31/08/2024
https://youtu.be/hWVLbbLxjwI?si=6170vdV3ERVMT0lQ
Астанада шахматтан «Senat Open Cup» республикалық турнирі басталды
Астанада алғаш рет шахматтан «Senat Open Cup» республикалық турнирі басталды. Іріктеу кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам әуесқой ойыншы қаты...
11/01/2021
Бізбен сауда жасап бонус алыңыз.
30/03/2019
Бүгінгі күн қандай тамаша!
Көп карталар әлі Нұрсұлтан болып ауыстырта бермепті. Мен қолданған карта әлі Астана деп тұр екен :) .
Біз де ақырындап Нұрсұлтан атауына үйреніп келеміз.
@ Astana, Kazakhstan
27/03/2019
Бұл велосипедтер батареямен қуаттандырылған моторы арқылы 25км/сағат жылдамдықпен 30 км-ге дейін жүруге қауқарлы. Егер үзеңгісін (педалын) қоса қолданатын болсаңыз 60км қашықтыққа дейін күші жетеді. Батареясының зариады біткен жағдайда да жай велосипед сияқты жүріп мақсат еткен жеріңізге жете аласыз. Зариады біткен батареяны да велосипедтен бөлек шығарып алып зариадтауыңызға болады.
Бүктеліп жиналатын велосипедтерді үйде қайда қоямын деп өзіңізді мазаламайсыз. Жинай салып пәтердегі балконыңызға немесе коридорыңызға қоюыңызға да болады. @ Astana, Kazakhstan
27/03/2019
ЖАҢА ЗАМАН КӨЛІКТЕРІ
Қазіргі таңда, қалалы жерлерде машинамен жұмысқа бару және уақытында жету деген күн өткен сайын кептелістердің көптігінен қиынға соғуда. Әсіресе автобуспен қыстырылысып-қымтылысып жұмысқа баруды ойлап көріңіз. Айтпай-ақ жеткілікті.
Бұл проблемаларды шешу үшін жаңа теxнологиялар, тасымалдау көліктері ойластырылуда. Бұлардың бірнешеуі біздің сатып жатқан электровелосипедтер, электросамакаттар Қазақстанның да қалаларында орын алуда.
Электровелосипедтер арқылы жұмысыңызға кептеліссіз уақытында жете аласыз. Бұл велосипедтер батареямен қуаттандырылған моторы арқылы 25км/сағат жылдамдықпен 30 минутқа дейін жүруге қауқарлы. Егер үзеңгісін (педалын) қоса қолданатын болсаңыз 60км қашықтыққа дейін күші жетеді. Батареясының зариады біткен жағдайда да жай велосипед сияқты жүріп мақсат еткен жеріңізге жете аласыз. Зариады біткен батареяны да велосипедтен бөлек шығарып алып зариадтауыңызға болады.
Бүктеліп жиналатын велосипедтерді үйде қайда қоямын деп өзіңізді мазаламайсыз. Жинай салып пәтердегі балконыңызға немесе коридорыңызға қоюыңызға да болады.
Көптеген қалаларда велосипедтерге арналған жолдар салынған, жаңа да вело жолдары салыну жоспарлануда. Барған жеріңізде велосипедімді қай жерге қоямын деп парк орны іздемейсіз. Көп жерлерде велотұрақтар орналастырылған. Велотұрақтар жоқ болған жағдайда да велосипедіңізді бекітетін орын табу қиын емес.
Электросамакаттарды да қалада қолданушыларды көптеп көре аласыз. Машинамен немесе автобуста кептелісте тұрғанда кептеліссіз электросамакатпен жүйткіп бара жатқан адамдарды көріп тамсанатын да шығарсыз мүмкін. Электросамакаттарды жұмысқа барғанда жинай салып жұмысыңызға ала кіруіңізге болатын ыңғайлы транспорт құралы.
Жылдам теxнологиялардың дамысымен ұшатын дрондармен немесе ұшатын темір тұлпарлармен жұмысқа баратын заман да ұзақ емес сияқты. Бұл күндерге де барлығымызды жеткізсін.
Сіздерге қызықты болар деп төмендегі линктен алынған суреттерді қостым. Қаласаңыз Америкадағы Жой Вейкстің мақаласын оқып шығарсыз :)
https://gizmodo.com/i-rode-an-e-scooter-as-far-from-civilization-as-its-bat-1833434599?utm_medium=sharefromsite&utm_source=gizmodo_copy&utm_campaign=top
27.03.2019
Даналық