Atyrau_ulttyqsport_federation

Atyrau_ulttyqsport_federation

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Atyrau_ulttyqsport_federation, Professional Sports Team, Atyrau.

Photos from Atyrau_ulttyqsport_federation's post 11/05/2023

📰АТЫРАУЛЫҚ "ЖАС-НАРЫН" КӨКПАР ҚҰРАМАСЫ ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!
ℹ️ Ағымдағы жылдың 05-11 мамыр күндері аралығында Шымкент қаласында өткен ұлттық спорт түрі "Көкпардан" жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткен болатын.
Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша:
🏆🥇-"Әулие-Ата" (Жамбыл облысы)
🥈- "Тұран" (Түркістан облысы)
🥉 - "Жас-Нарын" (Атырау облысы).

15/04/2022

📢 Құрмметті, Бәйге сүйер қауым!
Сіздерді Атырау облыстық "Ұлттық спорт түрлері" Федерациясының Маусымашар бәйгесін тамашалауға шақырамыз
🕙 Өтетін уақыты: 16 сәуір, сағ. 10:00
📍 Өтетін жері: Ақсай ауылы маңы Атшабары

26/11/2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай .kz ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен және қолдауымен.
“Алтын тұғыр 2021” Ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсіміне шақырамыз!

30 қараша, сағат: 19:00
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазмедиа орталығы.
Ұлттық спорт - Ұлт қуаты!

17/11/2021

БҮГІН! 21:20 Атырау телеарнасы ұсынады!



Photos from Atyrau_ulttyqsport_federation's post 09/11/2021

📰 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӨКПАРДАН ЖӘНЕ АУДАРЫСПАҚТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ 🇰🇿 ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!
ℹ️ Ағымдағы жылдың, 3-10 қараша күндері аралығында, Алматы облысы, Қарасай ауданында 2004-2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы, ұлттық спорт түрлері «Көкпардан» және «Аударыспақтан» өткен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті.
Аталған чемпионатқа көкпардан, биыл құрылған Атырау облысының «Нарын Ж-17» жасөспірімдер құрамасы қатысқан болатын. Топтық кезеңде жеребе бойынша «Б» тобына түскен Атыраулық көкпаршылар Алматы облысы, Шымкент қаласы және Шығыс Қазақстан облысының құрамаларымен бақ сынасып, аталған топта төртінші орында орналасып, чемпионаттың 7 және 8 орындарына қақтығыс ойынында Қызылорда облысының құрамасынан жеңіліп, чемпионат қорытындысы бойынша 8 орынға орналасты.
«Аударыспақтан» өткен чемпионатта облысымыздың атынан 59 келі салмақ дәрежесінде Кеңес Мәди және 65 келі салмақ дәрежесінде Магзомов Султан қатысқан болатын.
Жалпы 8 аймақтан қатысқан көкпардан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында жеңімпаз Алматы қаласы құрамасы атанды. Сонымен қатар, жүлделі екінші орынды Шымкент қаласы құрамасы иеленсе, үшінші орынды Түркістан облысының құрамасы иеленген болатын.



kz

07/11/2021

📰 БҮГІН, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІ 🐎 КӨКПАРДАН 🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ ҚҰРАМАЕВ ҚУАНЫШБЕК МӘШІРҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ! 🎉
ℹ️ Құрамаев Қуанышбек Мәшірұлы – 1970 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Дулатов атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын дене шынықтыру мамандығы бойынша бітірген.
Көкпардан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, «Көкпардан Қазақстан Республикасының спорт шебері» (2005), Көкпар спортынан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» (2009).
2013 жылы Астанада алғаш ұйымдастырылған, 8 мемлекет командасы қатысқан І Ашық Азия чемпионатының бас жүлдесін Қуан бапкер жаттықтырған Қазақстан ұлттық құрама командасы жеңіп алды.
2017 жылы Астанада 11 мемлекет командасы қатысқан көкпардан І Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасы чемпион атанды.
💬 Құрметті Қуанышбек Мәшірұлы, Сізді келіп жеткен туған күніңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасылық бақыт, еңбегіңіз жемісті болуын тілейміз. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын!
📝 Құрметпен, Атырау облыстық «Ұлттық спорт түрлері» Федерациясы ұжымы!

💬
ℹ️ .kz

Photos from Atyrau_ulttyqsport_federation's post 05/11/2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ!
3-10 қараша күндері аралығында, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында, Ұлттық спорт түрлері «Көкпардан» және «Аударыспақтан», 2004-2006 жылғы жасөспірімдер арасында, Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.
Мандаттық комиссия отырысының нәтижесі бойынша, аталған жарыста еліміздің 8 құрамасы бақ сынасатын болады. Құрамалар екі, «А» және «Б», тобына 4 құрамадан бөлінген болатын. Жарыс ережесі бойынша, топтық кезеңнің нәтижесінде, әр топтың бірінші орынға ие болған құрамалары 1-2 орынға, екінші орын иеленген құрамалар 3-4 орынға, үшін орынды иеленген құрамалар 5-6 орынға және төртінші орынға ие болған құрамалар 7-8 орынға ойындар өткізетін болады.
Мандаттық комиссия отырысы нәтижесі бойынша, «А» тобында:
1) Қарағанды облысы
2) Алматы қаласы
3) Түркістан облысы
4) Қызылорда облысы
Және, «Б» тобында:
1) Шығыс Қазақстан облысы
2) Алматы облысы
3) Нарын Ж-17 (Атырау облысы)
4) Шымкент қаласы
Атырау облысының «Нарын Ж-17» құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойынын, 4 қараша күні сағ. 13:00-де, Райымбек ауылындағы «Азем» ипподромында, Шымкент қаласының құрамасымен өткізетін болады.



kz

02/11/2021

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, «Сүлеймен Промоушн» ұсынады. Аламан бәйге, құнан бәйге, көкпар және жаппай көкпар бәсекесінен «Сүлеймен CUP» турнирі.

Өтетін орыны : Атырау қаласы, маңғаз Махамбет даласы , Жайық бойының бауыры, Кеңөріс ауылы.

Басталуы қараша айының 12-13 нші жұлдызы, сагат 9:00 де.
Серкені санында, атты жалында ойнатқан жүректі жігіттердің бәсекесін тамашалаудан қапы қалмаңыздар!

☎️Сұрақтар бойынша: +7 701 616 16 24

👏🏻 Бәріңізді қатысуға және көрермен болуға шақырамыз👏🏻

🐎Демеушілер мен ұйымдастырушылар:






#атырау #кокпар #ұлттықспорт #қазақстан

Photos from Atyrau_ulttyqsport_federation's post 19/10/2021

АТЫРАУЛЫҚ ҚҰСБЕГІЛЕР «АҚ БИДАЙ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!
2021 жылдың 10-20 қазан күндері аралығында, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толу мерейтойына орай өткен «Ақ бидай» VII Республикалық ауыл спорты ойындарында, Атырау облысының ұлттық спорт түрі «Құсбегіліктен» құрамасы, командалық есепте, ІІ орынға ие болды.
«Құсбегіліктен» Атырау облысы құрамасы атынан жерлестеріміз Кушкаров Арман және Абдулкаримұлы Сармат қатысқан болатын. Абдулкаримұлы Сармат «Ителгілер арасындағы құсбегілік» жарысында І орынды иеленсе, «Бүркіттер арасындағы құсбегілік» жарысында ақтық сайысқа шығып, уақыт көрсеткіші бойынша ІІІ орынды иеленді. Кушкаров Арман болса, «Қаршығалар арасындағы құсбегіліктен» IV орынды иеленді.
Осылайша, жерлесіміз, Абдулкаримұлы Сармат «Құсбегіліктен» «Спорт шебері» нормативін орындады.
#құсбегілік #саятшылық #Бүркіт #ұлттықспорт #атырауспорт

.kz

Photos from Atyrau_ulttyqsport_federation's post 19/10/2021

ТЕҢГЕ ІЛУДЕН АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМАСЫ «АҚ БИДАЙ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!
2021 жылдың 10-20 қазан күндері аралығында, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толу мерейтойына орай өткен «Ақ бидай» VII Республикалық ауыл спорты ойындарында, Атырау облысының ұлттық спорт түрі «Теңге ілуден» құрамасы, командалық есепте, ІІІ орынға ие болды.
«Теңге ілуден» Атырау облысы құрамасы атынан, жерлестеріміз, Амангельдиев Айдос және Мақат ауданының спортшысы Сағидоллаев Исламбек қатысқан болатын. Аталған екі спортшыларымызда «Теңге ілуден» ақтық сайысқа шыққан болатын.
#теңгеілу #ұлттықспорт #атырауспорт

.kz

Photos from Atyrau_ulttyqsport_federation's post 14/10/2021

АУДАРЫСПАҚТАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ.
Қазіргі уақытта, Ақтау қаласында өтіп жатырған, «Ақ бидай» республикалық VII ауыл спорты ойындарында, ұлттық спорт түрі «Аударыспақтан», 100 келі салмақ дәрежесінде Атырау облысының палуаны Құсайынов Мейірбек ІІ орынға ие болып, Атырау облысының қоржынына күміс жүлдені алып берді.
Осылайша, Құсайынов Мейірбек Атырау облысы бойынша ұлттық спорт түрі «Аударыспақтан» тұңғыш «Спорт шебері» атанды.

#аударыспақ #аударыспак #ұлттықспорт #атырауспорт

.kz

02/10/2021

2021 жылдың 29 қыркүйек күні, Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Атырау облыстық «Ұлттық спорт түрлері» Федерациясының ұйымдастыруымен, Атырау қаласында орналасқан, «Құлагер» ат клубында, «Ақбидай» VII ауыл спорты ойындарына, Атырау облысы бойынша іріктеу жарысы өткен болатын.
Аталған іріктеу жарысы ұлттық спорт түрлері «Аударыспақ», «Жамбы ату» және «Теңге ілуден» өтті.
Аударыспақтан 8 салмақ дәрежесінде, атап айтқанда, 57, 62, 68, 74, 82, 91, 100, +100 келі салмақ дәрежесінде облысымыздың 6 ауданынан (Құрманғазы, Мақат, Қызылқоға, Жылыой, Индер және Атырау қаласына қарасты аудандардан) спортшылар бақ сынасқан болатын.
Жамбы атудан облысымыздың 6 ауданынан 7 спортшыларымыз бақ сынасса, теңге ілуден облысымыздың 4 ауданынан 6 спортшымыз сайысқа түскен болатын.
Жалпы есеппен, барлығы, аталған іріктеу жарысына, облысымыздың 6 ауданынан 41 спортшыларымыз бақ сынасқан болатын.
Іріктеу жарысының қорытындысы бойынша, 2021 жылдың 11-21 қазан күндері аралығында, Ақтау қаласында өтетін Республикалық «Ақбидай» VII ауыл спорты ойындарына Атырау облысы атынан ұлттық спорт түрі «Аударыспақтан» әр салмақтан бірінші орынға, және «Теңге ілу» мен «Жамбы атудан» жүлделі І және ІІ орын алған жүлдегерлер жолдама алған болатын.

#атырауспорт #ұлттықспорт #теңгеілу #аударыспақ #жамбыату #көкпар #бәйге

.kz

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Atyrau
060001 - 060011