Qazarena

Qazarena

Share

спорттық алаң

08/03/2020

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен боксшы ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевпен рингке шықты. Тартысты жекпе-жектің соңғы раундында Бекзат қабағын жарып алғанымен, қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды. Төрешілердің бағасына тәжік командасының көңілі толмай, ғайбат сөздер айтып жатты. Ал бес төрешінің бесеуі де жекпе-жекте Нұрдәулетовтің мықты болғанын растады.

Осылайша, бокстан Қазақстан қоржынына екінші жолдама түсті. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов Токио ойындарына лицензия ұтып алған еді.

#соңғыжаңалықтар #бокс #Олимпиада #лицензия #Токио2020

04/03/2020

🔸️ Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін америкалық Джордан Эспиносаға қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар Qsport.kz

22/02/2020
20/02/2020

67 келіге дейінгі біріккен салмақта бақ сынайтын Дархан Асаділов олимпиадалық рейтингіде көш бастап тұр. Жақын арада қазақстандық спортшының көрсеткішіне ешкім жете алмайтындықтан ол Олимпиада жолдамасынан мерзімінен бұрын иеленді.

Дархан Асаділов осы олимпиадалық уақытта 11 Премьер-лига кезеңінің сегізінде топ жарып, өз салмағында 600 спортшының ішінде үздік нәтижені көрсетті.

Қазір қазақстандық каратешінің еншісінде 9817.5 ұпай бар. Ал екінші орында келе жатқан италиялық Анджело Кречензода тек 7350 ұпайы бар екен.

12/01/2019

Janibek Alimkhanuly team кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегі өтеді.

🥊Жәнібек Әлімханұлы 4-0 (КОS1) v/s Стивен Мартинес 18-4 (КОS13)

📆 2 ақпан (ұмытпа)
🌍 АҚШ
📍ТЕХАС штаты
#жанкүйербол #жәнібекәлімханұлы

10/12/2018

Конфедерация кубогі 2018 чемпиондары 👇

БОКС - Маңғыстау облысы.
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ - Қарағанды облысы.
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ - Алматы облысы.
ТАЕКВОНДО - Алматы қаласы.
ЕРКІН КҮРЕС - Шығыс Қазақстан облысы.
ДЗЮДО - Атырау облысы.

#кубок #конфедерация #финал2018
#бокс #қазақкүресі #грекримкүресі #таеквондо #еркінкүрес #дзюдо

03/12/2018

Бас жүлде - 25 000 000 теңге!

Жалпы жүлде қоры - 145 000 000 теңге!

Облыстық командалар арасындағы "Конфедерация Кубогы" республикалық турнирінің финалдық кезеңі 8-9 желтоқсан күндері Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт сарайында жалауын желбіретеді.

"Конфедерация Кубогы" 6 спорт түрінен өткізіледі.

Олар: - Қазақ күресі
- Грек-рим күресі;
- Еркін күрес;
- Дзюдо;
- Таеквондо;
- Бокс.

"Конфедерация Кубогы" турниріне қатысушы командалар жеребе нәтижесіне сәйкес,төрт топқа бөлінген болатын.

«А» тобы:

ШҚО.,
Қостанай обл.,
БҚО,
Павлодар обл.;

«В» тобы:

Алматы обл.,
Ақтөбе обл.,
Қарағанды обл.,
Астана қ.,
Шымкент қ;

«С» тобы:

Атырау обл.,
Алматы қ,
Жамбыл обл.,
Маңғыстау обл.;

«D» тобы:

СҚО,
Ақмола обл.,
Қызылорда обл.,
Түркістан обл.;

Әр спорт түрі бойынша іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен аймақтық командалар төмендегідей.

Бокста:

Қарағанды обл.,
Астана қ.,
Түркістан обл.,
Маңғыстау обл.;

Таеквондода:

Павлодар обл.,
Алматы қ.,
Түркістан обл.;

Дзюдода:

ШҚО.,
Қарағанды обл.,
Атырау обл.,
Қызылорда обл.;

Грек-рим күресінде:

Қостанай обл.,
Алматы обл.,
Алматы қ.,
СҚО.

Еркін күресте:

ШҚО,
Астана қ.,
Алматы қ.,
Түркістан обл.;

Қазақ күресінде:

«Елорда батыры» спорт клубы (Астана қ.),
«Qazaq kuresi» спорт клубы (Алматы қ.),
«Қарағанды облысы қазақ күресі» спорт клубы
(Қарағанды обл.),
«ЗАК КАР» спорт клубы (Қарағанды обл.).

"Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы" бұл жарысты биыл үшінші мәрте ұйымдастырғалы отыр (2016 жылдан бері өткізіліп келеді).

Оған дейін аталмыш дода тек боксшылар арасында болып тұрған.

Өңірлерде бұқаралық спортты дамытып, спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсету мақсатында өмірге келген "Конфедерация Кубогы" турнирінің авторы - ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мен Қазақстандық бокс федерациясының Президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаев.

25/11/2018

⚽️ Легионерсіз де жарысты ұтуға болады екен!

Қазақстан Примьер Лигасының финалдық ойыны 24 қараша күні Астана арена стадионында Атырау мен Қайрат арасында өтті. Бұл жолы Қайрат командасы финалдық ойынға сырттан шақырылған ойыншысыз шықты. 16 минутта А.Соколенко салған жалғыз гол турнирді аяқтады. Легионерсіз ойнаған Қайраттың ойыны көрермендердің көңілінен шықты.
Легионерлерсіз ел футболын қандай болашақ күтіп тұр?

#Атырау #Футбол #Астанаарена #Астана #Қазақстан

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Nur-Sultan