

Сегодня сотрудники и получатели услуг нашего центра приняли активное участие в выборах в рамках Курултая Республики Казахстан и сделали свой выбор. 🇰🇿

Каждый голос — это вклад в будущее нашей страны! 🗳️✨. #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #акиматалматы #құрылтай #цадалмалы

14/08/2026

*Бүгін орталықта «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесу өтті.*
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Партия өкілдері әлеуметтік қолдау, заңнамалық өзгерістер және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері бойынша толық ақпарат берді.
Кездесу ашық әрі конструктивті диалог форматында өтіп, тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

*Сегодня в центре состоялась встреча с представителями партии «Әділет».*
В ходе встречи участники задали интересующие их вопросы и внесли свои предложения. Представители партии предоставили подробную информацию по вопросам социальной поддержки, законодательных изменений и улучшения благосостояния населения.
Встреча прошла в формате открытого и конструктивного диалога, стороны договорились об укреплении дальнейшего сотрудничества. #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #акиматалматы #әділет #цад

13/08/2026

Спорт күніне орай орталығымызда қызықты ойындар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Қызмет алушылар арасында өткен шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушылар белсенділік танытты.
Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдастықты нығайтуға ықпал етеді.

Ко Дню спорта в нашем центре были организованы веселые игры.
Мероприятие среди услугополучателей прошло в атмосфере позитива, участники проявили активность и командный дух.
Подобные мероприятия способствуют пропаганде здорового образа жизни и укреплению коллектива. #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #спорт #акиматалматы #цад

12/08/2026

Толық адам” әлеуметтік жобасы аясында БЖЗҚ қорының қызметкерлері орталығымыздың қызмет алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, БЖЗҚ қызметтері және зейнетақы жинақтарын басқару мәселелері бойынша толық ақпарат берілді.
Қызмет алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пайдалы кеңестермен бөлісті.

В рамках социального проекта “Толық адам” услугополучатели нашего центра встретились с сотрудниками Фонда ЕНПФ.
В ходе встречи была представлена подробная информация об изменениях в пенсионной системе, услугах ЕНПФ и управлении пенсионными накоплениями.
Услугополучатели получили ответы на интересующие вопросы и полезные рекомендации. #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #толықадам #акиматалмалы

10/08/2026

Бүгін орталығымызда “Егде адам ресурстары” тақырыбында психологиялық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – егде жастағы адамдардың өмірлік тәжірибесі мен әлеуетін қоғамға пайдалы ресурс ретінде көрсету, олардың өзін-өзі дамытуына қолдау көрсету.
Кездесу барысында қатысушылар психологиялық жаттығулар жасап, өзара тәжірибе алмасты.
Белсенді ұзақ өмір орталығының мүшелері белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Сегодня в нашем центре активного долголетия состоялся психологический семинар на тему: “Ресурсы пожилого человека”.
Цель семинара – показать жизненный опыт и потенциал людей старшего возраста как ценный ресурс для общества, а также поддержать их личностное развитие.
В ходе встречи участники выполнили психологические упражнения и поделились опытом.
Услугополучатели центра приняли активное участие и разошлись в приподнятом настроении. #акиматалматы #центрактивногодолголетия #белсендіұзақөмір #психология #цадалмалы

07/08/2026

Алмалы ауданының зейнеткері, біздің «Белсенді ұзақ өмір» орталығында белсенділік танытып жүрген *Күлебай Құлтаев* отбасы құндылықтарын жоғары қоятын, үлгілі жанұяның отағасы.
Ол орталық жұмысына белсене араласып, жастарға өнеге көрсетіп жүр.

Пенсионер Алмалинского района, активный участник нашего центра «Активного долголетия” *Кулебай Култаев* — глава семьи, для которой семейные ценности стоят на первом месте.
Он принимает активное участие в жизни центра и является примером для молодежи.
#ОтбасыҚұндылығы #Конституция #АкиматАлмалы

07/08/2026

Бүгін орталығымызда ұлы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында орталық қызмет алушылары мен өнерлі балалар Абайдың даналыққа толы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Сонымен қатар, Абай әндері шырқалып, ұлттық биден шашу шашылды.
Мұндай шаралар жастарды ұлттық құндылықтарға, әдебиетке және өнерге баулу мақсатында өткізілді.

Сегодня в нашем центре было организовано праздничное мероприятие, посвященное дню рождения великого Абая Кунанбаева.
В ходе мероприятия услугополучатели центра и дети выразительно читали стихи Абая, наполненные мудростью.
Также прозвучали песни на слова Абая и был исполнен танец с шашу.
Подобные мероприятия проводятся с целью приобщения молодежи к национальным ценностям, литературе и искусству. #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #акиматалматы #концерт

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


Желтоксан 29
Almaty
050004

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00