19/09/2023
✨Тағы да сүйінші қазақ елі❗
🇰🇿Көк туымыз көктен желбіреді.
Тарихта тұңғыш рет еркін күрестен Әлем чемпионы шықты.💪🏻
🔰Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатында еркін күрестен 92 кг салмақта Ризабек Айтмұқан тарихта тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды.
Ақтық сында 19 жасар отандасымыз 5:2 есебімен Әзербайжан балуаны Осман Нурмагамедовтан басым түсті.👏🏻👏🏻👏🏻
Еске салып кетейік Ризабек Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қызылту ауылының тумасы.
#алғақазақстан
#еркінкүрес
#вольнаяборьба
18/09/2023
🎉🎊ҚҰТТЫҚТАУ🎉🎊
🔹 Бүгін клубымыздың өкілі Қойшыбаев Еламан өз туған күнін атап өтуде. Қызылжар Арландары шын жүректен туған күнімен құттықтайды.
🔹Еламан саған спортта биік белестер, өмірде қызық сәттер, жұмысыңа табыс пен сәттілік, отбасыңа береке тілейміз. Жолың ақ болсын, денсаулығың зор болсын.
Игі тілекпен Қызылжар Арландары 🥋🐺🇰🇿
13/09/2023
🔹Орал қаласында Самбо күресінен "World Masters Championship" атты әлем чемпионаты өтті.
🔹 Солтүстік Қазақстан облысының беделді балуаны, дзюдо күресінен аға-жаттықтырушы, қазақ күресінен бапкер - Нұрғожин Дәурен 🥉қола жүлдесінің иегері атанды 🇰🇿🥋.
🔹 Қызылжар Арландары шын жүректен осы жеңіспен құттықтайды. Спорт шыңдарына әрдайым қол жеткізуге тілектеспіз. Денсаулығыңыз мықты болсын!
Игі ниетпен Қызылжар Арландары 🥋🐺🇰🇿
06/09/2023
🔹Астана қаласында 4-6 тамыз күндері аралығында Ұлттық спорт түрлерінен VI Республикалық фестивалі өтті. Қазақ күресінен клубымыздың қоржынында 2 алтын мен 1 қола жүлделері бар.
🥇орын 5️⃣5️⃣ келі салмақта - Қалымбеков Еркебұлан.
🥇орын 6️⃣6️⃣ келі салмақта - Тұрсынғазиев Нұрғали.
🥉орын 7️⃣4️⃣ келі салмақта - Қайырбек Батырхан.
Балуандарымызға қолдау көрсетіп, құттықтап жіберіңіздер достар 🇰🇿🎉🎊
🇰🇿🥋🐺
02/09/2023
🎊🎉 ҚҰТТЫҚТАУ 🎊🎉
🔹Жетісу облысы Үштөбе ауылында өткен Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына ойластырылған Қазақ күресінен Әлем Кубогы өткізілді. 8 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ұлттық құрама команда мүшелерінің арасында Аусағитов Алтынбек 1️⃣0️⃣0️⃣ келі салмақта үздіктердің үздігі атанып 🥇 Жеңімпаз болды. Әлем кубогының иегері🇰🇿🐺🥋
kz
01/09/2023
🎊🎉ҚҰТТЫҚТАУ🎊🎉
🔹 Қызылжар Арландары спорт клубы Госманов Алибекті шын жүректен туған күнімен құттықтайды.
🔹Госманов Алибек- облыстық жарыстарының жеңімпазы, Республикалық жарыстарының жүлдегері, Кызылжар Арландары спорт клубының белсенді өкілі.
🔹Алибек туған күнің құтты болсын. Жасынан жас қосыла берсін, жолың ашық болсын, адал достарың қасыңнан табылатын болсын, жұмысың жеңіл және табысты болсын, спорт шыңдарына жетуге тілектеспіз.
Игі тілекпен Қызылжар Арландары 🥋🐺🇰🇿
01/09/2023
🔹ҮШТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН
ӘЛЕМ КУБОГІ ӨТЕДІ🇰🇿
🔹Дүбірлі дода ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Qazaq Kuresi Ассоциациясы, Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
🔹Әлем кубогіне Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Эстония, Молдова, Польша, Италия, Нидерланды, Сербия, Иран, Индонезия, Филиппины, Жапония, Бенин, Кот-д'Ивуар елдерінің жүзге жуық балуаны қатысады.
Қазақстан құрамасы🇰🇿👇🏻
55 келі - Жүніс Бекет
60 келі - Еренғайыпов Ержан
66 келі - Ізімғалиев Нұрболат
74 келі - Қожамбеков Жұмажан
82 келі - Сахан Әбдіқасым
90 келі - Аллаберді Руслан
100 келі - Аусағитов Алтынбек
+100 келі - Еділбаев Мәди
🇰🇿🥋🐺
30/08/2023
🔹"Қызылжар Арландары" ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, «Qazaq kuresi» Ассоциациясының Президенті Ербол Мырзабосыновты шын жүректен туған күніңмен құттықтайды.
🔹Туған күніңіз құтты болсын!
Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Астананың ірі кәсіпорын басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған кәсіпорын ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады.
Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай,
әлі де талай асулардан аса беріңіз!
🔹 Ербол Мырзабосынов – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы. Ол «Qazaq kuresi» Ассоциациясының құрылуының басы-қасында болып, бас директор қызметін атқарды. Оның тікелей басшылығымен ел аумағында және халықаралық аренада қазақ күресінің бірыңғай Ережесі бекітілді.
🔹Ербол Мырзабосынов «Qazaq kuresi» Ассоциациясының қазақ күресі ережесін біріздендіру және төл күрестің халықаралық аренадағы танымалдығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың көп шығынды қажет етпейтін және балаларды теріс әдеттен аластататын спорт түрлерінің қатарында қазақ күресін дамыту қажеттігіне назар аударғанын атап көрсетті.
Игі тілекпен Қызылжар Арландары 🥋🐺🇰🇿
🇰🇿🥋🐺
30/08/2023
🔷Қымбатты достар! Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
🔷Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
🔷Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі – Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
🔷Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая беруіне тілектеспіз. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
🔷Игі ниетпен Қызылжар Арландары 🥋🐺🇰🇿.
22/08/2023
🔹Бүгін өз туған күнін "Қызылжар Арландары" спорт клубының басшысы Аусағитов Алтынбек Сеилханұлы тойлап жатыр.
🔹Құрметті Алтынбек Сеилханұлы 🐺🥋
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңызға жетуіңізге тілектеспіз. Сізді тек биіктерден көрейік. Қадамыңызға - гүл, келбетіңізге - нұр, қиялыңызға қанат бiтсiн, жасыңызға - жас қосыла берсін! Шаңырағыңызға құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңызға - амандық, денiңізге - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманыңыз - асқақ, шығар биігіңіз асқаралы болсын! Бақытты өмір сүруіңізге шын жүректен тiлектеспiз!
Игі тілекпен Қызылжар Арландары 🇰🇿🥋🐺
20/08/2023
🔹Павлодар қаласы. Қазақ күресінен ересектер арасындағы Махмет Қайырбаевты еске алуға арналған республикалық турнир.
🔹Назарларыңызға «Баянтау» спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың екінші күнгі белдесулердің нәтижесін ұсынамыз:
55 келі
🥇 Қалымбеков Еркебұлан (СҚО)
66 келі
🥇 Тұрсынғазиев Нұрғали (СҚО)
74 келі
🥇 Қайырбек Батырхан (СҚО)
Тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша үздік деп танылған балуандарды жүлделерімен құттықтаймыз!
20/08/2023
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті спортшылар! 🙌 Бақтарыңыз бен баптарыңыз қатар шапсын әрдайым!
Спорт жанкүйерлерімен қызық. Сондықтан барша спорт жанашырларын да құттықтаймыз! 🇰🇿🎉🎊🐺
Игі тілекпен Қызылжар Арландары 🥋🐺🇰🇿