Футбольный Клуб "Qyzyljar"

Футбольный Клуб "Qyzyljar"

Share

FC QYZYLJAR

31/07/2026

Ертең 🔜 #ҚызылжарАқтөбе 🙌🏻

🏆 Қазақстан премьер-лигасы
📊 ХХ тур
🆚 «Ақтөбе»
🗓 1 тамыз
🕖 19:00
🏟️ «Қарасай» стадионы
🎟️ Кіру тегін
📺 Кинопоиск, KFF League | YouTube

Петропавл, күтеміз 🙌🏻🖤

Photos from Футбольный Клуб "Qyzyljar"'s post 31/07/2026

Вспоминаем голы из прошедших матчей #ҚызылжарАқтөбе ⚽🔥

Какой из них вам запомнился больше всего? 🤔

31/07/2026

Личные встречи: статистика перед матчем #ҚызылжарАқтөбе 👊🏻

Photos from Футбольный Клуб "Qyzyljar"'s post 30/07/2026

📸🤩

Photos from Футбольный Клуб "Qyzyljar"'s post 30/07/2026

Жас буынды спортқа баулу – біздің басты назарымызда 🙌🏻

«Қызылжар» футбол орталығының бапкерлері Ермеков Тимур Русланұлы мен Пунько Руслан Александрович серіктесіміз «Fitness Family» балалар лагерінің тәрбиеленушілеріне арнайы футбол жаттығуын өткізді.

Біздің клуб үшін өскелең ұрпақтың спортты сүйіп, салауатты өмір салтын ұстанып өскені өте маңызды. Сонымен қатар, бүлдіршіндеріміздің кішкентай кезінен бастап туған жерінің командасына жанкүйер болып қалыптасуы – біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш 🤩

30/07/2026

2️⃣ күннен кейін 🔜 #ҚызылжарАқтөбе 🫡

Петропавл, күтеміз 🙏🏻🖤

29/07/2026
29/07/2026

Ел чемпионы Петропавлда анықталады! Әйелдер лигасының шешуші матчтары біздің қалада өтеді!

«Қызылжар» футбол клубы үшін отандық әйелдер футболының ең маңызды кездесулерін өз жерімізде қабылдау – зор мәртебе әрі үлкен мақтаныш!

⚡️Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы Әйелдер лигасының жартылай финалы мен финалдық ойындарын Петропавл қаласында өткізу туралы ресми шешім қабылдады. Турнирдің тағдырын шешетін тартысты матчтар біздің «Қарасай» стадионында өтеді!

🗓 15-20 қыркүйек аралығында әр конференцияның екі үздік командасы плей-офф кезеңіне жолдама алып, Петропавлда жартылай финалда кім мықтыны анықтайды.

🏆 Жартылай финалда жеңіске жеткендер ел чемпионы атағы үшін финалда бақ сынаса, жеңілген қос команда қола жүлде үшін алаңға шығады.
Петропавл қаласы мен клубымыз осындай жоғары деңгейдегі футбол мерекесін қабылдауға толық дайын!

Барша жанкүйерлерді қыркүйек айында «Қарасай» стадионында күтеміз! Отандық әйелдер футболын бірге қолдайық 🙏🏻🙌🏻

Photos from Футбольный Клуб "Qyzyljar"'s post 29/07/2026

Петропавл қаласы «Balgyn League» турнирін қабылдауда!

Петропавл қаласындағы «Жастар» стадионында қыздар командалары арасындағы «Balgyn League» турнирінің 3-туры басталды! Осындай ауқымды әрі маңызды бәсекені өз алаңымызда қабылдау – Петропавл қаласы мен біздің клуб үшін үлкен мәртебе 🙌🏻

Бүгін біздің қыздар елордалық «Жеңіс» командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді. Тартысты өткен кездесуде командамыз қарсыласына 1:7 есебімен есе жіберді. Қорытынды нәтижеге қарамастан, жас футболшыларымыз мол ойын тәжірибесін жинап, алаңда нағыз мінез көрсетті.

Жас спортшыларымызға қолдау көрсетіп, ойынды тамашалауға «Қызылжар» футбол клубының бас директоры Апсалямов Алишер Ерболатұлы мен әйелдер командасының бас бапкері Кембилов Мадияр Еркебайұлы арнайы келді. Клуб басшылығы мен бапкерлер құрамы жас қыздарымыздың ойынын тамашалады.

29/07/2026

BAYSAN GROUP | Артезианская вода • Сделано в Казахстане - клубымыздың ресми серіктесі ✅

Want your business to be the top-listed Gym/sports Facility in Petropavl?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Petropavl
150000

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00