Nurdaulet Nabi

Nurdaulet Nabi

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Nurdaulet Nabi, Sports, Kazalinsk.

17/05/2026

МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ ДЕМАЛЫСТА

Қазалы аудандық орталық “Жанқожа батыр” мешіті жамағаттарының бірлігі мен бауырмалдығын арттыру мақсатында табиғат аясында рухани-танымдық демалыс ұйымдастырылады.

📅 Күні: 24 мамыр
📍 Өтетін орны: Басықара ауылы,дария жағасы
🕘 Уақыты: 14:00 мешіттен шығып кету

Бағдарлама аясында:
🏹 Садақ ату
☕ Дастархан басындағы рухани сұхбаттар
📖 Пайдалы уағыз-насихаттар ұйымдастырылады.

Барша жамағатты белсене қатысуға шақырамыз!

📌 Қазалы аудандық орталық
“Жанқожа батыр” мешіті

Photos from Nurdaulet Nabi's post 23/04/2025

ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай Қазалы ауданы мешіттерінің ұйымдастыруымен Сыр имамдары арасында “ТЕҢБІЛ ДОП-2025” атты облыстық дәстүрлі кіші футболдан өткен турнирде осы жылы тағыда чемпион болдық! Аллаға шүкір!

Photos from Nurdaulet Nabi's post 23/01/2025

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады.

«Біз жыл сайын атқаратын жұмыстарымыздың негізгі бағыттарына басымдық беріп келеміз. Бұл бізге діни салада үлкен тәжірибе жинауға мүмкіндік беруде. Осы орайда 2025 жылы негізгі 4 бағыттағы жұмыстарға, атап айтқанда, дін мен дәстүр, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру іс-шараларына басымдық беріледі» деді Бас мүфти. Қарашаңырағымыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына осы жылы 35 жыл толып отыр.

Аталмыш жиынға “Қазалы” қарилар дайындау орталығы директоры ретінде қатысып, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттен алғыс хат алу бұйырды. Еліміз бен асыл дінімізге жасап жатырған қызметімізге Алла сауаптан жазып, күш-қуат берсін. Алла елімізді аман,жұртымызды тыныш қылсын!

Photos from Nurdaulet Nabi's post 10/05/2024

ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУДАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА “ҚАЗАЛЫ” ҚАРИЛАР МЕДРЕСЕСІНІҢ ШӘКІРТІ ҚУАНЫШҰЛЫ АСҚАР ҚАРИЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ І-ОРЫН АЛДЫ.

ҚҰТТЫҚТАП ҚОЙСАҢЫЗДАР БОЛАДЫ! ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Photos from Nurdaulet Nabi's post 09/05/2024

Ғасыр жасаған майдангерге құрмет көрсетілді

Қазалы ауданынан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагері ғасыр жасаған Тілеуберген Тобаберген ақсақалды зиярат еттім.

Жеңіс күнінің қарсаңында арнайы ғасыр жасаған майдангердің отбасында болып, Жеңіс күнімен құттықтап, деніне саулық тілеп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, сый-сыяпатын беріп, құрмет көрсеттік, Ардагеріміз өз кезегінде алғыс айтып, батасын беріп, еліміздің Тәуелсіздігі мәңгі болсын және тыныш заман болсын деген тілегін жеткізді.

30/04/2024

Имамдар арасында өткен имамдар арасында облыстық кіші футболдан “Қазалы” құрамасы жүлделі II орын бұйырды! Құтты болсын!

02/04/2024
Photos from Nurdaulet Nabi's post 10/03/2024

🌙 Сәресі мен ауызашар дұғасын сақтап, жаттап алыңыздар!

🤲 Алла Тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етсін!

Photos from Nurdaulet Nabi's post 04/12/2023

🗓️ 2024 ЖЫЛДЫҢ ДІНИ КҮНДЕР КЕСТЕСІ БЕКІТІЛДІ

🇰🇿☪️ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

🌙 Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.


#діникүндер
#діникүндеркестесі2024

01/12/2023

☪️ «Раббыларыңның жарылқауы мен кеңдігі жер мен көктей болған жәннатына жарысыңдар. (Бұлар) тақуалар үшін әзірленген. Олар – (тақуалар) кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында мал сарп қылғандар. Сондай-ақ ашуларын жеңушілер, адамдарға кешірім етушілер. Алла игілік істеушілерді жақсы көреді».

📖 «Әли Имран» сүресі, 133-134-аяттар.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!

#күндердіңсұлтаны

17/11/2023

☪️ «Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен жүреді»

📖 «Фұрқан» сүресі, 63-аят.

🤲 Жұма мүбәрак болсын!

#күндердіңсұлтаны

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Kazalinsk?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Kazalinsk
1204000