National Paralympic Committee of the Republic of Kazakhstan

National Paralympic Committee of the Republic of Kazakhstan

Share

Официальная страница Национального Паралимпийского Комитета Казахстана. The official page of the National Paralympic Committee of Kazakhstan.

Photos from National Paralympic Committee of the Republic of Kazakhstan's post 22/06/2026

🇰🇿🥈 Қазақстан Республикасының отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы Нидерландыдағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

🇳🇱 19-21 маусым аралығында Ассен қаласында (Нидерланды) пара волейболдан Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Германия, Нидерланды, АҚШ, Украина, Канада, Польша, Эстония және Италия құрамалары қатысты

Топтық кезеңде қазақстандық команда Эстония, Польша, Канада және Нидерланды құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, барлық матчта жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды

Финалға шығу үшін өткен кездесуде қазақстандық пара волейболшылар Германия құрамасын 3:1 есебімен жеңді

Финалда Қазақстан құрамасы АҚШ командасына 1:3 есебімен жол беріп, Dutch Tournament 2026 халықаралық турнирінің күміс медальдарын жеңіп алды

20/06/2026

🏆Қазақстандық пара атлеттер Tunis Grand Prix 2026 халықаралық турнирінде төрт медаль жеңіп алды!

🇹🇳 19 маусым күні Тунисте 47 елден келген 500-ге жуық спортшының басын қосқан пара жеңіл атлетикадан Tunis Grand Prix 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс World Para Athletics халықаралық күнтізбесіне енеді және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады

🥇F35 класындағы ерлер арасында ядро итеруден Еламан Жоламан жарыстың жеңімпазы атанды. Қазақстандық спортшы 12,37 метр нәтиже көрсетіп, алтын медальді сенімді түрде жеңіп алды. Күміс жүлдені 9,14 метр нәтижемен Молдова өкілі Gheorghe Spinu иеленсе, қола медаль Үндістан спортшысы Arvind бұйырды

🥈F55 класындағы ерлер арасында найза лақтырудан Мукан Айтмырзаев күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы 25,03 метр нәтиже көрсетіп, World Para Athletics рейтингінің 777 ұпайын жинады. Бұл сында 25,78 метр нәтижемен Литва өкілі Ramunas Verbavicius жеңіске жетті

🥉T13 класындағы ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Каржаубай Тинеев 57,04 секунд нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды

🥉Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлдені Гулдерай Кабурова салды. F42 класындағы әйелдер арасында ядро итеруден спортшы 7,12 метр нәтиже көрсетіп, World Para Athletics рейтингінің 512 ұпайын еншіледі

🇰🇿🏅Қазақстан құрамасы турнирді бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен аяқтады

20/06/2026

🏆Қазақстандық пара атлеттер Tunis Grand Prix 2026 халықаралық турнирінде төрт медаль жеңіп алды!

🇹🇳 19 маусым күні Тунисте 47 елден келген 500-ге жуық спортшының басын қосқан пара жеңіл атлетикадан Tunis Grand Prix 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс World Para Athletics халықаралық күнтізбесіне енеді және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады

🥇F35 класындағы ерлер арасында ядро итеруден Еламан Жоламан жарыстың жеңімпазы атанды. Қазақстандық спортшы 12,37 метр нәтиже көрсетіп, алтын медальді сенімді түрде жеңіп алды. Күміс жүлдені 9,14 метр нәтижемен Молдова өкілі Gheorghe Spinu иеленсе, қола медаль Үндістан спортшысы Arvindке бұйырды

🥈F55 класындағы ерлер арасында найза лақтырудан Мукан Айтмырзаев күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы 25,03 метр нәтиже көрсетіп, World Para Athletics рейтингінің 777 ұпайын жинады. Бұл сында 25,78 метр нәтижемен Литва өкілі Ramunas Verbavicius жеңіске жетті

🥉T13 класындағы ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Каржаубай Тинеев 57,04 секунд нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды

🥉Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлдені Гулдерай Кабурова салды. F42 класындағы әйелдер арасында ядро итеруден спортшы 7,12 метр нәтиже көрсетіп, World Para Athletics рейтингінің 512 ұпайын еншіледі

🇰🇿🏅 Қазақстан құрамасы турнирді бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен аяқтады

16/06/2026

🇰🇿 Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада Комитетінің Бас Ассамблеясы

📍Астана қ. | 15.06.2026



🇰🇿 Генеральная Ассамблея Национального Паралимпийского Комитета Республики Казахстан

📍г. Астана | 15.06.2026

Photos from National Paralympic Committee of the Republic of Kazakhstan's post 15/06/2026

Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің Бас Ассамблеясы өтті

15 маусым күні Астана қаласында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитеті» ҚБ Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Ассамблея жұмысына ҚР ҰПК құрамына кіретін спорт федерацияларының өкілдері, Атқарушы комитет мүшелері, ұлттық құрамалардың спортшылары мен жаттықтырушылары қатысты.

Отырысты ашқан Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев спорт маусымының аралық қорытындыларын шығарып, қазақстандық пара спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктерін атап өтті.

«Жуырда ғана Миланда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында ұлттық құрамамыз лайықты өнер көрсетті. Бүгін арамызда алтын медаль жеңіп алған Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов отыр. Сондай-ақ АҚШ-та өткен беделді халықаралық турнирде жеңіске жеткен блайнд-футбол командасын да атап өткім келеді. Барлық спортшыларға, жаттықтырушыларға және федерацияларға атқарған жұмыстары үшін ерекше алғысымды білдіремін», - деді Қайрат Боранбаев.

ҚР ҰПК президенті сондай-ақ биылғы жылдың басты жарыстарының бірі 2026 жылғы 18-24 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия Пара ойындары болатынын атап өтті. Ол ұлттық құраманың дайындығы қазірдің өзінде жүргізіліп жатқанын және Қазақстанның 12 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.

Күн тәртібі аясында қатысушылар Ұлттық Паралимпиада комитетінің басшы органдарының қызметіне қатысты мәселелерді қарады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Есеналин Руслан Бақыттыулы ҚР ҰПК Вице-президенті және Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің басқару жүйесі мен қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған күн тәртібіндегі барлық мәселелер қабылданды.

12/06/2026

🏆Қайрат Боранбаев - 2025 жылдың үздік спорт менеджері

11 маусым күні Алматы қаласында Metaratings Top Awards 2025 Meta-ratings.kz жыл сайынғы сыйлығының марапаттау рәсімі өтті. Сыйлық қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Kairat Boranbayev «Үздік спорт менеджері» номинациясының жеңімпазы атанды.

Қайрат Советайұлы көптеген жылдар бойы ауқымды жобаларды жүзеге асырып, спорт саласының түрлі бағыттарындағы бастамаларды қолдау арқылы қазақстандық спорттың дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Қайрат Боранбаев өз сөзінде қол жеткізілген нәтижелер пікірлес жандардан құралған үлкен команданың бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Ол көптеген жылдар бойы өзімен бірге спорттық жобаларды жүзеге асыру жолында еңбек еткен адамдарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетіндегі әріптестеріне алғыс білдіріп, олардың ортақ жетістіктерге қосқан үлесін ерекше атап өтті:

«Менің жанымда біздің жетістігімізге, даму жүйемізге сенген адамдар болды. Бүгінгі таңда қол жеткізген нәтижелерімізді мақтан тұта аламыз».

Қайрат Советайұлын лайықты марапатымен құттықтай отырып, қазақстандық спортты дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жолында алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз.

06/06/2026

🇰🇿🏆Астана алғаш рет боччадан Әлем кубогының кезеңін қабылдауда!

Қазақстанның паралимпиадалық құрамасының өкілдері жарысқа келіп, 3-8 маусым аралығында Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел намысын қорғап жатқан ұлттық құраманы қолдады.

Видеоны көріп, “Qazaqstan” жеңіл атлетикалық спорт кешеніне келіп, спортшыларымызға қолдау көрсетіңіздер!

Astana 2026 World Boccia Cup турнирінің ресми серіктестері - ҚР Ұлттық Паралимпиада комитеті және “Astana Motors” құрамына кіретін, Қазақстандағы брендтің ресми дистрибьюторы Chery Kazakhstan

________

🇰🇿🏆Астана впервые принимает этап Кубка мира по бочча!

Представители паралимпийской сборной РК посетили соревнования и поддержали национальную команду, которая представляет страну на международном турнире с 3 по 8 июня в г. Астана

Смотрите видео и приходите поддержать наших спортсменов в легкоатлетический спортивный комплекс «Qazaqstan»!

Официальные партнеры Astana 2026 World Boccia Cup - Национальный Паралимпийский Комитет РК и Chery Kazakhstan, официальный дистрибьютор бренда в Казахстане, входящий в состав «Аstana Motors»



kazakhstan

04/06/2026

🥉 Көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футболдан (Blind Football) Қазақстан жастар құрамасы IBSA Development Cup U-23 турнирінің қола жүлдегері атанды

2026 жылғы 28-31 мамыр аралығында Бирмингем қаласында (Англия) IBSA Development Cup U-23 турнирі өтті. Бұл 23 жасқа дейінгі көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футболдан тарихтағы алғашқы халықаралық турнир болды.

Жарысқа Қазақстан, Англия, Польша және Италия жастар құрамалары қатысты. Турнир аясында Қазақстан құрамасы 3 матч өткізіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Үшінші орын үшін өткен матчта Қазақстан Республикасының құрамасы Италия командасын 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.

———

🥉 Молодёжная сборная РК по футболу среди незрячих спортсменов (Blind Football) завоевала бронзовую медаль IBSA Development Cup U-23

С 28 по 31 мая в Бирмингеме (Англия) состоялся IBSA Development Cup U-23 - первый в истории международный турнир по футболу среди незрячих спортсменов до 23 лет.

В соревнованиях приняли участие молодёжные сборные Казахстана, Англии, Польши и Италии. В рамках турнира казахстанская команда провела 3 игры и продемонстрировала высокий уровень подготовки.

В матче за третье место сборная Республики Казахстан одержала победу над командой Италии со счётом 2:1 и стала бронзовым призёром соревнований.

Photos from National Paralympic Committee of the Republic of Kazakhstan's post 01/06/2026

⚽ Көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футболдан (Blind Football) Қазақстан құрамасы 23-24 мамыр күндері Сиэтл қаласында (АҚШ) өткен «Достық кубогы» халықаралық жолдастық турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыс аясында қазақстандық команда АҚШ және Перу құрамаларымен кездесті. Турнир қожайындарына қарсы өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталса, Перу құрамасымен ойында Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голының авторы Болат Жанымхан болды.

🥇Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық футболшылар бірінші орынды иеленді.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы IBSA Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған болатын. Сиэтлдегі жеңіс команданың халықаралық аренадағы кезекті табысты нәтижесі болды.

———

⚽Сборная Казахстана по футболу среди спортсменов с нарушением зрения (Blind football) стала победителем международного товарищеского турнира «Кубок Дружбы», который прошел 23-24 мая в Сиэтле (США)

В рамках соревнований казахстанская команда провела матчи против сборных США и Перу. Встреча с хозяевами турнира завершилась вничью - 0:0, а в матче против команды Перу сборная Казахстана одержала победу со счетом 1:0. Автором победного гола стал Болат Жанымхан.

🥇По итогам турнира казахстанские футболисты заняли первое место.

Напомним, в 2025 году сборная Казахстана завоевала бронзовую медаль чемпионата Европы IBSA. Победа в Сиэтле стала очередным успешным выступлением команды на международной арене.

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Акшокы 2
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00