Kazakhstan Biathlon Union

Kazakhstan Biathlon Union

Share

Все про биатлон в Казахстане и в мире
Everything about biathlon in Kazakhstan and Worldwide

18/03/2026

Биатлоннан Әлем кубогі: Қазақстан құрамасы сапында кімдер бақ сынайды?

Ертең,19 наурыз күні Норвегияның Осло қаласында биатлоннан Әлем кубогінің соңғы кезеңі басталады.

🇰🇿 Назарларыңызға ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының сапын ұсынамыз:
Ерлер командасы:
Владислав Киреев
Асет Дюсенов
Александр Мухин

Әйелдер командасы:
Милана Генева
Айша Ракишева
Лаура Киныбаева
---
Кубок мира по биатлону: Кто представит Казахстан в Норвегии?

Завтра, 19 марта, в городе Осло (Норвегия) стартует заключительный этап Кубка мира по биатлону.

🇰🇿 Состав сборной Казахстана:
Мужская сборная:
Владислав Киреев
Асет Дюсенов
Александр Мухин

Женская сборная:
Милана Генева
Айша Ракишева
Лаура Киныбаева

26/01/2026

On our way to "Impossible"
Qaz Biathlon Team-Milano 2026

26/01/2026

Биатлоннан Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық командасының тізімі белгілі болды

Қазақстан биатлоншылар одағы жаттықтырушылар штабымен бірлесе отырып, Миланда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ресми түрде бекітті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама 4 квотаға (2 ер, 2 әйел) ие болған еді. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен төртжылдықтың басты додасына төмендегі спортшылар қатысады:
Ерлер құрамасы:
Владислав Киреев - қысқы Азия ойындарының чемпионы. Бұл Киреевтің мансабындағы екінші Олимпиада болмақ.
Асет Дюсенов - қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері.
Әйелдер құрамасы:
Милана Генева және Айша Ракишева.
Биылғы Олимпиадаға аттанатын биатлоншылардың орташа жасы 24–25 жасты құрайды. Бұл - биатлон тарихындағы ең жас құрамдардың бірі. Соған қарамастан, ұлттық команданың потенциалы жоғары: спортшылардың қоржынында түрлі қашықтықтар бойынша жалпы саны 17 лицензия бар.
Қазіргі таңда команда Чехиядағы Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысып жатыр. Әлем кубогы аяқталған соң, құрама тікелей Италияға жол тартады. Еске сала кетейік, Миландағы биатлон жарыстары 8 ақпан күні басталады.

Photos from Kazakhstan Biathlon Union's post 07/01/2026

Германияның Оберхоф қаласында Әлем Кубогінің 4-ші кезеңі басталады

🇰🇿 Назарларыңызға Қазақстан командасының спортшылар тізімін ұсынамыз.
🔥 Олимпиада ойындарының басталуына 1 ай ғана қалды. Қатысушы биатлоншылар тізімі келесі, 5-ші Әлем Кубогінен кейін анықталатынын еске саламыз.

Сондай-ақ, осы кезеңде Александр Мухин негізгі құрамға қайта оралды. Сәттілік тілейміз!
---
Завтра в немецком Оберхофе стартует 4-й этап Кубка мира по биатлону. Предлагаем к вашему вниманию состав нашей команды 🇰🇿

🔥 До старта Олимпийских игр остается ровно месяц! Напомним, что окончательный список национальной сборной на Олимпиаду будет сформирован по результатам следующего, 5-го этапа Кубка мира.

Также отмечаем возвращение Александра Мухина! Это его первый старт на Кубке мира в новом сезоне.
Ждем камбэк!

29/12/2025

Қазақстан биатлоны: 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың басты мақсаттары

2025 жыл Қазақстан биатлоны үшін ұлттық команда нәтижелері мен балалар спортының дамыған жылы ретінде есте қалды. Бұл - еліміздің гимні ірі халықаралық ареналарда асқақтап, Федерация ішіндегі жүйелі реформалар өз жемісін бере бастаған кезең. Біз аймақтардағы балалар ату алаңынан бастап, Әлем Кубогіндегі тарихи жетістіктерге дейінгі ауқымды жолды артқа тастадық. Алайда 2025 жыл - біз үшін тек өзгерістердің бастамасы ғана. Алда спорт тарихымыздағы ең мазмұнды әрі маңызды кезең - 2026 жыл күтіп тұр.

Жыл басы біз үшін жоғары қарқынмен басталды. Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Никита Акимов алтын тұғырдан көрінсе, Кирилл Бауэр мен Арина Крюкова қола жүлдені еншіледі. Харбиндегі қысқы Азия ойындарында қазақстандық мергендер нағыз сенсация жасады: спринтте Владислав Киреев алтын, ал Вадим Куралес күміс алып, қос жүлдемен ел мерейін үстем етті. Эстафеталық бәсекелерде ерлер құрамасы күміс, әйелдер қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте Қазақстан биатлоншылары бірінші орынды иеленді. Әлем Кубогінің Аустриядағы із қуу кезеңінде Владислав Киреевтің үздік жиырмалыққа (Top-20) енуі біздің ұлттық құрама үшін тарихи нәтиже болды.

Биыл балалар биатлоны жаңа деңгейге көтерілді. Grand Tour Biathlon жобасы жас таланттар үшін нағыз «әлеуметтік лифтке» айналды. Балкашинодағы кезеңге 200 бала қатысып, жаңа рекорд орнатылды. Елорданың Орталық саябағында өткен финалда арнайы пневматикалық ату алаңы салынып, 11 аймақтың спортшылары бақ сынады. Үздік атанған бес облысқа Федерация жалпықоры 10 миллион теңге құрайтын қаржылай сертификаттар табыстап, қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Біздің басты мақсатымыз - жас спортшыларға әлемдік деңгейде тәжірибе жинауға мүмкіндік беру. Жоба көшбасшылары екінші жыл қатарынан Норвегиядағы атақты Лиатоппен фестиваліне қатысып, Егор Немцев спринтте бірінші орын иеленді! Сондай-ақ, италиялық маман, Чехия командасының экс аға жаттықтырушысы Лука Бормолини Grand Tour Biathlon финалистері үшін Щучинск қаласында арнайы жаттығу лагерін өткізді, кейін бұл балалар Германиядағы IBU халықаралық лагеріне қатысты.

Жаттықтырушылардың білімі мен біліктілігін дамыту мақсатында шілде айында "KBU Coaching Course" жобасы іске қосылды. Оқу курсын өткізуге Норвегияның танымал мамандары Тронд Нистад пен Кнутт Бревик шақырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 28 жаттықтырушы бірнеше күн бойы әлемнің озық сарапшыларынан білім алды.Сонымен қатар, биыл APEMS спорт университетімен жасалған арадағы меморандум бұл процесті ғылыми негізде нығайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстанда биатлон географиясы қарқынды түрде кеңейіп келеді. Биыл біз Көкшетау және жоғары нәтижелер көрсетіп үлгерген Қостанай қалаларында болдық. Оған қоса өңірлерде, оның ішінде Астана және Петропавл қалаларында, Ақмола облысының Балкашино елді мекенінде Федерация атынан пневматикалық ату алаңы (стрельбище) салынды. Дәл осындай ату алаңдары Қостанай мен Павлодарда салынуда. Сондай ақ, іріктеу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында цифрландыру бағытында маңызды қадам жасалды. Енді жасөспірімдердің толық рейтингісі мен Grand Tour нәтижелерін Федерация сайтынан көре аласыздар.

Жанкүйерлер үшін де жағымды жаңалықтар аз емес: «Qaz Biathlon» YouTube-арнасында Grand Tour Biathlon жарыстарының тікелей трансляцияларын іске қостық. Сонымен қатар, арнайы Fan Shop ашылып, одан түскен барлық қаражат балалар секцияларын дамытуға жұмсалуда. Биыл тұңғыш рет 22 мамыр - Халықаралық биатлон күнін еліміздің 6 қаласында отбасылық эстафеталармен атап өттік.

Ұлттық құрама олимпиадалық маусымға барынша сақадай сай келе жатыр. Маусым басталмас бұрын Федерация ұлттық құрама спортшылары мен парабиатлоншыларды қажетті инвентарьмен толық көлемде қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, жаттықтырушылар штабы әлемдік деңгейдегі шетелдік мамандармен толықты. Ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Сергей Алексеевич Соколовский шақырылды. Ол бұған дейін Беларусь және Литва құрамаларының аға және бас жаттықтырушысы қызметтерін атқарған, сондай-ақ Литва командасының көшбасшысы, Еуропа чемпионы және Әлем Кубогі кезеңдерінің жүлдегері Витаутас Строляны жаттықтырған. Жалпы алғанда, бұл маман орта деңгейдегі командаларды жоғары сатыға көтере алатын «жаттықтырушы-реформатор» ретінде танымал. Сондай-ақ, спортшылардың денсаулығы мен қалпына келуіне жауапты словениялық физиотерапевт Яни Кавчич пен спорттық массаж маманы Александр Комашко командаға қабылданды.

Федерация немістің лыжероллер шығаратын әйгілі SRB компаниясымен келісімшартқа отырды. Осының арқасында біз ұлттық және жастар құрамасын жоғары сапалы лыжероллерлермен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, ішкі республикалық жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін база құрдық. Ұлттық құрама спортшыларының Олимпиада ойындары мен Әлем Кубогі кезеңдерінде киетін экипировкасы швейцариялық KV+ брендінен арнайы тапсырыспен дайындалды. Форманың дизайнындағы ежелгі түркі руна жазуларымен жазылған «Бостандық» пен «Жеңіс» сөздері біздің олимпиадалық рухымыздың айғағы болмақ.

2026 жыл - аса маңызды стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жылы болғалы тұр. Алда бізді төртжылдықтың басты оқиғасы - Миландағы қысқы Олимпиада ойындары күтіп тұр. Әлем Кубогінің алдағы бес кезеңінің қорытындысы бойынша біздің негізгі межеміз - «2+2» форматындағы квотаға қол жеткізу (ерлер мен әйелдер құрамасы үшін екі лицензиядан). Қазіргі таңда біздің қоржынымызда ерлер мен әйелдерде бір-бір лицензиядан бар. Квоталар туралы соңғы ақпаратты Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) 18 қаңтарда жариялайды. Әрине, әлемдік биатлонның алпауыттары Норвегия, Германия және Франция құрамаларымен бәсекелесу оңай шаруа емес. Дегенмен, біз негізгі үмітті ерлер құрамасының көшбасшыларына артамыз.

Олимпиададан кейін, наурыз айында бүкіл назар парабиатлоншыларымызға аударылады. Паралимпиада ойындарында Қазақстан туының тұғырдың ең биік сатысында желбіреуі үшін Федерация атлеттерді қажетті инвентарьмен және қолдаумен толық қамтамасыз етті.

2026 жылдың шілдесінде жас жаттықтырушыларды оқытуға арналған «KBU Coaching Course» жобасы жаңа деңгейге көтеріледі. Қазақстанға әлемдік биатлонның ең танымал есімдері - бүгінгі таңдағы үздік мамандар келеді. Олардың әдістемелері қазіргі әлемдік элитаны қалыптастырып отыр. Біз аймақтардағы әрбір баланың әлемдік деңгейдегі дайындықтан өтуі үшін жаттықтырушыларымыздың біліміне инвестицияны аямай саламыз.

Келер жылы Қазақстан тұңғыш рет IBU Youth Camp шарасын өткізеді. Бұл ауқымды оқиға 10 елден 100-ден астам жасөспірім мен параатлеттің басын қосады деп күтілуде. Олар халықаралық топ жаттықтырушылар мен IBU ресми делегациясының тікелей жетекшілігімен жаттығады.

2026 жылы еліміз Азия биатлон федерациясының Конгресіне қатысады. Бұл - спорт әлеміндегі маңызды оқиға, онда 2026/2027 маусымдарындағы Азия чемпионаттарының өтетін орны (Қазақстан, Жапония немесе Оңтүстік Корея) анықталады.

Балалар спортын дамыту - біздің жұмысымыздың басты бағыты болып қала береді. Grand Tour Biathlon жобасы қазірдің өзінде ұлттық брендке айналды және 2026 жылы ол өз деңгейін одан ары көтере түседі. GTB үшінші маусымының екінші кезеңін алғаш рет ақпан айында спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген Қостанай қаласы қабылдайды.

Жоба көшбасшылары үшінші жыл қатарынан Норвегиядағы ең ірі «Лиатоппен» фестиваліне аттанады. Біздің балалар әлемдік биатлонның тынысын сезініп, жастайынан жеңіске жетуі тиіс! Сонымен қатар, өңірлерде пневматикалық ату алаңдарының құрылысы жалғасады, ал Grand Tour Biathlon рейтингтері Федерация сайтында жедел жаңартылып тұрады.

Біз әрбір жанкүйерімізге жыл бойы көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Ал, біз өз кезегімізде биатлонд қазақстандықтардың сүйікті спортына айналдыру жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз.

Жаңа Жыл жеңістерге толы болсын!

Қазақстан биатлонының жетістіктері мен дамуына «Sport Qory» қолдау көрсетіп келеді.

29/12/2025

Қазақстандық мергендердің шаңғысын кім дайындайды?

Биатлондағы жеңістің тең жартысы спортшының бабына байланысты болса, қалған 50 пайызы – шаңғының сырғанауына тікелей тәуелді. Биатлоншылар жарыс алдында тынығып немесе мәреге жеткен соң күш жинап жатқанда, вакс-кабиналарда қызу жұмыс еш тоқтамайды. Бүгін біз камера кадрына сирек түсетін, бірақ нәтижесін әр спортшымыз трассада сезінетін нағыз шеберлер туралы айтамыз.

2013 жылдан бері біздің сервис команданың «жүрегі» әрі қозғаушы күші – Андрей Белопухов. Әлемдік биатлон қауымдастығында ол өз ісінің ең үздік мамандарының бірі саналады. Қазақстан құрамасындағы 10 жылдан астам уақытта Андрей кез келген ауа райының «тілін тауып», мұзды немесе еріген жұмсақ қар болсын, шаңғыны мінсіз дайындаудың хас шеберіне айналды.

Андрейдің біздің ұжымға деген адалдығының сыры неде деп ойлайсыз? Ол Қазақстан құрамасын тұрақтылығы мен ішкі жылы атмосферасы үшін жоғары бағалайды. Ол үшін бұл жай ғана жұмыс емес, команда мүшелері бір-біріне 100 пайыз сенетін кішігірім отбасы.

Мінсіз сырғанауды қамтамасыз ету жолында Андрей Белопуховпен бірге Дмитрий Смотров пен Аян Базартаев аянбай тер төгуде. Жұмыс көлемінің тым ауқымдылығын ескеріп, оларға жаттықтырушы Мұрат Мұсылманов та белсенді көмектеседі.

Айта кетерлігі, біздің сервис-команда өте жоғары жүктемемен жұмыс істейді. Салыстырмалы түрде айтсақ, алып вакс-трактары бар алпауыт құрамаларда кемінде 7-8 маман еңбек етеді. Ал біздің шағын топ сан жағынан аз болса да, сапа жағынан ешкімге жол бермейді. Стартқа санаулы минуттар қалғанда ондаған шаңғыны тексеріп, ең тиімді майды (парафинді) таңдау – нағыз ерлікпен тең еңбек.

Сондай-ақ, резервтегі спортшыларымыздың да техникалық дайындығы сенімді қолда. IBU Кубоктарында инвентарь дайындауға Антон Кастусев пен Надиль Хасанов жауапты.

«Бүгін шаңғылар "ұшты"!»

Бұл сөз – кез келген сервис маманы үшін ең жоғарғы марапат. Біздің жігіттер мұндай мақтауды жиі естиді. Тек отандық спортшылар ғана емес, шетелдік сарапшылар да Қазақстан құрамасының шаңғылары керемет сырғанайтынын жиі айтады.

Біз өз сервис-тобымызды мақтан тұтамыз. Олардың кәсібилігі - болашақ жеңістеріміздің іргетасы. Трассадағы ең қиын бұрылыстарда біздің спортшылар көш бастап бара жатса, бұл – Андрей Белопухов пен оның командасының алтын қолдары мен ұйқысыз түндерінің жемісі!

Қазақстан биатлонының жетістіктері мен дамуына «Sport Qory» қолдау көрсетіп келеді.

29/12/2025

Как и где сборная проводит новогоднюю паузу?

Пока болельщики готовятся к праздничным застольям, для национальной сборной Казахстана по биатлону наступает один из самых ответственных периодов сезона. Позади три напряженных этапа Кубка мира, но расслабляться некогда. Вместо новогодних елок наши атлеты видят заснеженные трассы словенской Поклюки.

После завершения декабрьского цикла стартов тренерский штаб принял решение провести учебно-тренировочный сбор (УТС) в Словении. Основной состав команды не вернется в Казахстан на праздники, а встретит 2026-й год в рабочем режиме.

Это важно для сохранения акклиматизации. Перелеты между континентами и резкая смена часовых поясов это серьезный стресс для организма. Оставшись в Европе, ребята избегают лишней нагрузки на сердечно-сосудистую систему. Еще, так как январские этапы Кубка мира стартуют уже в первой половине месяца,любая пауза в тренировках более двух дней может привести к потере соревновательного тонуса.

Самое главное, это подготовка к Олимпиаде. Главный старт четырехлетия в Италии уже на горизонте. Поклюка это идеальное место среднегорья, которое по своим характеристикам помогает подготовить легкие и мышцы к олимпийским трассам Антхольца.

Для биатлонистов мирового уровня отсутствие дома на Новый год - это нормальная практика и часть профессионального кодекса. В Поклюке сейчас созданы идеальные условия, есть качественный снег, современное стрельбище и возможность проводить спарринги с ведущими командами мира, которые также выбрали Словению для своей «перезагрузки».

«Конечно, каждый из нас хотел бы провести праздники с семьей, но мы понимаем ответственность этого сезона. Сейчас каждый день на счету. Олимпиада не прощает пауз, поэтому наш праздник - это качественная тренировка и восстановление», отмечают в тренерском штабе.

Что дальше?

Сбор в Поклюке продлится до начала января, после чего команда отправится на четвертый этап Кубка мира. Мы благодарим болельщиков за поддержку и надеемся, что трудолюбие, проявленное ребятами в эти праздничные дни обязательно конвертируется в точные выстрелы и быстрые секунды на трассе.

Поддержку в развитии и достижении успехов казахстанского биатлона оказывает «Sport Qory».

Photo: Kevin Voigt

29/12/2025

Битва за место в составе: когда будет известен полный состав на Олимпиаду?

До старта главных зимних игр четырехлетия в Италии остается всё меньше времени и главный вопрос, который волнует всех болельщиков: кто из наших атлетов войдет в заветный список и отправится защищать честь страны?

На сегодняшний день ситуация с олимпийскими квотами выглядит следующим образом: у мужской сборной Казахстана есть по 1 квоте у женской и мужской сборных. Однако это не окончательные цифры. Борьба за расширение состава и подтверждение рейтинга продолжается в режиме реального времени.

Окончательный вердикт по количеству квот и персональному составу будет вынесен по итогам пятого этапа Кубка мира. Именно январь станет «моментом истины» для всей команды. Если в прошлые годы лидеры были очевидны, то в этом сезоне ситуация в мужской команде изменилась. Как отмечают в тренерском штабе, сейчас в сборной наблюдается конкуренция.

«У нас нет "забронированных" мест. Каждый старт в январе - это возможность доказать свою состоятельность. Разрыв в результатах между ребятами минимальный и сейчас шансы есть у каждого. Всё решат секунды на трассе и хладнокровие на огневом рубеже», - подчеркивают тренеры.

Здоровая конкуренция идет на пользу. Каждый понимает, что путевка в Италию выдается не за былые заслуги, а за текущую форму.

Январские этапы Кубка мира станут для наших биатлонистов настоящим «внутренним чемпионатом». Каждая гонка, каждый точный выстрел приближает атлета к олимпийской мечте. Мы призываем болельщиков поддержать ребят в этот непростой период. Сейчас им как никогда важно чувствовать, что страна верит в них. Битва за Милан-2026 в самом разгаре!

Поддержку в развитии и достижении успехов казахстанского биатлона оказывает «Sport Qory».

22/10/2025

Feel the quiet power ✨

Photos from Kazakhstan Biathlon Union's post 20/10/2025

Тогда и сейчас 📸🔙
Чувствуете, как пролетело? 🥹❤️

13/10/2025

Жаңа қысқы маусымның басталуына 45 күн қалды!🎯🎿

Бүгін Ұлттық құрама жаңа биатлон маусымы алдында Еуропаға оқу-жаттығу жиындарына аттанады.

🇰🇿 Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
---
До старта зимнего сезона осталось 45 дней! 🎿🎯

Сегодня наша команда отправляется в Европу на учебно-тренировочные сборы, чтобы набрать оптимальную форму перед стартом нового биатлонного сезона!

🇰🇿 Желаем удачи нашим спортсменам!

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


18, Turan Str, 5th Floor
Nur-Sultan
010000