05/06/2026
🇰🇿 ШЫМКЕНТТЕ АЛЫШ БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
🔷 Шымкент қаласында 5-7 маусым күндері өтетін Алыш белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🔷 Жарыстың ашылу салтанатына қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дарменов қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, әділ әрі тартысты бәсеке болуына тілектестігін білдірді.
🔷 Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына еліміздің 14 өңірінен келген 100-ден астам спортшы қатысып, ерлер мен әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жасақталып, халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болады.
#шымкент #спорт
02/06/2026
🏊♂️🇰🇿 РӘМІЗДЕР РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДҮБІРЛІ ДОДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
🔷 Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында жүзуден 2014 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.
🔷 Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардың басын қосқан дүбірлі додаға арнайы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дарменов қатысып, қатысушы жас спортшыларға әділ бәсеке, жоғары нәтиже және жарқын жеңістер тіледі. Сондай-ақ ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының жүзу спорты бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы Андрей Гершевич пен қалалық жүзу федерациясының құрметті төрағасы Евгений Яворский қатысып, жас спортшыларға қолдау көрсетті.
🔷 1-5 маусым аралығында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл чемпионат биыл Балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекелерімен қатар өтіп, жарыстың маңызын арттыра түсті.
🔷 Айта кетейік, биылғы ел чемпионатына Қазақстанның 17 өңірінен келген 451 жас спортшы қатысуда. Бірнеше күнге созылатын жарыста жас спортшылар ел чемпионы атағы үшін сынға түседі.
#шымкент #спорт
29/05/2026
ШЫМКЕНТ СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ
🔷 Бүгін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Қанат Жолдықараев Шымкент қаласы күрес федерациясының президенті Досжан Шалқарды қабылдады. Кездесу барысында қала спортын дамыту, грек-рим, еркін және әйелдер күресінің әлеуетін арттыру, жас спортшыларды қолдау, сондай-ақ алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
🔷 Тараптар бұқаралық спортты дамыту, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті спортшылар даярлау бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Маңызды басқосу өзара ынтымақтастықты нығайтып, Шымкент спортының жаңа белеске көтерілуіне негіз болатын нәтижелі кездесу ретінде бағаланды.
#шымкент #спорт
26/05/2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 29 мамырда өтеді
🔷 Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 29 мамырда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».
🔷 Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында (Бейбітшілік көшесі №4-6) сағат 16.00-де басталады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.
Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 29 мая
🔷 По поручению акима города, 29 мая 2026 года в городе Шымкент пройдет акция «Народный юрист».
🔷 Акция начнется в 16.00 в городе Шымкент, в парке «Арбат» (улица Бейбитшилик, 4-6). Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны. Среди них – представители местного исполнительного органа, территориальных и правоохранительных органов, прокуроры, следователи, судебные исполнители, адвокаты, нотариусы и другие.
#шымкент #спорт #заң #закон
21/05/2026
⤵️ ШЫМКЕНТТЕ ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
🔷 Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин арнайы Астанадан Шымкент қаласына келіп, өзіне жол көрсеткен ұстазы — Қанат Жарылқапұлы Жолдықараевпен кездесті.
🔷 2016 жылы Дмитрий Баландин Қазақстанға жүзу спортынан тұңғыш Олимпиада алтынын сыйлап, ел тарихына есімін алтын әріппен жазды. Сол кезде ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының спортшысы болса, Қанат Жарылқапұлы сол білім ордасының директоры қызметін атқарған еді. Арада он жылға жуық уақыт өтті. Бүгінде ұстаз — Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекшілік етсе, шәкірт — Қазақстанның Су спорт түрлері федерациясының Бас хатшысы қызметінде еңбек етуде.
🔷 Бұл кездесу — жай ғана жүздесу емес, ұстазға деген құрметтің, өткен күнге деген сағыныштың белгісі болды. Кездесу барысында Қанат Жарылқапұлы шәкіртіне «Шымкент» кітабын сыйға тартып, ақжарма тілегін жеткізді. Уақыт өтсе де, шынайы сыйластық өзгермейді. Өйткені үлкен жеңістің артында әрдайым ұстаздың сенімі мен еңбегі тұрады.
#шымкент #спорт
17/05/2026
🤼♂️🇰🇿 АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН: ШЫМКЕНТ БАЛУАНДАРЫ ЕЛ КУБОГЫНДА ЖАРҚЫРАДЫ
🔷 қаласындағы “Almaty Arena” спорт кешенінде бір аптаға созылған күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кіл мықты балуандар оңтүстік астанада бас қосып, әр салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.
🔷 Дүбірлі дода барысында жанкүйерлер де тартысқа толы белдесулерді қалт жібермеді. Жарысты Qazsport телеарнасы мен Қазақстан күрес түрлері федерациясының YouTube арнасы тікелей эфирде жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Көпшілік әлеуметтік желіде мұндай сапалы трансляцияның шетелдік жарыстардан еш кем түспейтінін ерекше атап өтті.
🔷 Жарыстың шымылдығын еркін күрес шеберлері түйіндеді. Бұл сыннан қаласының спортшылары 1 алтын және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер күресінде шымкенттік арулар 2 қола жүлдеге қол жеткізсе, грек-рим күресінің балуандары 2 күміс және 2 қола медаль иеленді.
🔷 Еркін күресте 65 келі салмақта Начын Куулар қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді жеңіп алды. Ал 74 келіде белдескен Дархан Есеғали мен 79 келіде өнер көрсеткен Таир Шәмсат қола жүлдені місе тұтты.
🔷 Әйелдер күресінде 50 келідегі Серік Гүлім мен 65 келідегі Бейбіт Сейдуалы үздік үштіктен көрініп, қола жүлдеге ие болды. Ал грек-рим күресінде аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов пен 82 келідегі Омар Сатаев күміс жүлде олжаласа, 55 келідегі Ерасыл Мұсан мен 72 келідегі Әділхан Сатаев қола медаль еншіледі.
🔷 Осылайша, ел біріншілігінде шымкенттік балуандар намысты қолдан бермей, жанкүйер сенімін ақтады. Енді спортшыларды алда халықаралық додалар мен Азия ойындарына іріктеу сындары күтіп тұр.
🔷 Айта кетейік, Қазақстан кубогында топ жарған балуандар биыл Жапонияның Nagoya қаласында өтетін ХХ Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.
#шымкент #спорт
17/05/2026
🧗🇰🇿 АЛМАТЫ АСУЫН БАҒЫНДЫРҒАН ШЫМКЕНТ ӨРМЕЛЕУШІЛЕРІ
🔷 қаласында спорттық құзға өрмелеуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігінде еліміздің әр өңірінен жиналған үздік спортшылар бақ сынап, тартысқа толы жарыс жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.
🥇Чемпионаттың «қиындық» бағдарламасында шымкенттік спортшы Алексей Панфилов жоғары шеберлігін көрсетіп, чемпион атанды. Сонымен қатар командалық есепте күміс жүлдеге ие болды.
🥈Ал жылдамдық бағдарламасында өнер көрсеткен Тамара Ұлжабаева сәтті өнерімен көзге түсіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Бұдан бөлек, командалық сында қола жүлдегер атанып, қаласының мерейін үстем етті.
🔷 Айта кетейік, ел чемпионатына барлығы 60-қа жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы халықаралық додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
#шымкент #спорт