08/09/2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛУДЕ
Шымкентте есірткінің таралуына жол бермеу және жастар арасында оның зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытындағы шаралар жалғасуда. Осы мақсатта қала Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Әділет» партиясының және қалалдық әкімдіктің қолдауымен «Есірткісіз қала» акциясы өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев, аралас жекпе-жек шебері, самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы Арман Оспанов, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, студенттер, коммуналдық қызмет мекемелерінің жұмысшылары мен еріктілер қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – қала аумағында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды насихаттайтын немесе таратуға шақыратын заңсыз жарнамаларды анықтап, жою. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің адам өмірі мен қоғамға тигізетін зияны түсіндіріліп, азаматтардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру көзделді.
«Жастардың ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата білуіне көмектесу – бәрімізге ортақ мі