28/06/2023
🌙ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҚҰРБАНДЫҚ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!
#айт #құрбанайтқұттыболсын!
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Asimus.kz, Outdoor & Sporting Goods Company, Байзак батыра 194, Taraz.
28/06/2023
🌙ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҚҰРБАНДЫҚ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!
#айт #құрбанайтқұттыболсын!
03/05/2023
🔰Қауіпсіздігіміз Сіздерге аманат - AMANAT партиясы!
✅Жамбыл облысы,Байзақ ауданы, Көктал ауылындағы тозығы жеткен "Көктал-2" су каналының мәселесін көтеріп жүргеніме көп болды, білесіздер.
"AMANAT"партиясына арнайы хат жаздық. Партияның Байзақ аудандық филиалының басшысы Спаналиева Индира Абылханқызы бір топ депутаттар мен атқарушы орган өкілдерін жинап келді. Тозығы жеткен каналды көрді. Тұрғындардың өтініші тыңдалып, аудан басшылығының шешімі айтылды. Жоспар бойынша 2024жылы толық жөндеуден өтетіндігін жеткізді.
Қош, осымен хатқа жауап беру үшін келген іс-шара орындалып, аяқталды деп ойладық. Әдетте осылай еді ғой...
✅Жоқ, бұл жолы ма, әлде бұл жылы десем дұрыс па, басқаша байланыс орнады👏 Аудандық партия басшысы жиі байланысып тұрды. Таң қалдық... Депутаттарды ұйымдастырып, арнайы құм түсіріп, қап пен кленка алдырып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін деп "қамқорлық" басталды да кетті. Ауыл әкімшілігі қызметкерлерімен келіп, каналды айналшықтап, жарықшақтарды түгелдеп... Құм толтырылған қаптар канал бойына қаланып, көзіміз қуанып, уайымымыз сейілді...
✅Бұл - бір жыл болса да тұрғындарды су астында қалдырмайық деген жанашырлық деп білдік.
Ішіміз жылып қалды...
Біткен істі өз көзімізбен көрейік деп, партия басшылығы қайта келіп, көріп кетті.
✅Шынымызды айтсақ, әуелде атқарушы органдардан сілтеме жауаптар ғана келіп жүрген. Енді AMANAT-тан көмек сұрайық дегенде - тұрғындар арасында: "Партиядан ба, олар не шешеді?"-деген сенімсіздік туғаны рас.
✅Енді міне, "халықтың үнін естіді" деген осы деп қуанып қалдық. Партия жаңарды ма, іс-әрекет жаңарды ма, қалай десек те көзқарасымыз жаңарды. Әсіресе канал бойында тұратын 7 үйдің тұрғындарының көзқарасы тошны жаңарды😊
✅Хаттар дұрыс жауабын, партиялар дұрыс жолын, Еліміз дұрыс бағытын тауып, бейбіт заман болсын!!!🤲
2024 жылғы жоспар өз уақытында орындалып, толықтай қуанатын күн тусын!
Ат салысқан партия, депутат, төраға, әкімшілік баршаңызға алғыс айтамыз🙌
gov.kz
talgat
#кокталканал #аманатпартиясы #жамбылоблысы #жанайқайымыздыестідіңіздер
28/04/2023
🗓27.04.2023ж
МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСТІК
🔰Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы алаңында ҚР Ұлттық экономика министрі Алибек Қуантыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Шүкіжанова, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Бапаев Өңірлік Кеңес мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал басшылары да қатысып, мемлекеттік бағдарламалар, қаржыландыру мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдай алды.
Орта бизнеске қойылған жұмысшылар санына шектеуге қатысты айтты, моноқалаларға жеңілдетілген несие қарастыру, кооперация құрудағы қиындықтар, сенімгерлік басқару объектілерін индекстеу, салық салу режимі бойынша, қосылған құн салығын төмендету бағытында бірқатар мәселелерді кәсіпкерлер көтерді.
Астаналық меймандар бұл сұрақтарды хаттамаға енгізіп, алдағы уақытта жұмыс тәртібінде қарастырылатын, сондай-ақ Мәжіліс отырыстарында көтеретіндерін айтты.
#ПалатапредпринимателейЖамбылскойобласти
#Өңірліккеңес
#Министрменкездесу
#Іскерәйелдеркеңесі
#Байзақіскерәйелдері
27/04/2023
✅ZHEIF ZHAMBYL 2023
Тараз қаласында өткен халықаралық форумдамыз.
✅Байзақ ауданының іскер ханымдарының жетекшісі ретінде бірнеше В2В кездесулерге қатыстым.
✅ Байзақ ауданынан өндірушілер Ассоциациясының мүшелері өз өнімдерін ЛТК, ОСОП көрмелеріне алып шықты.
#осоп #лтк
24/04/2023
✅Бүгін ЖО Іскер әйелдер кеңесі мен Облыс басшысы Н.М.Нұржігітов мырзамен кезекті кездесуін өткіздік.
✅Кеңес ішінен құрылған әр Ассоциация төрайымдары жаңа жобаларды ұсынды.
✅Өткен кездесуде көтерілген мәселелерідің шешілмей тұрғандарын қайта қаттамаға енгізді.
#іскерәйелдеркеңесі #әкімменкездесу
21/03/2023
КӨКТЕМ⚘🌱🍀🌷
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков мырзамен "Сахпоселек" тұрғындарының Мерекелік іс-шарасына шақыруына келдік.
Іскер әйелдер қазан асып, қолөнер бұйымдарын көрмеге қойды.
Көктем келіп, көкке ілінуіміз құт-берекесімен болсын👏
#көктем #сдж #наурыз
27/02/2023
24/02/2023
20/02/2023
with .repost
• • • • • •
AWE әйелдер кәсіпкерлігі бағдарламасының қатысушылары бағдарлама менторлары болып келетін табысты кәсіпкерлер және Атамекен Іскер әйелдер Кеңесінің мүшелерімен танысуды бастап жатыр. Бүгінгі дәрістің қонағы - Гүлсім Елешова. Тараз қаласындағы қатысушылардың болашақ менторы. Гүлсім ханымның жоғары журналистік білімі бар. 2007 жылы ОҚО, Шымкент қаласында Халықаралық Гуманитарлы-Техникалық Университетін қызыл дипломмен аяқтаған. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін «ASIMUS» Жеке Кәсіпкерлігін, яғни ортопед матрас және жиһаз өндірісін басқарады. "Отандық өнім" Ұлттық өндірушілер Ассоциациясының президенті. Өндіріс иелерін дамыту мен қолдауды қолға алған. Кәсіпкер әйелдермен өзінің 14 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, тегін шеберлік сабақтарын өткізеді. Дәрістің соңында қатысушы арулармен Тараз қаласында жоспарланып отырған оффлайн кездесу жайында да сөз қозғалды.
#менторство #ментор #жамбылментор #таразментор #гульсимментор #гульсимелешова #әйелкәсіпкерлер #әйелдергекеңес #қазақшатренинг #қазақтілдітренер #бизнестренер #қазақтілі #қазақшакәсіп #қазақшакәсіпкерлікмектеп
18/02/2023
Фото от клиента✅
Спасибо за ваши фотоотчеты👍
Ортопедические матрасы Asimus, в наличий все размеры