etnosport.kz

etnosport.kz

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from etnosport.kz, Sports League, Kokshetau.

Photos from etnosport.kz's post 10/09/2022

«Ақмола облысының кубогіне арналған
қостанай жылқысының бәйгесі» республикалық турнирі

10 қыркүйек, 2022 жыл

Ұшқыр бәйге, 1600 м

1️⃣ Рибека, жокей –Белдібаев Ескендір, бапкер – Алмаз Құлтасов, ат иесі – Қабайұлы Сейсенбек (Ақмола облысы)

2️⃣ Аскольд, жокей –Тоқтаған Нұрбол, бапкер – Қарманов Игілік, ат иесі – «Қазақ тұлпары» қостанай ат зауыты

3️⃣ Сафари, жокей –Аманжол Аян, бапкер – Клисов Дамир, ат иесі – Тасмұхамбетов Әділет (Ақмола облысы)

***

Құнан бәйге, 7000 м

1️⃣ Сұлтан, жокей –Абсалямов Мейірбек, бапкер және ат иесі – Хайыржанов Саят (Ақмола облысы)

2️⃣ Патриот, жокей –Тоқтаған Нұрбол, бапкер – Қарманов Игілік, ат иесі – «Қазақ тұлпары» қостанай ат зауыты

3️⃣ Бонус, жокей –Бадгельдинов Ильдар, бапкер – Застежко Иван, ат иесі – Жүсіпова Жанна (Қостанай облысы)

***

Аламан бәйге, 20 000 м

1️⃣ Фея, жокей –Жанат Айсері, бапкер – Усманов Ульфат, ат иесі – Животовская Дарья (Ақмола облысы)

2️⃣ Занзибара, жокей –Еркен Дидар, бапкер –Клисов Дамир, ат иесі – Тасмұхамбетов Әділет (Ақмола облысы)

3️⃣ Ласка, жокей –Баймағанбетов Сабыржан, бапкері және ат иесі – Алхатов Бахытжан (Солтүстік Қазақстан облысы)

Бас серіктес –

Серіктес –

Photos from etnosport.kz's post 06/08/2022

Көкпардан ҚР ұлттық құрамасы IV Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары алдындағы оқу жаттығу жиынын аяқтады.

Жиын 21 маусым – 1 тамыз аралығында Алматы облысында орналасқан спорттық даярлау орталығында өтті.

2022 жылдың 7-20 тамыз аралығында спортшылар арнайы дене дайындығының екінші кезеңін өтеді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтетін жиында көкпаршылар спорттық аттармен бірге дайындық жасайды.

Жігіттерге жеңіс тілеп қойыңыздар!

Photos from etnosport.kz's post 17/07/2022

Елордада «Asar Joly» қайырымдылық акциясы басталды.

Аталған жоба аясында ұйымдастырушылар 20 000 шақырым жол жүріп, жиырма өңірде қайырымдылық жасауды көздеп отыр.

Шараның ашылу салтанатына орай елорданың «Қазанат» ипподромында еріктілер құрылтайы өтіп, қонақтарға ұлттық спорт ойындары – көкпар, теңге ілу, жамбы ату, садақ ату, асық ату көрсетілді.

Photos from etnosport.kz's post 06/07/2022

Нұр-Сұлтан қаласы Кубогіне арналған
қостанай жылқылары бәйгесі РТ нәтижесі:

Құнан бәйге (7000 м)

🥇Тайфун есімді байталға бұйырды. Шабандозы– Алиан Қайран, бапкері – Игілік Қарманов, ат иесі – Жандос Рызықбаев. Тайфун – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Фаррино деген айғыр мен Тасбұлақ есімді биенің төлі. Жүлдесі – 900 мың теңге.

🥈ІІ орын: Қызғалдақ есімді байтал. Шабандозы – Нұрасыл Ахмет, бапкері – Жандос Ахметов, ат иесі – «Степное» ЖШС. Қызғалдақ – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Алтын Дакар деген айғыр мен Зита есімді биенің төлі. Жүлдесі – 550 мың теңге.

🥉Қарлығаш есімді байталға бұйырды. Шабандозы – Санжар Ысқақов, бапкері – Абылай Алшынбаев, ат иесі – Мұрат Алшынбаев. Қарлығаш – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Креатор деген айғыр мен Сафалтын есімді биенің төлі. Жүлдесі – 350 мың теңге.

Аламан бәйге (20 000 метр)

🥇 Қостанай облысынан келген Риба есімді айғыр. Шабандозы – Нұрислам Ораз, бапкері – Ғанибек Қыпшақбаев, ат иесі – Мұрат Ісмағамбетов. Риба – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Рубеж деген айғыр мен Банконота есімді биенің төлі. Жүлдесі – 1,5 млн теңге.

🥈Қарағанды облысынан келген Алғыр есімді айғырға бұйырды. Шабандозы – Әлихан Қайыржан, бапкері әрі ат иесі – Бекболат Серікбеков. Алғыр – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Имидосан деген айғыр мен Гүлден есімді биенің төлі. Жүлдесі – 900 мың теңге.

🥉Қостанайдағы "Қостанай тұлпары" ЖШС-қа қарасты Гектор есімді айғырға бұйырды. Шабандозы – Қайырым Асанов, бапкері – Мусса Сейданов, ат иесі – Ернар Омаров. Гектор – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Грог деген айғыр мен Қарақат есімді биенің төлі. Жүлдесі – 600 мың теңге.

Жарысты қолдауымен .kz ұйымдастырды

Photos from etnosport.kz's post 06/07/2022

Елорда күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласының төрінде ат бәйгесі өтті.

Қостанай жылқылары мен будандары бәйгесі нәтижесі:

Ұшқыр бәйге (1400 метр)

🥇Ақмола облысынан келген Рибека есімді байталға бұйырды. Шабандозы (жокей) – Ескендір Белдібаев, бапкері – Алмаз Култасов, ат иесі – Сейсенбек Қабайұлы. Рибека – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Ромео Нью деген айғыр мен Бахрома есімді биенің төлі. Жүлдесі – 500 мың теңге.

🥈Қостанай облысынан келген Коржик есімді құнан алды. Шабандозы (жокей) – Абылайхан Садманов, бапкері – Ғанибек Қыпшақбаев, ат иесі – Берік Доданов. Коржик – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Алтын Дакар деген айғыр мен Ажар есімді биенің төлі. Жүлдесі – 300 мың теңге.

🥉Қостанайдағы "Қазақ тұлпары" жылқы зауытына қарасты Руханият есімді құнанға бұйырды. Шабандозы (жокей) – Сәкен Қарманов, бапкері әрі ат иесі – Игілік Қарманов. Руханият – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Преферанс деген айғыр мен Таласар есімді биенің төлі. Жүлдесі – 200 мың теңге.

Ұшқыр бәйге (2400 метр)

🥇Қостанай қаласынан келген Гүлжайна есімді биеге бұйырды. Шабандозы (жокей) да, бапкері де – Ескендір Белдібаев, ат иесі – Нұрбол Әбдірахманов. Гүлжайна – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Имидоса деген айғыр мен Гвоздика есімді биенің төлі. Жүлдесі – 1,4 млн теңге.

🥈Ақмола облысынан келген Тафия есімді бие алды. Шабандозы (жокей) – Алмат Белдібаев, бапкері – Дамир Клисов, ат иесі – Нұрбол Әбдірахманов. Тафия – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Фарина деген айғыр мен Тасбұлақ есімді биенің төлі. Жүлдесі – 900 мың теңге.

🥉Қостанай облысынан келген Тахмина есімді биеге бұйырды. Шабандозы (жокей) – Рамазан Құсайынов, бапкері әрі ат иесі – Қадырбек Тоқмурзин. Тахмина – Қостанай жылқысы тұқымынан шыққан Тайталас деген айғыр мен Формула есімді биенің төлі. Жүлдесі – 600 мың теңге.

Турнирді қолдауымен .kz ұйымдастырды

Photos from etnosport.kz's post 04/07/2022

Ат үстінен садақ атудан 2023 жылғы Әлем чемпионатының квалификациялық іріктеу турнирі өз мәресіне жетті.

Іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Иран 🇮🇷, Түркия 🇹🇷, Молдова 🇲🇩, Болгария 🇧🇬, Ресей 🇷🇺
құрамаларымен бір топқа түскен.

Турнир кассай (венгр), корей және түрік (қабақ ату) стилінде өтті.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды.

Кассай стилінде Бабажан Бағдәулет чемпион атанса, корей стилінде Айтбек Сарыбай чемпион, Абзал Тулыбеков екінші орын иеленді.

Қабақ ату стилінде үшінші болған Айтбек Сарыбай жалпы есепте де қола медаль тағынды.

Осылайша, 2023 жылы Қазақстанда өтетін Әлем чемпионатына бұл топтан Қазақстан, Түркия және Иран құрама командалары қатысатын болды.

Photos from etnosport.kz's post 01/07/2022

Түркияның Бандырма қаласында өтіп жатқан Ат үстінен садақ атудан Әлем чемпионатының квалификациялық іріктеу турнирінің екінші күні аяқталды.

Жарыстың екінші күні мергендер корей стилі бойынша сынға түсті.

Жалпы есепте Айтбек Сарыбай 46.700 ұпаймен чемпионат атанды, Абзал Тулыбеков күміс медальға ие болды.

Екі күн нәтижесінде командалық бейресми рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы топ бастады.

Қазір біздің спортшылар қоржынында 1 алтын, 2 күміс медаль бар.

Photos from etnosport.kz's post 30/06/2022

Түркияның Бандырма қаласында өтіп жатқан Ат үстінен садақ атудан Әлем чемпионатының квалификациялық іріктеу турнирінің алғашқы күні аяқталды.

Жарыстың бірінші күні мергендер кассай стилі (венгр) бойынша сынға түсті.

Жалпы есепте Бағдәулет Бабажан 150,400 ұпаймен күміс медальға ие болды.

Кассай стилінде Айтбек Сарыбай алтыншы, Абзал Тулыбеков тоғызыншы келе жатыр.

Ертең жамбы атушылар корей стилінде шеберліктерін сынға салады.

Командалық бейресми рейтингте Қазақстан екінші келеді.

27/06/2022

Аударыспақ чемпионатынан жеңімпаз және жүлдеген болып оралған Данияр Смайылов пен Дәулет Ережепбаевты жерлестерінің қарсы алу сәті.

27 маусым, 2022, Тараз қаласы.

Еске салайық, 90 + кг. салмақта Данияр чемпион атанса, 80 кг. салмақта Дәулет қола медаль иеленді.

27/06/2022

Аударыспақ – ат үстіндегі күрес спорты түркі халықтарына ортақ ат спорты.

Биыл РФ, Татарстан Республикасы көреш (татар күресі) чемпионаты аясында аударспақ және жағажайдағы күрестен чемпионат ұйымдастырды.

Қауымдастық алдағы уақытта да көрші елдің Ат үстіндегі күрес – аударыспақ федерациясымен тығыз жұмыс жасайтын болады.

Photos from etnosport.kz's post 25/06/2022

🏆 Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасында ат үстіндегі күрес – аударыспақтан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

🌐 Жарысқа Ресейдің Татарстан, Башқұртстан, Қалмықия өңірлерінен, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан балуандары қатысты.

🥇🥇🥉🥉 Тартысты бәсеке нәтижесінде, еліміздің құрама командасы 2 алтын, 2 қола медальға қол жеткізді.

🇰🇿70 кг. салмақта Шыңғыс Ержанов (Ақтөбе) және 90 кг. + салмақта Данияр Смайылов (Жамбыл) чемпион атанса, 60 кг. дәрежесінде Азамат Серғазин (Ақтөбе) және 80 кг. салмақта Дәулет Ережепбаев(Жамбыл) ІІІ орын иеленді.

🤼Ресейдің Көреш федерациясы бастамасымен іске асқан байрақты бәсекенің бір ерекшелігі – балуандардың ат үстінде ер-тоқымсыз жайдақ күресуі.

🎉 Чемпиондар мен жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

25/06/2022

Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасы – Татарстан Республикасында өтіп жатқан Әлем чемпионатына қатысуда.

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Kokshetau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Kokshetau