07/04/2026
Спорт мектебіміздің бапкері Құсайынов Мади ағай ардагерлер арасында өткен Қазақстан чемпионатында жүлделі 2-орынға ие болды.
Мади ағай тек білікті бапкер ғана емес, өз шәкірттеріне үлгі болып, әрдайым еңбекқорлық пен табандылыққа баулып жүрген жан. Оның жетістігі – шәкірттері үшін үлкен мотивация.
Сондай-ақ, ол алда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алып, ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Мади ағайды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!