Хоккейный клуб «Барыс»

Хоккейный клуб «Барыс»

Share

Официальная страница ХК "Барыс" (Астана)

10/06/2026

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкиймен келісімшартты ұзартты. Тараптар 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды біржақты келісімшартқа қол қойды.

«Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников:
- Кирилл - тәжірибелі шабуылшы ғана емес, команданың көшбасшыларының бірі. Ол өткен маусымда капитандық міндетті абыроймен атқарып, мұны іс жүзінде дәлелдеді. Сондықтан оны құрамда сақтап қалу біздің басты міндеттеріміздің бірі болды. Оның мінезі, жанкештілігі, ойын жүйемізді терең түсінуі және кем құрамда ойнауы, атқаратын ауқымды жұмысы - алдағы уақытта командамызды қалыптастырудағы маңызды негіздердің бірі болмақ.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын» қолдау қоры.

04/06/2026
04/06/2026

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! 🇰🇿

03/06/2026

Logan Day here! 📞

02/06/2026

«Барыс» америкалық қорғаушы Логан Дэймен келісімшартқа қол қойды. Біржақты келісім бір маусымға есептелген және 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.

Соңғы екі жыл бойы қорғаушы «Трактор» сапында ойнады. Өткен тұрақты чемпионатта Челябинск клубы құрамында Логан 16 (3 гол + 13 нәтижеліпас) ұпай жинап, пайдалы әрекет көрсеткіші бойынша +17 нәтижесіне қол жеткізді. Оның мұзайдынындағы орташа ойын уақыты 20 минутты құрады. Сонымен қатар қорғаушы қарсыластың қақпаға бағытталған 187 соққысына тосқауыл қойып, бұл көрсеткіш бойынша бүкіл лигада екінші орынға ие болды.
ҚХЛ-ға келгенге дейін Дэй АХЛ-дегі «Херши Беарс» клубының намысын қорғап, командамен бірге екі мәрте Колдер кубогының жеңімпазы атанды.
 
Логан Дэй
Туған күні: 1994 жыл 19 қыркүйек
Амплуасы: қорғаушы
Бойы: 185 см
Салмағы: 93 кг
Ойын таяғын ұстау бағыты: оң жақ
 
Леонид Метальников, «Барыстың» бас менеджері:
– Логан «Трактор» сапында тамаша маусым өткізді және командадағы пайдалы әрекет көрсеткіші бойынша үздік ойыншы болды. Ол ойынды жақсы түсіне алатын, алғашқы пасты дәл бере білетін сенімді қорғаушы. Сонымен қатар кем құраммен қорғанған кезде де өте пайдалы ойнайды және көптеген соққыларды бұғаттайды. Дэй біздің қорғаныс шебімізге мінез бен тұрақтылық қосып, ал командаға шабуылға шығу кезінде тиімділікті арттыруға көмектеседі деп сенеміз.

01/06/2026

«Барыстың» трансфер кезеңі ашылған күндегі жаңалықтар 📝

31 мамыр күні қорғаушы Иэн Маккошеннің, сондай-ақ шабуылшылар Майкл Веккьоне, Эмиль Галимов, Мэйсон Морелли, Кирилл Савицкий, Роман Старченко және Макс Уиллманның келісімшарттарының мерзімі аяқталды.

Қорғаушы Дмитрий Бреус жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін Нижний Новгородтың «Торпедо» клубына оралды.

Сонымен қатар, «Барыс» клубы Адам Шил, Батырлан Мұратов және Максим Мухаметовке біліктілік ұсыныстарын жасап, оларға деген құқықтарын сақтап қалды.

Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін «шектеусіз еркін агент» мәртебесіне ие болған кейбір ойыншылармен клуб келіссөздерді жалғастырыпжатыр.
-
Новости «Барыса» в день открытия трансферного окна 📝

31 мая истекли контракты защитника Иэна Маккошена, а также нападающих Майкла Веккьоне, Эмиля Галимова, Мэйсона Морелли, Кирилла Савицкого, Романа Старченко и Макса Уиллмана.

Защитник Дмитрий Бреус вернулся в нижегородское «Торпедо» после окончания срока аренды.

Также «Барыс» сделал квалификационные предложения и закрепил права на Адама Шила, Батырлана Муратова и Максима Мухаметова.

С некоторыми игроками, находящимися в статусе «неограниченно свободный агент» после завершения сроков контракта, клуб продолжает переговоры.

Photos from Хоккейный клуб «Барыс»'s post 31/05/2026

«Барыс» жаңа келісімшарттар жасау жөнінде квалификациялық ұсыныстар беріп, келесі ойыншыларға құқықтарын сақтап қалды:

қақпашы Адам Шилге екі маусым мерзіміне біржақты келісімшарт ұсынылды;

шабуылшылар Батырлан Мұратов пен Максим Мухаметовқа екі маусым мерзіміне екіжақты келісімшарттар (ҚХЛ / Pro Ligasy) ұсынылды.

Айта кетейік, үш ойыншының да қазіргі келісімшарттары 2026 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын» қолдау қоры

30/05/2026

Всё самое интересное из жизни ДЮСШ – в нашем новом дайджесте 😉

Photos from Хоккейный клуб «Барыс»'s post 29/05/2026

«Барыс» клубы қазақстандық хоккейшілер Артём Королёв, Кирилл Никитин және Кирилл Ляпуновпен (үшеуімен де 2027 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымға), сондай-ақ Бейбарыс Оразовпен (2028 жылдың 31 мамырына дейін екі маусымға) келісімшартты ұзартқанын хабарлайды. Келісімшарттар екіжақты сипатқа ие (ҚХЛ – Pro Ligasy).

Леонид Метальников, «Барыс» клубының бас менеджері:
- Өз түлектерімізбен келісімшартты ұзарту- клуб құрамының тереңдігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Жігіттер «Номадпен» бірге тамаша маусым өткізіп, ел чемпионы атанды. Сонымен қатар олар ҚХЛ-де ойын тәжірибесін жинақтап, Қазақстанның ересектер құрамасында дебют жасады. Қазір олар біздің ең жақын резервіміз, әрібіз олардың алдағы уақытта да дами түсетініне сенеміз.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын» қолдау қоры.

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Nur-Sultan