05/01/2026
Туған күнің құтты болсын, Альберт! 🔥
🇰🇿 Бүгін ұлттық құраманың ойыншысы Альберт Ақбалықов 31 жасқа толып жатыр. Құттықтаймыз! 🥳
💛💙
Home of Kazakhstan national futsal team Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ресми парақшасы / The official page of Kazakhstan national futsal team
05/01/2026
Туған күнің құтты болсын, Альберт! 🔥
🇰🇿 Бүгін ұлттық құраманың ойыншысы Альберт Ақбалықов 31 жасқа толып жатыр. Құттықтаймыз! 🥳
💛💙
29/12/2025
«Семей» – Қазақстан кубогының иегері 🔥
Финалда семейліктер «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы атанды.
«Семей» командасын және ұлттық құрама жігіттерін құттықтаймыз! 🙌🏻🥳
💛💙
📸
20/12/2025
Туған күнің құтты болсын, Расул! 🔥
Бүгін ұлттық құраманың ойыншысы Әбдірәсіл Абдуманапұлы 25 жасқа толып жатыр. Құттықтаймыз! 🥳
💛💙
06/12/2025
«Семей» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдаманы жұлып алды 😍🇰🇿
Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!
Алға, Қазақстан! Алға, 💙
| 💛💙 |
05/12/2025
«Қайрат» – футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алды 😍🇰🇿
Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!
Алға, Қазақстан! Алға, ❤️
| 💛💙 |
05/12/2025
😍 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘! 🌍
Бүгін алматылық «Қайрат» және «Семей» УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңіндегі қарымта ойындарын өткізеді!
Барша жанкүйерлерді қос клубымызды да қолдауға шақырамыз! Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос!
🇰🇿 «Қайрат» 🆚 «Андерлехт» 🇧🇪
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1/8 финал
⏰ 20:00
🏟 Балуан Шолақ СК, Алматы
🖥 QazSport телеарнасы
🇵🇱«Пьяст» 🆚 «Семей» 🇰🇿
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1/8 финал
⏰ 23:00
🏟 Гливице, Польша
🖥 QazSport телеарнасы
Алға, жігіттер! Алға, Қазақстан! 🇰🇿❤️
| 💛💙 |
24/11/2025
Плей-офф кезеңінің шымылдығы жалынды матчтармен ашылды! 😍🔥
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізді!
Алматылық «Қайрат» сырт алаңда керемет камбек жасап, «Андерлехтті» жеңсе, семейліктер өз жанкүйерлерінің алдында польшалық «Пьястпен» тең түсті.
Қос командамыз да қарымта кездесулерін 5 желтоқсан күні өткізеді.
| 💛💙 |
24/11/2025
😍 Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘! 🌍
Бүгін алматылық «Қайрат» және «Семей» УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңінде бірінші ойындарын өткізеді! «Қайрат» алғашқы ойынын Бельгияның Андерлехт қаласында өткізсе, Абай өлкесі тарихта алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының ойынын қабылдайды. Кешкі 20:00-де «Абай Аренаға» жиналған семейлік жанкүйерлер тарихи сәттің куәсі болмақ.
Барша жанкүйерлерді қос клубымызды да қолдауға шақырамыз! Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің – бәрі бос!
🇰🇿 «Семей» 🆚 «Пьяст» 🇵🇱
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1/8 финал
⏰ 20:00
🏟 «Абай Арена», Семей
🖥 QazSport телеарнасы
🇧🇪 «Андерлехт» 🆚 «Қайрат» 🇰🇿
🏆 УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1/8 финал
⏰ 23:55
🏟 Андерлехт, Бельгия
🖥 QazSport телеарнасы
Алға, жігіттер! Алға, Қазақстан! 🇰🇿❤️
| 💛💙 |
18/11/2025
Туған күніңіз құтты болсын, 💪🏻
Қазақ футзалының аңызы Серік Жаманқұлов 42 жасқа толып отыр 🔥
Қазақстан чемпионы 🏆x10
Қазақстан Кубогының иегері 🏆х9
УЕФА Кубогының иегері 🏆х2
Еуро-2016 қола жүлдегері 🥉
Қазақстан Суперкубогының иегері 🏆х4
Әлем Суперкубогының иегері 🏆
Еуро-2016 сұрмергендерінің бірі ⚽️ (5 ойын, 6 гол)
💛💙
𝑶𝑩𝑹𝑰𝑮𝑨𝑫𝑶 𝑳𝑬𝑮𝑬𝑵𝑫 🥹❤️
08/11/2025
Рақмет, Кака!
Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Паулу Рикардо Фигейро Силвамен (Кака) келісімшарттың аяқталғанын хабарлайды.
Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ел құрамасын жаттықтырып, осы жылдар ішінде отандық футзалдың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен команда Еуропа мен әлемнің үздік құрамаларының қатарына қосылып, ойыны стилі мен тәртібі, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа деңгейге көтерілді.
2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихта алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бұл жетістік еліміздің футзал тарихындағы ең айшықты жетістік болды.
2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықса, ал әлем чемпионатының іріктеуін сенімді өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан қайтадан үздік сегіз құраманың қатарынан көрінді.
Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды. Бұған қоса, Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді.
Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Паулу Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Қазақстан футбол федерациясы Какаға көпжылдық еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Оның басшылығымен ұлттық құраманың ойыны мінез бен тұрақтылықтың үлгісіне айналып, нағыз командалық рухты көрсетті. Кака есімі отандық футзал тарихында мәңгі сақталады.
💛💙
02/11/2025
СҮЙІНШІ! 😍🇰🇿
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды! Күні кеше қос клубымыз да негізгі кезеңдегі қорытынды ойындарын өткізіп, 1/8 финал қатысушылары атанды.
Құттықтаймыз, x ❤️💙
Құтты болсын, қазақ елі! 🔥
| 💛💙 |