🏆 «Спорт күні» мерекесіне орай марапаттау рәсімі өтті! 🎉
Бүгін мектебіміздің директоры Нүркен Жанатұлы «Спорт күні» мерекесіне орай бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. 🏅🎁
Марапаттау барысында қызметкерлердің мектептің дамуына қосқан үлесі, еңбегі мен спорт саласындағы белсенділігі атап өтілді.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏻
Еңбектеріңіз жемісті, жетістіктеріңіз еселене берсін! 💐🏆
Bqo_tennisoral
🎾 Для взрослых и детей
🎾 Групповые и индивид.занятия
🎾 Детские группы с 4-х лет
🎾 Аренда корта
Мектебіміздің теннис бөлімінің спортшыларына алдағы уақытта өтетін Қазақстан Республикасының Кубогіне қатысуға арналған жаңа спорттық формалар табысталды. 🎾🇰🇿
Спортшыларымызға алдағы додада сәттілік, жоғары нәтиже және жеңіс тілейміз! 🏆🥇
🏆 2026 жылғы “Аймақтар кубогының” қорытынды кезеңі басталды!
🎾 10 жасқа дейінгі үздік теннисшілер Астанада бас қосып, алғашқы матчтарын өткізді! 🔥
ҚОЛА МЕДАЛЬДІҢ ҚҰНЫ АЛТЫНМЕН ПАРА-ПАР❗️❗️❗️
🏓 🏆 VIII Халық ойындарында Батыс Қазақстан облысының үстел теннисі құрамасы қола жүлдеге ие болды.🥉 Еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар үш қаласынан жиналған 19 команданың арасынан суырылып шығып, үздік үштікке ену – үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі.
Иә, жартылай финалда әлеуеті өте жоғары, тәжірибелі Шығыс Қазақстан облысының құрамасына жол бердік. Бірақ нағыз команданың мінезі қиын сәтте танылады. Өңір спортшылары дәл сондай сәтте жігер жинап, намысқа тырысып, жүлде жолындағы шешуші кездесуде өз мүмкіндігін толық пайдалана білді.
Бұл жетістік – әр ойыншының маңдай тері мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Команда құрамындағы әр спортшы өңір намысы үшін соңына дейін күресті. Сол үшін әрқайсысына шынайы алғыс айтуға болады.
Сонымен қатар , осы табыстың артында білікті бапкер Назарова Сарвар Ризоевнаның өлшеусіз еңбегі тұр. Жылдар бойы жүйелі жұмыс жүргізіп, спортшылардың шеберлігін шыңдап келе жатқан маманның еңбегі ел алдында мақтауға әбден лайық.
Құтты болсын❗️❗️❗️👏🥳
🏆12 маусым күні спорт мектебімізде теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында әуесқойлар турнирі “ТРИУМФ” өз мәресіне жетті!💥
«Uralsk Masters 10 & Under Road to TOP 8» Республикалық турнирі аяқталды! 🏆
Қыздар
1 орын: Айлин Даулеталина (Ақтөбе)
2 орын: Екатерина Анисимова (Көкшетау)
3 орын: Севил Даулеталина (Ақтөбе)
Ұлдар
1 орын: Әкімжан Саквин (Ақтөбе)
2 орын: Айбин Қуантаев (Ақтөбе)
3 орын: Заңғар Кенжеғали (Астана)
Турнирге Қазақстанның жеті облысынан (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Түркістан, Көкшетау) 66 ойыншы қатысты! 🔥
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
Теннис орталығында Республикалық турнир басталды «Uralsk Masters 10&Under Road to TOP 8»
Алдағы уақытта қызықты финалдық матчтар күтіп тұр, біз сіздерді күтеміз! 🏆
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
Мкр Астана, 17
Oral
090000