16/08/2026
🇰🇿Халықаралық әскери самбо турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын және 5 күміс медаль жеңіп алды.
🥇 АЛТЫН
Ерлер, 58 кг
Жасұлан Нариманов — 1-орын
71 кг
Арнұр Қуатай — 1-орын
🥈 КҮМІС
Ерлер, 88 кг
Мұхамеджан Жұман — 2-орын
+98 кг
Болат Сапар — 2-орын
Әйелдер, 50 кг
Айжан Жылқыбаева — 2-орын
72 кг
Роза Нысантайқызы — 2-орын
Қазақстандық самбошыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы белдесулерде сәттілік, жеңіс пен жаңа биіктер тілейміз!
🇰🇿 Қазақстан алға!
16/08/2026
Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Руслан Фатихұлы Жақсылықов халықаралық турнирде ел намысын абыроймен қорғаған Қазақстан құрамасының чемпиондары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтады.
🥇
Ерлер, 64 кг
Жандос Бейсенбаев — 1-орын
🥈
Ерлер, 79 кг
Санжар Нұрсейіт — 2-орын
Әйелдер, 54 кг
Сағат Байғараева — 2-орын
Әйелдер, 80 кг
Замзагүл Файзолланова — 2-орын
Руслан Фатихұлы спортшылардың жоғары шеберлігі мен жеңіске деген жігерін атап өтіп, олардың жетістігі Қазақстан самбосының халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтып келе жатқанын жеткізді.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Қазақстан самбосына жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз! 🇰🇿
15/08/2026
🇰🇿2026 жылғы 15 тамызда әскери қызметшілер арасындағы самбодан халықаралық турнирдің бірінші жарыс күні аяқталды.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары 4 медаль: 1 алтын және 3 күміс жеңіп алды.
🥇 АЛТЫН
Ерлер, 64 кг
Жандос Бейсенбаев — 1-орын
🥈 КҮМІС
Ерлер, 79 кг
Санжар Нұрсейіт — 2-орын
Әйелдер, 54 кг
Сағат Байғараева — 2-орын
Әйелдер, 80 кг
Замзагүл Файзолланова — 2-орын
🇰🇿 Спортшыларымызды лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуымен құттықтаймыз!
Қазақстан құрамасына турнирдің алдағы күндерінде сәттілік, жарқын жеңістер мен жаңа жүлделер тілейміз!
Қазақстан, алға! 🇰🇿
#Самбо #Қазақстан #ҚазақстанҚұрамасы #ӘскериҚызметшілер FIAS
15/08/2026
Мәскеу қаласында 15–16 тамыз күндері әскери қызметшілер арасында самбодан алғашқы халықаралық CISM турнирінің белдесулері өтуде.
Аталған жарысқа 18 елдің өкілдері қатысуда. Қазақстанның ЦСКА құрамасы атынан 11 спортшы — 7 ер және 4 әйел спортшы ел намысын қорғауда.
Кеше турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында Қазақстан самбо федерациясының Президенті Руслан Фатихұлы Жақсылықов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік, табысты белдесулер және лайықты жеңістер тіледі.
**Ерлер құрамасы:**
Нариманов Жасұлан — 58 кг, самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан Кубогының қатысушысы;
Бейсенбаев Жандос — 64 кг, 2025 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері, 2026 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионы;
Қуатай Арнұр — 71 кг, 2025 және 2026 жылдардағы самбодан Әлем кубогының жеңімпазы;
Нұрсейт Санжар — 79 кг, 2024 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері;
Жұман Мұхамеджан — 88 кг, «Ұлттық күрес» чемпионатының қола жүлдегері;
Скадыл Магжан — 98 кг, жастар арасында самбодан әлем чемпионы;
Сапар Болат — +98 кг, жастар арасында Азия чемпионы, жағажай самбосынан әлем чемпионатының қатысушысы.
**Әйелдер құрамасы:**
Жылқыбаева Айжан — 50 кг, қазақ күресінен алтын медаль иегері;
Байгараева Сағат — 54 кг, 23 жасқа дейінгі жастар арасында дзюдодан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері;
Нысантайқызы Роза — 72 кг, қазақ күресінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы;
Файзолланова Зәмзәғұл — 80 кг, дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері.
Қазақстандық спортшыларға сәттілік, мықты рух және жеңісті белдесулер тілейміз!
14/08/2026
Спорт күні құтты болсын!
Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, ардагерлерді және салауатты өмір салтын қолдайтын барша спорт сүйер қауымды мерекемен шын жүректен құттықтайды.
Спорт — бұл күш, тәртіп, жігер мен жеңіске деген ұмтылыс. Ол адамды шыңдап, рухын көтеріп, жаңа белестерге жетелейді.
Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, мықты рух, толағай табыс, жарқын жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Еліміздің спорты өркендеп, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!