02/06/2026
🤝 Qozog‘iston og‘ir atletika federatsiyasi vitse-prezidenti O‘zbekiston og‘ir atletika federatsiyasida mehmon bo‘ldi
Qozog‘iston og‘ir atletika federatsiyasi vitse-prezidenti Jambulat Ziadin O‘zbekiston og‘ir atletika federatsiyasiga tashrif buyurdi. Mehmonni O‘zbekiston og‘ir atletika federatsiyasi raisining birinchi o‘rinbosari Shaxrillo Maxmudov qabul qildi. Uchrashuv davomida ikki qardosh mamlakat o‘rtasidagi sport sohasidagi hamkorlik aloqalarini yanada rivojlantirish va mustahkamlash masalalari muhokama qilindi. Tomonlar og‘ir atletikani yanada rivojlantirish, terma jamoalarning xalqaro maydondagi raqobatbardoshligini oshirish hamda istiqboldagi yirik musobaqalarga birgalikda tayyorgarlik ko‘rish bo‘yicha fikr almashdilar. Shuningdek, ayni kunlarda O‘zbekistonda o‘tkazilayotgan qo‘shma o‘quv-mashg‘ulot yig‘inlarining samaradorligi alohida e’tirof etilib, bunday yig‘inlarni kelgusida xorijiy mamlakatlarda ham tashkil etish yuzasidan takliflar ilgari surildi.
—
🤝 Қазақстан ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Өзбекстан ауыр атлетика федерациясында қонақ болды
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Жамбулат Зиадин Өзбекстан ауыр атлетика федерациясына ресми сапармен келді. Қонақты Өзбекстан ауыр атлетика федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Шахрилло Махмудов қабылдады. Кездесу барысында бауырлас екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық байланыстарын одан әрі дамыту және нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар ауыр атлетиканы дамыту, ұлттық құрамалардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ алдағы ірі жарыстарға бірлесіп дайындалу бағыттары бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Өзбекстанда өтіп жатқан бірлескен оқу-жаттығу жиындарының тиімділігі ерекше атап өтіліп, мұндай жиындарды келешекте шетел мемлекеттерінде де ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Айта кету керек, соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан ауыр атлетика федерациялары арасындағы ынтымақтастық байланыстар жүйелі түрде дамып келеді. Екі елде тұрақты түрде бірлескен оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып, спортшылар мен жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасу жолға қойылған.